Қостанай қаласы, Затобол ауылы ҚМҚК
«Петушок» балалар бақшасының логопед мұғалімі
Валеева Ғалия Сағынбайқызы
Сабақтың тақырыбы: « Р дыбысын автоматизациялау»
Сабақтың мақсаты:
1. «Р» дыбысын жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде анық айтуға машықтандыру.
2. «Р» дыбысын басқа буын, сөз, сөйлем ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету.
3. Ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: топтық қорытынды сабақ
Көрнекілігі: «Р» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар суреттері, айналар, күшік ойыншығы, түрлі суреттер, ойын тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
- Сәлеметсің бе Айгүл, Сәлеметсің бе Марат.
- Салеметсіз бе Ғалия Сағынбайқызы
- Мынау кім?
- Күшік
- Оның есімі қалай екен? Ақтөс? Вольт?
- Менің бір ұсынысым бар. Күшікке Р дыбысы бар есім қояйықшы?
- Онда ол Көксерек болсын
- Тамаша, Айгүл Жарайсың
Балаларды кілемге шақырады.
Логопед мұғалім:
- Балалар, күн шуағын шашқанда, біздің көңіл күйіміз қандай болады? (Қуанамыз)
- Біздің түрімізден қалай бақылауға болады?
- Біз жымиямыз, иә? Қане, бір-бірімізге жымиялық.
- Ал егерде бұлттар пайда болып жатса? (Таң қаламыз)
- Бір мезетте найзағай жарқылдады қорқып кеттік
- Енді жаңбыр жауып кетті, біз не істейміз? Көңілміз түсіп кетті. Барлығын мимикамен көрсетеміз.
Логопед мұғалім:
Ал енді біздің көңіліміз көтеріңкі болу үшін біз күнді құрастырамыз.
Күннің пішіні қандай?( Дөңгелек)
Балалар моншақтармен күнді кілемге құрады.
Логопед мұғалім:
Біз тілімізге жаттығулар жасаймыз. Суреттерге қарайды Айнамен жұмыс.
- Мынау не? Шарлар
- Ал мынау?
- Сары маса
- Ол қалай ызыңдайды
- Ал мыналар пілдер отбасы
- Әкесі, анасы, баласы жаттығуды көрсетеді
- Ал мынау тамаша кеме екен
- Құлыншақ сияқты болшы? Қақ таңдайыңды
- Ал енді тістерімізді тазартайық
- Сағаттар да соғып тұр. Тик, так.
Сендер шаршаған шығарсыңдар? Қане барып ыстық шай ішейік. Дем алу жаттығуы «Шайхана»
Саусақ жаттығуы
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Санап көрші қанеки?
Бір, екі, үш
Жинап алдым күш
Ойын «Биік үй» (буын)
Балалар буындарды қайталай отырып биік үй құрастырады. КРА КРО КРУ КРЫ КРЕ
- Қандай үй болды?
- Үлкен, биік.
- Енді қайтадан бұзыңдар АКР ОКР УКР ИКР ЕКР Жарайсыңдар!
Ал енді кілемге барайық. (Сөз).
Логопед алдын ала суреттерге теріс айналдырып қойған, әр суреттің астында сан бар. Қандай сан болса сол сөзді сонша рет қайталау керек.
1. Қарбыз
2. Теледидар
3. Бор
4. Қарға
5. Робот
6. Ара
7. Терезе
8. парақ
9. Қарындаш
10. Арыстан
Кәрзенкедегі заттардың ішінен Р дыбысы бар заттарды алып шелектің ішіне салу.
Күшікпен қоштасу. Балаларды мақтау, мадақтау.
Логопед мұғалім
- Бүгін қандай дыбысты қайталадық? Не істедік?
Балалар жауабы ( Р дыбысын дұрыс дыбыстауға, тілімізге жаттығулар жасадық, күн салдық, үй құрдық т. б)
Р дыбысын автоматизациялау
- али
- 8 маусым 2015
- 15944
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Р дыбысын автоматизациялау, логопед мұғалімдерге, балабақшаға арналған сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
З дыбысын машықтандыру
Міндеттері: Білімділік: дыбыстың дұрыс артикуляциясын бекіту, З дыбысын буында, сөзде, сөз тіркесінде дұрыс айту дағдыларын бекіту. Түзетушілік –...Р дыбысын қою
Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету;...Л дыбысын қою
Қостанай қаласы, Затобол ауылы ҚМҚК «Петушок» балалар бақшасының логопед мұғалімі Валеева Ғалия Сағынбайқызы...Ю дыбысы мен әрпі
Сауат ашу сабағы Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі...Ұ дыбысы мен әрпі
Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалім Шапейқызы Жайнағалам...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.