Оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы
Ортаңғы топ «Сәулетай»
Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу, Жапсыру.
Тақырыбы: «Қазақтың салт - дәстүрі, Бесікке салу»
Мақсаты: Балаларды өз елінің дәстүрі және өмірімен таныстыру. Балаларды өз елінің салт - дәстүрін білуге құштарландыру, сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру, балаларды өз елінің сұлулығына қызықтыру, өз елінің салт - дәстүрін құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сөздік қоры: бесік, сәби, бесікке салу,
Технологиялық қамтамасыздандыру және жабдығы: суреттер, презентациялар, ноутбуктар.
Билингвальдық компоненті: бесік - колыбель, сәби - ребенок, әже - бабушка, кесе - пиала.
Тәсілдер кезеңдері
Мұғалімнің іс – әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы
- Сәлеметсіздер ме!
- Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір - бірімізге «Қайырлы таң» тілейік.
- Қайырлы таң, Арина!
(Шеңбер бойымен балалар бір - бірімен күліп амандасады)
Күндей жарқырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Бүгінгі оқу әрекеттерімізді бастайық. Балалармен қимылмен орындайды.
Іздену – ұйымдастырушы
- Балалар, біз сендермен бүгінгі сабақта қазақ халқының салт - дәстүрімен танысамыз.
- Сендер қандай дәстүрлерді білесіңдер? Презентацияны балаларға көрсету арқылы, сабақты қысқаша түсіндіру.
Презентация
Балалар, бізге ауылдағы әжемізден хат келіпті.
Кәне, хатты оқиын:
Құрметті, балалар, менің немерелерім! Мен сендерді қатты сағындым! Сағыныштан сарғайғаннан, мен сендерге қонаққа келе жатырмын. Менің немерелерім, жандарым сол, бір - екі күннен кейін мен сендердің жандарыңда боламын! Сағынышпен сендердің әжелерің!
Әже. Сәлеметсіңдер ме, балалар.
О, құлыншақтарым мен сендерді қатты сағындым.
Әже сіз қандай қазақ салт - дәстүрін білесіз?
Қазақ халқында салт - дәстүрлер коп қой, қарақтарым! Әже дәстүрлерді атайды.
Әже сіз немерелеріңізге бір қазақ дәстүрін көрсетіп беріңізші?
Оу келінжан, көрсетсек, көрсетейік.
Музыка қосу «Әлди - әлди бөпешім»
Мен әрине өз немерелеріме дәстүрлерді көрсетемін. Бесікке салу дәстүрін көрсетейін.
Әже баланы бесікке салып көрсетеді.
Бесікті адыраспанмен аластайды.
Алас, алас баладан алас.
Иесі келді, пәледен көш
Алас, алас баладан алас.
Көзі жаманның, көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас.
Қырық қабырғасынан алас
— Әдемі, сұлу болсын деп, басына айна мен тарақ жастайын. Көзден сақтасын деп, тұмар байлайын. Қамшыдай өткір болсын деп басына қайшы жастайын.
Түбекке тәттілер салып қонақтарға үлестіреді.
- Жаңа туған сәбиді қазақ халқы бесікке бөлейді. Бесік киелі зат. Бесікке бөленген бала таза, ұйқысы шала емес болып, өседі.
Кәне балалар, бәріміз қосылып, жаңа туған сәбиді ұйықтату үшін «Әлди - әлди, ақ бөпем» әнін айтып берейік.
Сергіту сәті: «Көңілді күн» презентация қосу.
Ал, балалар, сендер демалдыңдар,
Енді біз алыстан келген әжемізге сыйлық істеп берейік.
Кәне орнымызға отырамыз.
Әжеміз шәй ішу үшін біз оған оюлы кесе жасап береміз.
Немерелерім, сендерге көп рахмет!
Ал, балалар шаршап қалғансыңдар, кәне сендермен «Ханталапай» деген ойынды ойнаймыз.
«Ханталапай ойыны»
Екі баладан шығарып асықтарды жинату. Кім көп асық жинаса, сол жеңіске жетеді.
Қызығушылық танытады. Сұрақтарға жауап береді. Суретпен жұмыс жасайды. Сұрақтарға жауап береді
Рефлексивті – коррекциялаушы
Іс - әрекетті қорытындылау.
Балаларға сұрақтар қою.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Балалар салт - дәстүрлермен қысқаша таныса отырып, бесікке салу дәстүрін жетік меңгереді.
Түсінеді: мазмұнын жақсы түсінеді, әңгімелейді, тыңдайды.
Қолданады: кітапшаларды, слайдтарды, суреттерді, компьютерді.
Қазақтың салт-дәстүрі, бесікке салу
- amina888
- 20 қараша 2015
- 9683
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бесікке салу, қазақтың салт дәстүрі, бала-бақшадағы сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Бесікке салу жоралғысы
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан...Бесікке салу дәстүрі
"Бесікке салу" ежелден келе жатқан қазақтың көне дәстүрі. Ол қалай жүргізіледі, кімдер қатысады, не қойылады, осы жайлы толығырақ оқыңыз....Наурыз мейрамы дәстүрлі мереке
Алматы қаласы, №118 бала - бақша тәрбиешісі Шаймуханова Алия Бекенқызы...Бесік жыры
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тілеубаева Салтанат Рахатқызы...Салт-дәстүр – асыл қазына
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.