Мақсаты: Қызыл кітап туралы түсінік беру, оның маңызы туралы түсіндіру.
Міндеті: Балаларды өз бетімен білім табу, дәлелдеу және түсіндіруге үйрету.
Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін жануарларды қорғау шараларын қалыптастыру; Жануарларға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: жануарлардың суреттері, слайдтар, үнтаспа.
Қолданылатын әдістер: әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, тақпақтар, слайдтар, өзіндік жұмыстар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші: Балалар, бізде бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Бүгін сабақта жануарлар әлемінің қызыл кітабымен танысамыз. Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін жануарларды қорғау жолдарын іздейміз. Табиғат ластанғасын, өсімдіктер мен жануарлар азаяды, адамдар ауырады.
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, неге өсімдіктер мен жануарлар азаяды?
Балалар: Өткені, жануарларды атып алады тері мен ет үшін, өсімдіктерді жұлады. Сондықтан көп өсімдік пен жануарлар азайып немесе жойылып қалды.
Тәрбиеші: Дұрыс, оларды сақтау үшін, арнайы кітапқа енгізді. Біз бүгін біздің жерде сирек кездесетін жануарлар туралы әңгімелесеміз.
Балалар: музыка мен кіреді: (жануарлардың суреттерін ұстап, өздеріне қамқор сұрайды):
1 бала (архар): біздің санымыз азайып барады!
2 бала (аю): бізге қауіп төніп тұр!
3 бала (қасқыр): бізді сақтаңдар!
4 бала (түлкі): біздің қорегіміз де азаюда!
5 бала (барыс): бізге көмектесіңдер!
Тәрбиеші: жануарлар, сендер қорғаудасыңдар. Өйткені, сендер Қазақстанның қызыл кітабына енгізілдіңдер.
1, 2 слайд:
Қызыл кітап - сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер туралы анықтамалар, қызықты әңгімелер және олардың түрлі - түсті суреттері бар кітап.
Қызыл кітаптың маңызы зор. Ол жойылып бара жатқан аң - құстарды, өсімдіктерді қорғауға, оларды аулауға, бейберекет жасауға тыйым салады.
Балалар: тақпақ: Н. Хасенов. «Қызыл кітап».
1. Ата «Қызыл кітапқа»
Жолбарыс та тіркелген.
Дейді соны бірақ та
Түсінбедім бірден мен...
2. Жолбарыс – бір қызық аң,
Кезікпейді әр елде.
Терісіне қызығар
Аңшылар көп әлемде.
3. «Қызыл кітап» шындықты
Айтуға да арналған.
Жою керек сұмдықты,
Жойылмасын бағалы аң.
4. Қорғау керек аңдарды
Бара жатқан сиреп көп.
«Қызыл кітап» ал мына
Жұртты соған үйретпек.
Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар неге жануарларды қорғау керек?
Балалар: Өйткені, өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың бірі болмаса өмір сүре алмайды.
Тәрбиеші: дұрыс.
Сергіту сәті:
Т: Көлбең, көлбең көлеңке
Аю қалай жүреді?
Т: Көлбең, көлбең көлеңке
Қоян қалай секіреді?
Т: Көлбең, көлбең көлеңке
Құстар қалай ұшады?
Т: Көлбең, көлбең көлеңке
Түлкі қалай жүреді?
Б: Көлбең, көлбең көлеңке
Аю былай жүреді. (көрсету)
Б: Көлбең, көлбең көлеңке
Қоян былай секіреді.
Б: Көлбең, көлбең көлеңке
Құстар былай ұшады.
Б: Көлбең, көлбең көлеңке
Түлкі былай жүреді.
Тәрбиеші: Балалар, қазір біз сирек кездесетін, бірақ сендер көрген, ол туралы естіген жануармен танысамыз. Ол - барыс ( немесе оны ілбіс) деп, атайды. Қазір мына слайдтарға назар аударыңдар.
1 слайд: барыс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң.
Көзі жақсы көреді, құлағы жақсы естиді.
2 слайд: Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың.
3 слайд: Ілбіс - қарлы таудың қожасы, орталық Азиядағы тауларда мекендейтін мысық.
4 слайд: Ол жартастан жартасқа өте шебер секіреді. Ағашқа өрмелемейді. Нақты іні жоқ.
5 слайд: Ілбіс түнде немесе кешкі уақытта арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, құстардан ұлар мен кекіліктерді секіріп ұстап жейді.
6 слайд: Саны кемуде. Қазақстанда жалпы саны 200 бастан аспайды. 1996 жылы ұлттық қызыл кітапқа енгізілген.
7 слайд: Қазақстанның рәмізі.
Біздің халық оны ептілігі мен батылдығы үшін бағалайды.
8 слайд: Сондықтан Астана мен Алматы қаласының қала таңбаларында бейнеленген.
9 слайд: Кезінде ұлттық банкноттарда да бейнеленген: он мың теңге де, бес жүз теңге де.
10 слайд: Алтын адамда қанатты барыстың үстінде бейнеленген. Ескерткіш күміс және алтын монеталарда бейнесі бар.
11 слайд: 2011 жылы қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Жас барыс Ирби олимпиадалық барлық негізгі қасиеттерін: күш, батылдық, төзімдік пен тектілікті білдіреді.
12 слайд: Қазақстан республикамыздың рәмізі азаюда, жойылуға жақын. Сондықтан, оларды сақтау үшін, қорғау үшін біз өзіміз кітап жасайық.
Тәрбиеші: балалар, егер сендерге сирек кездесетін жануарлар туралы кітап жасаңдар десе қандай түс таңдаушы едіңдер? Неге? Қандай қызыл түсті сигналдар сендерге өмірде кездесті? (бағдаршам, өрт сөндіру машинасы, белгілер).
Тәрбиеші: Дұрыс, қызыл түс адамды тоқтатады. Тоқтаңдар! Ойланыңдар!
Ендеше, балалар, сендер қазір қағаз бетіне схема, сурет, немесе басқа бір түрде жануарларды қорғау, сақтау жолдарын көрсетіңдер.
Сондықтан үстел басына отырып жұмыс жасайық.
Балалар: салған суреттерін көрсетіп, дәлелдейді.
Тәрбиеші: Балалар, жануарларды сақтау үшін не істейміз?
Балалар: - Жер бетінде табиғатты аялаймыз!
- Ормандарды, суларды ластамаймыз!
- құстарды қорғаймыз, атпаймыз, ұяларды сындырмаймыз!
- орманда тыныштық сақтаймыз, от жақпаймыз, ағаш кеспейміз!
- саны азайған жануарларды, өсімдіктерді қамқорлыққа аламыз!
- Біз табиғатты қорғаймыз,
- Жан - жануарларға қамқорлық жасаймыз!
Жануарлар әлемінің қызыл кітабы
- zhanara_k.t
- 26 сәуір 2015
- 28600
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жануарлар әлемінің қызыл кітабы, қызыл кітаптағы өсімдіктер
Ұқсас жаңалықтар:
Өсімдіктердің «Қызыл кітабы»
Оқушыларға өсімдіктердің өсіп – өнуі, жетілуі жайлы ұғым беру. «Қызыл кітаптың» маңызы, адамның тіршілік етіп, өмір сүруге табиғатпен тығыз...Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау
Табиғатты қорғау туралы мәлімет алып, меңгеру. Етістік бойынша алған білімдерін тиянақтау...Күшік пен мысық
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиеші: Қарымсақова Рабиға...Жыртқыш аңдар отряды
Екібастұз қаласы, Павлодар облысы, № 19 арнаулы түзеу мектебінің биология пәні мұғалімі Төлегенова Назида Қабдрахмановна...Тоқтап отырып - тұрып, ирелеңдеп жүру
Толтырған: Калифанова А. Т. Білім беру салалары: Денсаулық....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.