Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Күзгі ағаш»
Мақсаты: Тірі табиғат пен өлі табиғат туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеті: Тірі табиғат пен өлі табиғат туралы ұғым бере отыра тірі табиғаттың құбылыстарын түсіндіру. Шырша, қайың, емен, терек ағаштарын салыстырып айырмашылығын табуға үйрету. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Шырша, қайың, емен, терек ағаштарының жеке суреттері.
Үлкен суретте шырша, қайың, емен, терек ағаштары салынған. Бұталары мен діндері, жапырақтары бөлек салынған. Әр ағаштың жапырағы ағаштың астында салынған.
Іс - әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Балалар бүгін таңертең почташы бір хаттарды әкелді, ал кім бұл хатты жазған белгісіз (әр балаға конверттегі хатты таратады). Кәне онда не бар екенін көрейікші. Конверттің ішінен геометриялық пішіндерді алып шығады.
Балалар мынау нелер?
Дұрыс айтасыңдар геометриялық пішіндер.
Балалар бұл пішіндерді мына пішілген көрпешені жауып көрейікші. Мүмкін сонда хат кімнен келгенің білеміз.
Дидактикалық ойын: «Көрпені жама»
Тәрбиеші қараңдар балалар мында бір сурет бейнесі болып шықты. Қандай жыл мезгілі салынып тұр?
Дұрыс айтасыңдыр күз мезгілі.
Қайдан біліп қойдыңдар күз мезгілі екенін?
Мүмкін бұл хатты бізге күз жазды?
Балалар менің конвертімде хат бар, оқиды:
«Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен білемін, сеңдер өте мейірімді балаларсыңдар, барлық достарына көмектесесіңдер. Маған сеңдердің көмектерің керек. Қатты жел соғып ағаштардың жапырақтарың жан - жаққа түсіріп кетті. Енді орман іші шашылып кетті, орман ішін жинасуға келіңдерші. Асыға сеңдерді күтемін. Хат жазған Күз.
Балалар орманға барайық па?
Ендеше екі топқа бөлініп біріміз күзге сыйлық жасап апарайық. Не істеуге болатының түсіндіреді.
Қалған балалар танымдылық орталығына барсың.
Геометриялық пішіндер.
Балалар пішіндерді алып «көрпедегі ойылған орындарына» келтіріп қояды.
Күз мезгілі
Ағаштар жалаңаш, жапырақтар сарғайып жатыр.
Балалар хаттың мазмұның тыңдайды.
Барайық деп келіседі.
Екі орталыққа бөлініп шығармашылық орталығында балалар «Күзгі ағаштар» суретін бояумен салыңдар
Ұйымдастыру іс - әрекеті
Орманға барады.
«Орманға біз барамыз,
Жауын суын баспаймыз.
Сол жаққа қарай бір қарап,
Оң жаққа да бір қарап.
Аспандағы жарқырап,
Күннің көзін табайық.
Қарайықшы жан - жаққа,
Орман іші тамаша»
Тәрбиеші: балалар міне орманға да келдік. Қаншама жерде жапырақтар жатыр. Расында да Жел ағаш жапырақтарын жан - жаққа шашып тастапты, кәне күзге көмектесейік.
Дидактикалық ойын: «Ағашты тап»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ағаштардың атауын анық айтуға үйрету.
Құралдар: Шырша, қайың, емен, терек
Шарты: Үстел үстіне төрт өсімдіктердің шырша, қайың, емен, терек, олардың жапырақтарының сүреттерін қояды. Жапырақтарына қарай ағаш түрін тауып алу керек.
Сергіту:
Біз күзгі жапырақпыз,
Ағашта біз өсіп тұрғанбыз.
Жел соғып ұшып кеттік,
Ұшып, ұшып жерге қондық.
Жел қайта келіп соқты,
Жапырақтарды ұшырды.
Жапырақтар ұшып, ұшып,
Қонды жерге шашылып.
Күз келеді Амандасады.
Тәрбиеші: күз балалар ормандағы шашылған жапырақтарды жинап болды. Қарашы саған ұнай ма?
Күз қарап рахмет балалар.
Күз балаларға жұмбақ жасырады.
Айнала сары түсті
Бау - бақшада жеміс пісті.
Қамба толы дәнге
Дастарқан толы дәмге
Бұл қай кезде болады? (Күз)
Қозғалмай бір орында қарап тұрар,
Адамның қажетіне жарап тұрар.
Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,
Және де көбеймекке талап қылар.
/Ағаш/.
Жазда өседі,
Күзде түседі.
(Жапырақтар)
Күз жақсы балалар жұмбақтарды жақсы шешу білесіңдер, бірақта маған көңілсіз.
Тәрбиеші күз неге сең мұңаясың?
Алдымызда кележатқан қыс мезгілі келеді, мен сеңдерден кеткім келмейді.
Тәрбиеші күз сең мұңайма, кәне балалар күз бен ойын ойнайықшы:
Дидактикалық ойын: «Қолымда не бар?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін одан ары қарай жетілдіру, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Шарты: Балалар шеңберде тұрып, қолдары арқасының артында. Тәрбиеші балалардың қолдарына тірі өлі табиғатқа жататын құбылыс суреттерін таратады. Кезек - кезек суреттерінде қандай заттар бар екенің айтып беру керек.
Мысалы: Менің суретімде тау, тас, су, олар өлі табиғатқа жатады. Өйткені олар өспейді.
Дидактикалық ойын: «Ағаш қандай?»
Мақсаты: Сөздік қорын молайта отыра, ағаштарды өз ара салыстыруға үйрету.
Құралдар: Шырша, қайың, емен, терек ағаштарының жеке суреттері.
Үлкен суретте шырша, қайың, емен, терек ағаштары салынған. Бұталары мен діндері, жапырақтары бөлек салынған. Әр ағаштың жапырағы ағаштың астында салынған.
Шарты: Сурет бойынша осы ағаштармен пысықтап, салыстырып таныстырады.
Тәрбиеші: шығармашылық орталығындағы балаларды ортаға шақырып күзге жасаған суреттерін сыйға тартыңдар деп айтады.
Тәрбиеші: күз саған балалардың суреттері ұнады ма?
Күз: рахмет балалар, маған суреттерің ұнады. Суреттерге қарап отырып сеңдерді есіме алып отырамын.
Күз қоштасып кетеді. Сау болыңдар балалар!
Дәптермен жұмыс.
Балалар бізде балабақшаға қайтайық.
«Бақшамызға барамыз,
Жауын суын баспаймыз.
Сол жаққа қарай бір қарап,
Оң жаққа да бір қарап.
Аспандағы жарқырап,
Күннің көзін табайық.
Қарайықшы жан - жаққа,
Бақшамыз қандай тамаша»
Балалар орманға бара жатып тақпақ сөздерін айта отыра қимыл жасайды.
Ойын шартына қарай тапсырманы орындау керек.
Сөздерді айтып қимылдарын жасайды
Балалар жұмбақтардың жауабын айтады
Балалар суреттерін жақсылап сараптап қарайды, жауаптары толық болу керек.
Балалар тәрбиешінің тапсырмаларын орындайды.
Пайымдап жауап береді.
Балалар күзге суреттерін сыйлайды, суреттерін қалай салғандарын айтып береді.
Сау болыңыз күз!
Сөздерді қайталап бақшаға барады.
Рефлексивті - түзетуші
Тірек сұлба арқылы сабақ желісе қайталап бекітеді
Тірек сұлба арқылы балалар сабақ желісін естеріне түсіріп сұрақтарға жауап беру керек.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Тірі өлі табиғаттағы құбылыстарды ажыратып білу керек.
Нені игереді: Ағаш түрлерін өз ара салыстырып атауларын игереді.
Нені біледі: Ағаштарды күтіп, табиғатты аялауға, қорғауға үйреніп біледі.
Қоршаған ортамен таныстыру «Күзгі ағаш»
- мика
- 2 сәуір 2015
- 10730
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қоршаған ортамен таныстыру «Күзгі ағаш», тірі табиғат пен өлі табиғат туралы ұғымдарын кеңейту
Ұқсас жаңалықтар:
Жемістер
Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында...Қысқы ағаштар
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну. Табиғатты қорғап, аялауға тәрбиелеу. Ағаштардың...Өсімдік - тірі организм
Мақсаты: а) Білімділік: Өсімдік тірі табиғат екенін дәлелдеу. Өсімдіктің мүшелері, олардың атқаратын қызметі, өсімдікке қажетті жағдайлар туралы...Күз көрінісі (серуен)
Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту. Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттағы мерзімдік...Күзгі жапырақ
Тақырыбы: «Күзгі жапырақ» Мақсаты: Білімділік: Түрлі түсті сазермекті түсіне, көлеміне қарай іріктеп алу, пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.