Сюжеттік – рольдік ойын: «Емханада»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Дәрігердің қабылдауында»
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын тереңдету. Сөз бен сөйлем мәдениетін меңгеру. Тілге деген қызығушылығы мен құрметің арттыру.
Сабақтың барысы: Балалар қазақ тілі бөлмесіне жайғасады.
Мұғалім: Балалар, сәлеметсіңдер ме!
Балалар: Сәлеметсіз бе, мұғалім
Мұғалім: Балалар қараңдаршы мына терезеге. Не байқадыңдар?
Балалар: Терезеден күннің көзі түсіп тұр.
Мұғалім: Балалар қане орнымыздан тұрып амандасып алайық.
Балалар: /Әр тақпақ жолы іс - әрекеттермен қайталанады/
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Көк аспан!
Армысың, Асыл жер!
Армысың, ардақты достарым!
Мұғалім: Балалар орындарына отырыңдар. /Осы кезде балалардың көңілін үсті жабылған үстел үстіне аударамын/
Балалар, қараңдаршы мына жерге біреу дастархан жауып қойыпты. Не бар екенің көргілерің келе ме?
Балалар: Иә, Марзия Жакиевна.
Мұғалім: Ендеше біз бірінші «Танысып алайық» - ойының ойнайық. Мен бастаймын, сендер жалғастыруларын керек.
Балалар: Жарайды.
Мұғалім: /Бірінші орындықта отырған балаға қарап/
- Сенің атың кім?
- Тегің кім?
- Жасың нешеде?
- Қалың қалай?
- Қайда тұрасың?
- Сен кімсің?
- Әкеңнің аты кім?
- Анаңның аты кім?
Бала: Менің атым Саша
Менің тегім Байшакова
Жасым бесте
Қалым тамаша
Қарағанды қаласында тұрамын
Мен қыз бала.
Әкем аты Андрей
Анам аты Наташа
/Осылай бір – бәріне сұрақ қойып жауап алып жалғастыра береді./
Мұғалім: Ой, балалар қандай тамаша, біз танысып алдық. Енді айтыңдаршы қандай мамандарды білесіңдер?
Ойын: «Мен суреттен көрсетем, сендер аттарын атандар»
Мақсаты: Балалар мамандар атың білу керек және әр мамандар иесінің не істейтінің қимылмен көрсетіп отырады.
Мұғалім: Ал, еді мен дастарханда ашып көрейін. Ашамын. Ой, мынау, сендер айтқан дәрігер үстелі ғой. Мына жерде хат жазылыпты. Дәрігер апайымыз – сендер дәрігер ойының ойнай аласыңдар ма? – депті.
Балалар: ойнай аламыз.
Мұғалім: Бәрін қазақ тілінде сөйлеу керек – депті. Қалай сөйлейміз бе? Дұрыс сөйлесеңдер, сендерді тосын сыйлық күтіп тұр дейді. Қалай тосын сыйлықты алғыларың келсе, ойнап көрейік.
Балалар: Ойнаймыз.
Мұғалім: Қане ендеше, бірін дәрігер, бірін науқас болыңдар.
/Дәрігер өз бөлмесінде отырады. Есік қағылады/
Науқас: Кіруге бола ма?
Дәрігер: Болады. Кіріңіз. Отырыңыз.
Науқас: /кіреді/ Сәлеметсіз бе, дәрігер апай!
Дәрігер: Сәлеметсіз бе! Қай жеріңіз ауырады?
Науқас: Басым ауырып, қызуым көтеріліп тұр.
Дәрігер: Шешініңіз
Науқас: /шешінеді/
Дәрігер: Қане қысымыңызды өлшейін. Қызуыңызды өлшейін, Тамағыңызды қарайын.
Науқас: дәрігердің айтқаның бәрін істейді.
Дәрігер: Дем алыңыз, дем алмаңыз
Науқас: дем алады. Демін ішке тартады
Дәрігер: Киініңіз
Науқас: киінеді
Дәрігер: /жазу жазады/ Мына дәрілерді алып ішіңіз. Екі күннен соң тағы келесіз.
Осылай 4 - 5 бала ойнап қайталайды.
Мұғалім: Балалар, сендерге рахмет, қараңдаршы мына жерде сандық пайда болды. – деп келесі үстел үстінен сандықты көрсетеді. Сандық ашылып ішінен балаларға бір – бір қаламнан таратылады.
Балалар, сендер үлкен болып өскенде кім боласыңдар?
Балалар: жауап айтады.
Мұғалім: Осымен сабақ аяқталды, сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз, мұғалім.
Емханада - сюжеттік рольді ойын
- Marzia
- 14 желтоқсан 2015
- 4090
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Емханада сюжеттік рольді ойын, бала бақшада
Ұқсас жаңалықтар:

Мамандар
Ұйымдастырушылық - ізденушілік Сюжетті сурет бойынша мамандардың түрлерімен таныстырады (дәрігер, аспазшы, құрылысшы, мұғалім, тігінші, шаштаразшы,...
Мамандықтың бәрі жақсы
Көлік, мамандық туралы білімдерін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешіп, тақпақ айту арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік...
Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі керек
Мақсаты: Үлкендердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту, құрметтеуге, бағалауға үйрету. Сүрет бойынша «Мен кім боламын?» әңгіме құрастыру. Еңбекке...
Мамандықтың барі жақсы
Мақсаты: әр мамандық иесі туралы, олардың пайдаланатын құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Мамандық атаулары туралы мағлұмат бере отырып,...
Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері
Мақсаты: Балаларға тазалық туралы түсінік бере отырып, жеке гигиеналарын сақтауға дағдыландыру. Денсаулық - басты байлық екенін ұғындыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.