Мақсаты:
1. Педагогтар арасында қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
2. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік, сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық құндылықтарын
ұсынуға көмектесу.
3. Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір - бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1.”Сәлемдесу”
2. Ой жинақтау
3. «Рөлге ену» жаттығуы
4.” Зейінді зерделе
5. Сергіту сәті
6. «Сурет салайық» жаттығуы
7. Релаксация
8. «Тілек тілеу»
ІІІ Қорытынды
7.”Тілек тілеу”
І. Кіріспе бөлім:
«Сәлеметсіздер ме, қымбатты әріптестер!
Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының жоғарғы формасы - ұжым. Ұжым – ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін
А. С. Макаренко анық та толық айтып берді. Ұжым дегеніміз - жеке адамдардың өз алдына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар кешен. Құрметті тренингке қатысушы қызметтестерім, Сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Көңіл - күйлеріңіз қалай?
1. «Сәлемдесу»
Мақсаты: Өзін таныстырып, өз бойындағы жағымды қасиетін айтуға үйрету.
• Шарты: 1. оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз. арқаларыңызды тигізу арқылы
Тренингке қатысушылар шеңберге тұрып, өз есімдерін атап, осы есімінен басталатын қасиетін айтады.
2. Ой жинақтау
Логикалық тест:
Қай жануарды бірінші байқадың???
ПІЛ - Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен - өзіңіз табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.
ЖЫЛҚЫ - Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.
ИТ - Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.
МАЙМЫЛ - Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.
МЫСЫҚ - Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.
ТЫШҚАН - Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым - қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.
3. «Рөлге ену» жаттығуы
Шарты: А) Ал енді мен сендердің көз алдарыңа елестетулеріңді сұраймын. Жан - жағымызға қараймыз. Көзіңе алғашқы түскен затты таңда. Ол үстел, орындық, шам, есік, кітап, сөмке болуы мүмкін. Ол зат бұл бөлмеде жоқ та шығар. Олай болса, сол затты таңда. Сіздер сол затқа айналуларыңыз қажет. Іштей дайындалу үшін 30 секунд уақыт беріледі. Ойыншылар кезекпен жасырған затты бейнелеп, белгілі бір қалыпта қатып қалады, қалған қатысушылар оны табулары қажет.
Ә) Достық қиындықта көрінеді
Б) Өз қуанышыңызды ұжыммен бөлісіңіз
4. Зейінді зерттеп зерделе
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау:
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Жұмыс уақыты - 2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.
Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.
Воаролпбоаағашщолдддавпосабақегшщкештопырақлвоадлаопқаламоплдроргжұлдызррпполнардәптераолвранепедгогаррпллкнқарындашрномтвпдкнарвмезгілпанкралаәдіскернппррппапапармлвгаралбізппдпгврасидопаныиисиойыншыққнарытбақаларгпопомашинарпоплжазнврпщстпыпартаовлыгнккітапагынкртартренингролвдыгатанымлзегкнегүлгнкеупиакүнарларвистчбясағатрвн
5. Сергіту сәті
6. «Сурет салайық» жаттығуы
Жүргізуші: «Қолыңызға парақ алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.
Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішкентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі - үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып салыңыз.
Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»
Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде - кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол тренинг барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған
7. Релаксация
Көзімізді жұмып, терең дем алып, еркін тыныстайық. Жайма шуақ көктем мезгілі, күн жып - жылы, нұрын шашып тұр. Жылуын шашқан күн нұры аяғымызға түсіп, бүкіл тұла бойыңызды жылулық кернеп алды. Барлығымыз далаға шығамыз.
Далада ағаштар жапырақтарын жайқалтып, гүлдеп жасыл желекке айналған. Әрбір ағаштың жанынан өткен сайын жасыл жапырақтың иісін сезінесіз, қызғалдақтардың арасында келе жатырсыз. Екі қабатты автобус күтіп тұр, автобусқа мінесіздер де қала аралауға саяхатқа шығасыз. Әсем қаланы аралап келесіз. Қаланың әдемілігіне көзің тоймайтын керемет сезімдесіз. Әсем қаланың орталығында орналасқан әмбебап дүкеніне кірдіңіз, дүкеннен өзіңізге ұнаған бір затыңызды сатып алдыңыз. Кері автобусқа мініп, әсем әуенмен бойыңызды сергітіп, көкірегіңіз шаттыққа толы жүзіңізбен оралыңыз. «Мен салмақтымын, төзімдімін, қиындықты жеңіп келемін, келешекте мені жақсы күндер күтіп тұрғанына сенімдімін» деп өзіңізге айтыңыз.
Терең дем алып, көзімізді ашайық.
8.«Тілек тілеу»
Нұсқау: күннің бөлшектерін қолдарына алып, тілектерін айтып, тақтаға жапсырып, күннің суретін құрау.
Біз-бір командамыз (тренинг)
- Sabina_Karla
- 21 қараша 2015
- 4664
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Балабақша психологына көмек, тренинг сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Педогогтарға арналған психологиялық тренинг
Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу....Мінез – адам көрсеткіші
Міндеттері: - Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету; - Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;...Зейінді дамыту, ойлау қабілетін арттыру
Мақсаты: Педагогтардың арасында өткізілу барысында олардың зейіндерін дамыту, әрі қарай ойлау қабілеттерін арттыру, бойды сергіту, т. с....Тренинг: Еңбектің наны тәтті
Адам жанын түсіне білу оны зерттей білу - үлкен өнер. З. Фрейд «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дегендей адам баласы мектеп бітіргеннен кейін, өзі...Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
Мақсаты: Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.