Жетінші сәуір - дүниежүзілік денсаулық күні
Тақырыбы: Дені саудың - жаны сау.
Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салты туралы түсінік беруде, қарапайым ережелерін қалыптастыру, адам денсаулығының қымбаттығын, өмір сұру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Сауықтыру - шынықтыру шаралар арқылы балалардың денсаулығын жақсарту, дене сымбатын жетілдіру, қимыл - қозғалыс дағдыларын дамыту. Балалардың көңіл - күйін көтеру, мәдени - гигиеналық талаптарды орындау, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Методикалық әдіс - тәсілдер:
Түсіндіру, көрсету, көркем сөз, жеке жұмыс, сұрақ - жауап.
Көрнекі - құралдар: гимнастикалық тақтайша, кедергі тақтайша, кілемшелер әр балаға, су, мочалка немесе массаж қолғап.
Жұмыс барысы:
1 Жәй әуенмен балалар біртіндеп ұйқыдан оянып, көздерін ашады.
Төсекте жатып керілу - созылу жаттығулар орындайды ( аяқ, қолын сөзу, жазу, сипалау).
2 Нүктелі массаж: маңдай, бет, көз, мұрын, ауыз қуыс,, қол - саусақтарға.
3 Тыныс алу жаттығулар ( дем алу, дем шығару)
4 Төсектен тұрып кілемшелер( жайма) үстіне гимнастикалық жаттығулар.
1 Оң қолымды жаныма,
Сол қолымды жаныма,
Оң аяқты алдыма,
Сол аяқты артыма,
Қос қанатты жаямыз, Ұшақ болып ұшамыз.
«Қоңыздар» кілемшеге жатып қоңыздар қимылын жасау.
Оңға – солға домалау.
Екі аяқпен секіру.
5 Кедір – бұдыр жолмен жүру. Кілемше үстімен жүру, жүгіру.
6 Сулы, тұзды мата үстімен жүру.
7 Мәдени - гигиеналық талаптарды орындау. Сумен жуыну, қолғаппен
массаж, сүртіну.
8 Көркем әдебиет «Тазалықтың достары».
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы - су дегеніміз осы.
Сабындаған кезінде
Ашытады көзіңді
Бола білсең, төзімді,
Тап - таза етер өзіңді
Тазалықтың досы -
Сабын деген осы.
Ақ мақтадай түгі бар,
Қызыл - жасыл гүлі бар,
Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай,
Тазалықтың досы -
Сүлгі деген осы.
9. Фито терапия: фитошай, итмұрын шырынын ішу.
10. Киіну (жеңіл киімдер).
Жетінші сәуір - дүниежүзілік денсаулық күні
- ramuk_b
- 22 маусым 2015
- 11479
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жетінші сәуір дүниежүзілік денсаулық күніне арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:

Дені саудың - жаны сау
Мақсаты: Денсаулықты сақтау үшін, денсаулық ережелерін білу. «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың – жаны сау»- деген қағидаларды бала бойына сіңіру....
Гимнастикалық орындық
Гимнастикалық орындық үстінде аяқты аяқтың алдына қойып жүруді үйрету Он, сол аяқпен кезек, кезек секіруге жаттықтыру....
Гимнастикалық жаттығулар
А) Гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығуларды жетілдіру. Ә) Акробатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету....
«Көңілді қоңыздар» жаттығуы
«Бейнеу сауықтыру балабақшасы» ММ Аудандық семинар күннің ІІ жартысындағы сауықтыру – шынықтыру шаралары Тәрбиеші: Төлегенова Р....
Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері
Мақсаты: Балаларға тазалық туралы түсінік бере отырып, жеке гигиеналарын сақтауға дағдыландыру. Денсаулық - басты байлық екенін ұғындыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.