8 - наурыз мерекесі
Тәрбиеші:
Құрметті аналар, апайлар, балалар, 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Ана десем, алғыс алам халқымнан
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар.
- Ардақты аналар мерекелеріңіз құтты болсын!
Отбасыларыңызға құт - береке, бірлік, деңдеріңізге саулық тілейміз.
- Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана.
Тәрбиеші: Әрине, бұл біздің аналарымыз. Ана - перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық:
Ерасыл: Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар!
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті апа - аналар.
Мирас: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Думан: Құшағына кіргенде
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күніңде
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!
Камила: Мерекені қарсы алып,
Мәз болады барша жұрт,
Гүл ұсынып анаға,
Бердім өзім ән салып.
Ердәулет: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де!
Нұрасыл: Ана - біздің күніміз,
Ана – біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Мариям: Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
(Залда орындық үстінде сырты күміспен қапталған сандықша тұрады)
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бұл жерде сандықша тұр екен. Қане, ашып көрейікші. Мына сандықшаның үстінде ақ конверт бар екен, соны ашып оқып берейін:
«Сәлеметсіңдер ме, аналар, балалар, апайлар! Бұл хан сарайынан келген сандықша. Сандықшаны ашу үшін ұйымдастырылған ойынды ойнап, сұрақтарына толық жауап беру керек. Бұл ойынға аналар мен апайлар ғана қатысады. Ең ақылды, жылдам, шапшаң, өзің жақсы көрсеткен, тапсырмаларды толық орындаған ана ғана, сандықшаны аша алады».
Тәрбиеші: Ендеше, балалар, аналарымызды ортаға, ойын ойнауға шақырайық.
Ортаға 5 ана шығып, ойын ойнайды.
Ойынның шарты:
Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру. Әр бір дұрыс жауапқа, 1 қадам алға жүріп отырады. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сандықшаға бірінші болып жетеді және сандықшаны ашып, сыйлықты алады.
Сандықшаны ашқанда, ішінен тағы бір ақ конверт шығады. Онда: «Супер игра» деп жазылып тұрады.
Супер игра: «Өз өнеріңді көрсету»
Жеңімпаз анамыз өз өнерін көрсеткеннен кейін, оған сонау хан сарайынан келген сандықшадан алтын алқа беріледі.
Қатысқан аналарға мақтау қағазы беріледі.
Балаларымыздың тағы бір аналарына сыйлығы бар екен, ортаға шақырайық. Балалар өз қолдарынан жасалған сыйлықтарын береді және де ән айтады.
Ән:«Көктем»
Аналарды, апайларды тағы да мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Ата - аналарымызға сөз берейік.
Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жаңа Қима ауылы,
«Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі
Бірімжанова Мейрамгүл Зиядақызы
8-наурыз мерекесі
- Бірімжанова Мейрамгүл
- 3 наурыз 2022
- 11820
- 0
- 20
Ілмек сөздер: 8 наурыз, ана, мереке, 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Бар тілек-Анама
Мақсаты; Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Анаға деген ықылас пен алғыс сезіміне тәрбиелеу. Тақпақтар мен өлеңдер арқылы ой - өрісін, тілін...Аяулы әжемнен үлгі алып өсем мен
Ана десем алғыс алам халқымнан, Ана десем теңіз болам шалқыған. Ана десем ашылады қабағым Ана десем әділдікті ұғамын...."Аналар - күн шуағы"
Мақсаты: Ата - анаға құрмет тәрбиенің ең маңыздысы. Кішкентай кезінен - ақ балалардың бойына соны сіңіруі. Оқушыларға 8 - наурыз аналар мерекесінің...Аналар асыл қазынам
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...Аяулы -анашым
Тақырыбы: «Аяулы аналар»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.