«Күн дидарлы - Қазақстан»
/ тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік/
Кубденова Жанылсын Сабитқызы
Атырау қалалық №20 «Алтын балық»
мүмкіншілігі шектелген балаларға
арналған балабақшасы тәрбиешісі
Мақсаты: Балаларға еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру.
Қоршаған ортамен таныстыруды жалғастыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыруды жалғастыру және құрметпен қарауға дағдыландыру. Отанға сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру, зейінін тұрақтандыру. Балалардың сөздік қорын, қимыл - қозғалысын жетілдіру.
Көрнекі құралдар: Орман көрінісі, мемлекеттік рәміздер, кеме макеті
Әдіс – тәсілдері: көркем сөз оқу, ән айту, жалпы жетілдіруші ойындар
Зал мерекеге сай безендірілген. Төрде кеме макеті, теңіз толқыны бейнеленген. Бір жағында «Ғажайып орман көрінісі бейнеленген. Балалар сол кемеге алдын - ала орналасып, сахнаның артында болады.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, ұстаздар және балалар! Бүгінгі өтілгелі отырған
«Күн дидарлы - Қазақстан» атты тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігімізге қош қелдіңіздер!
Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем»
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
Біз Қазақстан ынтымағы жарасқан, бейбітшілікті қалайтын, қонақжай халықпыз. Осындай тілекті біздің туымыз бен елтаңбамыз көрсетіп тұр.
I - бала (туды ұстап тұрып)
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы
II - бала (елтаңбаны ұстап тұрып)
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Жүргізуші: Біздің балалар бұған дейін көптеген қалалармен танысып біліп жүр. Бүгін мереке күні
«Ғажайып аралға»саяхатқа шыққалы отыр.
Ал балалар кемеге жайғасайық.
Капитан:- Зікірді судан алыңдар!
- Тура алға жүземіз!(кеменің даусы шығады!)
Тосыннан кеменің астынан Су патшасы шығады.(Кемені шайқап суға батырмақшы болады.)
Су патшасы: Сендер қайда жүзіп бара жатырсыңдар? Жібермеймін.
Жүргізуші: Тоқтаңыз, Сіз кім боласыз?
Су патшасы: Мен, Су патшасымын, Сендер кімсіңдер?
Жүргізуші: Біз «Алтын балық» балабақшасының бөбектеріміз, біз саяхатқа шығып барамыз.
Су патшасы: «Алтын балық»Менің балығым неғып жүр?
Жүргізуші: Сіз дұрыс түсінген жоқсыз. Біздің балабақша «Алтын балық» деп аталады. Біз бәріміз тату доспыз, батыл да батыр балалар саяхатқа шығып бара жатырмыз.
Су патшасы: Ой бәрекелді. Мен риза болып қалдым. Менің алтын балығымның атындығы болса, онда мен сендермен тату тәтті боламын. Қазір - ақ сендерді
«Ғажайып аралға»жеткізейін.
(Шапанын айналдыра кемені айналып шығады.)
Капитан: ЖЕР! ЖЕР!
(Балалар кемеден жерге түседі)
Жүргізуші: Су патшасы, сіз бізге көмектестіңіз. Тез жетуге жағдай жасадыңыз. Қандай бұйымтайыңыз бар?
Су патшасы: Сендер бейбітшілік, бәріміз доспыз деп жатырсыздар, сол Достық деген не?
Жүргізуші: Достық туралы біздің балалар айтсын.
Ән «Достық»
Су патшасы – Иә, менде өз патшалығымда дос болуды жариялайын, сау болыңдар.
(Су патшасы ризашылығын білдіріп, суға түсіп жоқ болып кетеді.)
Жүргізуші: Балалар! Қандай қалың орман, бұл жерде аң құстар көп болуы мүмкін. Байқап жүрейік
(Тосыннан түлкі шығады.)
Түлкі: Ой, балалар сендер қайдан келе жатырсыңдар.
Жүргізуші: Біздер жер шарын аралап келеміз. Бүгін біздің Отанымыздың туған күні, Отанымыздың кеңдігін өз көзімізбен көргелі саяхаттап жүрміз.
Түлкі: Балалар сендер Отан, кең байтақ дейсіңдер ғой, Отан деген не өзі, жейтін зат па? Тәтті ме?
Жүргізуші: Жоқ, жоқ ол тамақ емес. Сенің Отаның мына ну орман, ағаш, су, тас, достарың т. б
Біздің де сондай Отанымыз бар. Балалар айтыңдаршы қалай аталады?
Балалар: ҚАЗАҚ СТАН!
Түлкі: Жарайды түсіндім. Кім Отан туралы тақпақ біледі?
(Балалар Отан туралы тақпақтар айтады.)
Түлкі: Жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер. Бірақ мен сияқты билей алмайсыңдар.(билеп кетеді)
Жүргізуші: Қателесесің түлкі Біздің балалар өнерлі олар мың бұралып билей де алады. Қазақтың ұлттық биі « Домбыра»биін тамашалаңыздар
(Қыздар тобы би билейді)
Түлкі: Өнерлі екенсіңдер, мені жеңдіңдер. Сау болыңдар.(қоштасып кетеді)
(Тосыннан маймыл шығады, балаларды қытықтайды)
Маймыл: Неғып жүрген балаларсыңдар? Сендер мен сияқты епті емессіңдер, жылдам емессіңдер.
Жүргізуші: Жоқ маймыл, сен олай мақтанба. Біздің балалар келешек Отан қорғаушы сарбаздар, олар күнде өздерін шыңдап, жаттығады.
Маймыл: онда менімен жарысып көресіңдер ме Кім епті екен?
Ойын «Кім жылдам»(Себетке бананды тасып толтырады, маймыл қалып қояды)
Маймыл: Ой, балалар епті екенсіңдер, риза болдым. Мына орманымның сыйын қабыл алыңыздар.(банандарын сыйға тартып, қоштасып кетіп қалады)
Музыка әуенімен аю шыға келеді
Аю: Бұл не шу? Неге менің жерімді таптап жүрсіңдер? Сендерге кім рұқсат берді?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта Аю ата Сәлеметсіз бе Менің жерім деп қоймадыңыз ғой. Біздің де жеріміз бар. Аю атаға айтыңдаршы қалай аталады!
Балалар: ҚА - ЗАҚ СТАН!
Жүргізуші: Біздер саяхат жасап жүрміз. Сізде біздің жеріміз туралы біліңіз. Балалар сізге тақпақтар айтып береді
Аю:- Рахмет Мен сендерді қате түсініппін. Менің жерімді тартып алайын деп жатыр екен деп ойладым.
Жүргізуші: Демалыңыз Аю ата
Сіз өз орманыңызды, жеріңізді қорғауыңыз дұрыс. Біздің де өз сарбаздарымыз бар. Келешекте өз Отанын қорғайды. Әне өздері де сақадай сай тұр.
Би «САРБАЗДАР»
(Аю риза болып қоштасып кетеді)
Жүргізуші: Балалар біз біраз қыдырып сергідік. Ғажайып орман тұрғындарымен таныстық. Кездескен қиындықтарды сендердің достықтарыңның арқасында жеңе білдік. Осы игі қасиеттеріңіз бойларыңызда қалсын. Туған жерімізге оралайық.
Балалар кемеге жайғасады.
Капитан: Зікірді судан алыңдар(Кеме қозғалады, балалар орында толқындап қозғалып отырады.)
Жер, Жер (Барлығы кемеден түсіп жарты шеңберге тұрады).
Жүргізуші: Балалар бүгінгі мерекемізді Қазақстанымыз гүлдене берсін деп әнімізді жалғастырайық.
Ән «Ағайынбыз бәріміз»
Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар бейбітшілік құсы көгілдір аспанымызда еркін ұша берсін. Қазақстаның тәуелсіздігі мәңгілік болсын!
Күн дидарлы - Қазақстан
- ramuk_b
- 10 желтоқсан 2015
- 3837
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік, бала бақшаға арналған тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
"Тұғыры биік Елбасы"
Мақсаты: Балаларға «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, Елбасының жасаған еңбектері туралы айтып беру. Отанға, туған жерге деген...Ана тілім - ардақтым
Жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Өнердің түскен жолына, Жас досым саған мың сәлем....Туған күнді тойлаймыз
№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасы саз - іс әрекеті маманы: Ғилажова Лариса Байболатқызы...«Қазақ елім- Отаным»
Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.