Білім беру саласы: Таным. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған орта.
Тақырыбы: Үй құстары.
Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тиянақтау. Таным үрдістерін (қабылдау, зейін, ес, ойлау, сөйлеу) дамыту. Үй құстарына сүйіспеншілік, қамқорлық сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Міндеті: Балаларға сурет бойынша әңгімелеуді және үй құстарын дұрыс айта білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, триз әдісі. Көрнекіліктер: Құстардың суреттері, тауық күркенің макеті.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
Балалар бүгін біздерде ерекше күн. Біздің «Үй құстары»тақырыбында өткізілетін сабағымызға қатысу үшін, көптеген қонақтар келіп отыр.
Қане балалар келген қонақтармен амандасайық.
Барлығы бірге: Білгір қазақ баласы,. Сәлем сөздің анасы.
Біздерге келіп отырған,
Апайларды қарашы.
Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз, Сәлеметсіздер ме апайлар.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
Дұрыс айтасыздар, қыс мезгілі.
– Ал қыс мезгілінде неше ай бар? - Үш ай бар.
– Қане, балалар, қыс айларын кім атайды?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
– Балалар, даладан, айналамыздан қандай өзгерістер байқадыңдар?
- Күн суытты, қар жауды, ағаштарды қар басты, құстар жылы жаққа ұшып кетті. - Иә, балалар ол ұшып кеткен дала құстары. ( Теледидардан слайд арқылы көрсету.) Бұл құстар өздерінің тамақтарын өздері тауып жейді, өздері қоректенеді, сондықтан да ол құстарды дала құстары деп атаймыз. Бұл құстар күн суытқанда жылы жаққа ұшып кетеді. Ал біздерде үйде ұстайтын құстар бар, оларды үй құстары деп атаймыз. Үй құстарына тауық, үйрек, қаз, әтеш жатады. Бұл құстарға өзіміз жем, су беріп асыраймыз сондықтан да біз оларды үй құстары деп атаймыз. Балалар бұл құстардың пайдасы өте көп, құстардың етінен сорпа дайындаймыз, жұмыртқасын тамаққа пайдаланамыз, ал жүнінен көпшік жасауға болады екен.
Қане балалар сергіту сәтін жасайық.
Қане қанат жазайық Қарлығаш боп ұшайық Торғай болып қонайық,
Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ болып шоқиық.
Ғажайып сәт.
Тәрбиеші балалардың назарын топтың шетінде тұрған кішкене тауық күркеге аударып балалар қараңдаршы, тауық күркенің есігі жабық тұр, бұл күркенің есігін ашу үшін мен жасырған жұмбақтың шешуін табуларың керек. Шешуін дұрыс тапсаңдар күркенің есігі ашылады.
1. Ерте тұрады,
зар шақырады.(Әтеш.
2. Күн бата қонақтап қалғыған,
таң ата жерден жем аңдыған.(Тауық
3. Ақ сарайын талқандап,
шықты біреу талтаңдап.(Балапан.)
Осы кезде тауық күркенің есігі ашылып ішінен үй құстары шығады. Әтеш:
Мен - қоразбын, қоразбын,
Жалқаулармен аразбын.
Таңды бұрын қарсы алып,
Елді оятам жар салып.
Тауық:
Мен ақ тауық, ақ тауық,
Жүремін мен мақтанып,
Құс болсам да ұшпаймын,
Балапанды қорғаймын
Балапан:
Мен сап - сары балапан, Күні бойы шиқылдап,
Жерден дәнді тереміз, Анамыздан қалмаймыз.
Үй құстары жарайсыздар, қане балалармен бірге «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық. Мақсаты: Санды дұрыс таба білуге дағдыландыру. Бөлшектерді дұрыс құрастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Балаларға салынған суреттердің бөлшектерін таратып беру. Әр бөлшектің артындағы санға байланысты, салынған суреттегі санды сәйкестендіріп жапсыру қажет, сол кезде құстың суреті шығуы керек. Жақсы балалар қане құрастырған суреттерімізді қарайықшы, қандай құстардың суреті шықты екен. Дидактикалық ойын -«Ненің дыбысы?»
Ойын шарты: Үнтаспадан құстардың дыбысын тыңдату арқылы қандай құстың дыбысы екенін анықтату.
Жарайсыздар балалар енді өнер орталығына барып, мақтамен балапан жапсыра қоялық.
Қортынды:
Балалар сонымен біздер қандай құстармен таныстық?
Құстар қандай құстар болып бөлінеді?
Құстардың қандай пайдасы бар?
Үй құстарына қандай құстар жатады?
Жарайсыздар, балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіне өте жақсы қатыстыңыздар, сіздерге үлкен рахмет, тауық сіздерге сыйлық алып келіпті қане ала қойыңыздар. Тауық балаларға сыйлық таратады. Қане балалар келген қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық.
Үй құстары
- ramuk_b
- 1 сәуір 2015
- 5637
- 0
- 0
Ілмек сөздер: үй құстары туралы мәлімет, дала құстары
Ұқсас жаңалықтар:
Жыл құстары
Жыл құстары және қыстап қалатын құстар туралы әңгімелейді: Күннің суытып, жәндіктердің көпшігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына...Құстар – біздің досымыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...Үй құстары
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы...Үй құстары мен дала құстары
Тәрбиеші: Интыбекова Ж. А...Үй құстары
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД 2012 жыл Сүлейменова Ақбота Маукенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.