Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігінде оған лайықты орын алуға мүмкіндік бермей отырған ескірген әдіснамалық база, құрылым мен мазмұн жағдайында дамып келе жатыр. Білім беру мазмұны факт түрінде қалып, білім алушыларды қоғам өміріне құзыретті, жауапты және шығармашылық түрде қатысуға даярлауға бағдарланбаған. Білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесінің аймақтық деңгейде болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штаттық санының жетіспеушілігі білім беруді тиімді басқаруға кері әсерін тигізеді.
Дамыған мемлекеттердің көпшілігі мектепке дейінгі білім беруге тең дәрежедегі қол жеткізуге мүмкіндік жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейінен ғана көрінбейді, сонымен қатар балалардың толық күнді немесе қысқа күнді болуына негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің түрлі модельдерін: міндетті аналар мектебі, бөбектерге арналған, 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларға қарау және күту топтарын құрудан көрінеді.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктіктерін зер салып талдау керек.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты ата-ана арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда басты ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани - адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте - еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т.б. қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог В.А.Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады».
Мектепке дейінгі тәрбие — балалардың сана-сезімін, мінез - құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. тәрбиенің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет - ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы - балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені - ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.
Мектепалды сыныбындағы балаларды оқытып тәрбиелеуде ата-аналармен байланыста болудың маңыздылығы баланың бастауыш сыныптардағы өзін-өзі ұстауына, өз ісіне жауап беруіне, білім алудың қажеттілігіне көз жеткізуден көрінеді. Әр отбасындағы ата-анасының еңбек етуге деген талпынысы, көздеген мақсатына жетудегі ізденісі, алдынан кездескен қиындықтарды жеңіп шығуы, жалпы өмір сүруге деген құлшыныстары балаға әсер етеді. Жеткен жетістіктерге қарап балада өзіне мақсат қоя бастайды. Білім алуға қызығушылығы артады. Сондықтан әр ата-ана мектепалды даярлық сыныбындағы баланың әрбір жетістігін қолдап, қиналған кезінде көмектесіп, өздігінен қиындықтан шығу жолдарын іздеуді табуына жол көрсету маңызды. Мектепалды даярлық сыныбында баланың табысқа жетуін ұйымдастыруда белгілі педагог Мария Монтессоридің «Менің өздігімнен жол табуыма көмектесіңізші» деген идеясын алға ұстаған орынды. Ата-ана үшін, үлкендер үшін қаншалықты таныс, оңай болғанымен бала үшін жаңалық. Міне баланың қоршаған ортаны танып білуінде, заттар мен құбылыстар жайында мәлімет алуында жаңа дүниенің есігін ашқандығын ұмытпау қажет. Егер ата-ана баланың өздігінен ойлануына мүмкіндік бермесе, болашақта бала тек дайын нәрсеге, ойланып күш жұмсамауды,ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүргенді қалайды.
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, мектепалды даярлық сыныбында, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім - тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» республикалық педагогикалық журналы,№5-2012.
2. «Мектепке дейінгі педагогика» М.Меңжанова.
3. «Біз мектепке барамыз»(5-6жас)балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарлама-Астана2009ж.
Қазіргі кезендегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жаңару мәселелері.
- Ganel1972
- 28 сәуір 2015
- 4639
- 0
- 80
Ілмек сөздер: Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани адамгершлік дамуы
Ұқсас жаңалықтар:
Тұлғаның адамдық негіздері
Сабақтың міндеті: Білімділік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру маңыздылығын түсіндіру, ақпарат беру. Дамытушылық: Оқушыға тәрбиенің маңыздылығын...Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы
Қазіргі таңда адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің...Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай – балабақшасының әдіскері Имангалиева Айгул Лукпановна...Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады....АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.