Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Саға ауылы, «Мөлдір» балабақшасы
тәрбиешілері: Тлеубаева Ақбөкен Амангелдіқызы
Бұрханова Райля Биғазизқызы
Тақырыбы: «Наурызым – бақытым, шаттығым.»
Мақсаты: Балаларға Үлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Отанын сүюге, патриоттық рухты және ұлттық салт - дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу. Ұлттық сана - сезімін ояту.
Көрнекіліктері: Ұлыстың ұлы күніне арнаулар, интерактивті тақта арқылы суреттер.
Жүргізуші: Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз, - Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз. - Үй дастархан думанымыз, сахнамыз, - Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз. (Ортаға наурыз қыз шығады)
Наурыз қыз: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған,
Мұнда біз бар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар,
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңыздар!
- Бүгін біздің ата - әжелеріміз көрші ауылға қонаққа кетті. Бастаңғы жасаймыз ба?
- Бастаңғы, бастаңғы жасаймыз. Қыздар, жігіттер жүріңдер бастаңғы жасаймыз.(музыка әуенімен ұл - қыздар кіреді. Үстелдің жан - жағына отырады)
Жүргізуші: Ал, балалар тұрмайық,
Әндетейік, шырқайық,
Думандатып би - билеп,
Інжу - маржан шашайық.
Келген қонақ таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық - деп бүгінгі ертеңгілігімізді тақпақтармен жалғастырайық!
1 - бала С. Айару
О, жарандар, жарандар,
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды,
Бәрің мұнда қараңдар!
2 - бала І. Нұрайым
Күн мен теңеледі
Жер шуаққа кенеледі
Соны тойлап ел енді
Наурыз - көктем басталды.
3 - бала Ж. Айым
Салт - дәстүріміз жарасса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той - тойлайық тамаша.
Көрініс «Күн мен түн»
Күн: Сәулесі мол күнмін
Түн: Жұлдызы мол түнмін
Екеуі бірге: Бірдей болып біздер, теңелерміз бүгін.
Түн: Ал ертең күн ұзақ
Күн: Түн қысқа бірақ
Екеуі бірге: Ұйқыларың қанбай, жүрмеңдер жылап.
4 - бала М. Айару
Ал балалар келіңдер,
Той қызығын көріңдер
Наурыз тойға бас иіп
Күнге сәлем беріңдер!
5 - бала Ж. Мерейлім
Ақ түйе қарны жарылды,
Наурызды елім сағынды.
Асыққын сенде сол тойға
Барлық жұрт мұнда ағылды
6 - бала М. Санжар
Тақпақ айтам жыл басы
Құлағыңды сап тыңдашы
Бар бөбекке өзіңдей
Тыныш өмір сыйлашы
7 - бала А. Назар
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз
Ән салып жас кәріміз
Би - билейік бәріміз
Би «Сүгір - ай»
Ойын «Қыз қуу»
Жүргізуші: Айтыссыз мына өмірдің несі көктем
Айтыс десе қазекемнің есі кеткен
Ақынның тауып айтқан өткір сөзі
Көкейінен тыңдаушының тесіп өткен – дей келе айтыс десе делебесі қозбайтын қазақ барма қане ортаға айтыскерлерімізді шақырайық.
1 - бала: Ата – баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз
Айтыс десе тіл қышып
Қыздар іздей бастаймын
2 - бала: Біржан болып сен келсең
Ақын Сара мен болам
Сәйгүлік сен шапсаң
Аққу құсың мен болам
1 - бала: Бармаймын деп бақшаға
Жылауыңды қойдың ба
Көтерші деп арқаға
Сұрауыңды қойдың ба
2 - бала: Ерке қызбын білесің
Бірақ кімге күлесің
Кәмпит сұрап өзіңде
Күнде жылап жүресің
Барлығы: Сөз өнерге шөліркеп
Рахаттана бір жұтқан
Қоштасайық халықпен
Ақындарын пір тұтқан.
Би «Асатаяқ»
Алдар көсе кіреді:
Мен Алдармын Алдармын
Жамандарды алдармын
Жақсылармен дос болып
Алда десең алдармын – Уа, халайық есек сатамын, бағасы арзан өзі дәмді, өзі жылдам жүреді.
Бай: Ей, Алдар сен есекті қаншаға бағалайсың
Алдар көсе: Екі мың теңгеге бағалаймын
Жүргізуші: Алдар көсе байеке саудаласқандарыңды қойыңыздар, бүгін бізде мереке болып жатыр. Одан да балалармен ойын ойнаңыздар!
Ойын демекші күшімізді сынамаймыз ба байеке?
Ойын «Аударыспақ»
Әже кіреді: Дәмнен асқан не нәрсе бар жалғанда
Кім боламыз оны ұмытып қалғанда
Шашу – шашып бауырсақтан мінекей
Дәм татыңдар ал халайық жалғанда.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын Аспанымыз ашық Еліміз тыныш болсын!
Наурызым бақытым шаттығым!
- лалагул
- 26 қараша 2015
- 3170
- 0
- 20
Ілмек сөздер: Наурызым бақытым шаттығым, наурыз мерекесі балабақшада
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдін, Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;...Наурыз – жыл басы
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз айы құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге жылдан үміт...Наурыз - думан
Мақсаты: Балалардың Наурыз мейрамы туралы түсініктерін арттыру, ой - өрісін дамыту. Халқымыздың салтын, әдет – ғұрпын құрметтеп, өнегелі, өнерлі...Ұлыстың ұлы күні (мектеп пен бала бақша сахнасына)
Авторы: Ақылбек Шаяхмет Ұлыстың ұлы күні (мектеп пен бала бақша сахнасына)...Қош келдің, Әз - Наурыз!
Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінің Нау – жаңа, рыз – күн деген сөздерінен шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.