Сабақтың тақырыбы: «Күлдіргі» Смешарик
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтап, одан әрі жетілдіру. Балаларға жаңылтпаштар, айтқызу арқылы қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Ойын арқылы балаларды сергіте отырып, ой - өрістерін дамыту. Қойылған сұрақтарға толық жауап алу арқылы сөздік қорларын байыту.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, ойын ойнату, жаңылтпаштар айту, диалог жүргізу
Көрнекілігі: шармен безендірілген ән - күй залы, слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырушы - ізденуші
Келген қонақтармен амандасу
Шаттық шеңбері
Балалар, қалдарың қалай?
Рахмет, қалымыз ғажап.
Аспанда бәрі ғажап!
Жерде бәрі ғажап!
Айнала бәрі ғажап!
Менде бәрі ғажап!
Тосын сәт
Әуен ойналып, қонаққа Күлдіргі келеді. Қолында үш (қызыл, сары, жасыл) шарлары бар. Күлдіргі балалармен амандасады.
Балалар Күлдіргіні қуана қарсы алады.
Күлдіргі: Балалар, менің атым Күлдіргі. (Меня зовут Смешарик). Мен сендермен танысқым келеді. Хочу с вами познакомиться.
Балалар «Өзім туралы» монологын айтады.
Сендермен танысқаныма қуаныштымын.
Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына қолымдағы шарлардың ішінде тапсырмаларым бар. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін.
Мұғалім: Күлдіргі бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін оның қолындағы шарды санайық.
Балалар шарларды санайды. Түстерін атайды.
Барлығы неше шар болды?
Барлығы 5 шар.
Күлдіргінің тапсырмасын слайд арқылы көреміз де орындаймыз.
1 - тапсырма: Қандай жаңылтпаштарды білесіңдер?
Балалар жаңылтпаштарды жатқа және тез айтады. Жаңылтпаштарды орыс тіліне аударады.
Күлдіргі балаларды мақтайды.
2 - тапсырма: Әрі оқу, әрі ойын ( И учеба, и игра )
Жарайды, балалар, сендер бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар, шаршаған боларсыңдар, бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті
Оң қолымда 5 саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бәрін қоссам 10 саусақ
3 - тапсырма: Кел, ойнайық!
Балалар, мен сендермен «Қандай екен тап?» дидактикалық ойынын ойнағым келеді.
Ойынның шарты: Ойынға 2 қатысушы қатысады.
Біреуі сұрайды:
Рефлексивті - коррекциялаушы
- Бүгін бізге кім келді?
- Күлдіргі (Смешарик)
Ол бізге не әкелді?
- Тапсырмалар.
Неше тапсырма әкелді?
- Балалар, сендерге Күлдіргімен ойнаған ойын, тапсырмалар ұнады ма?
- Ұнады.
(Балаларды мадақтау)
«Күлдіргі» Смешарик
- bibka
- 20 наурыз 2015
- 5116
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Күлдіргі, Смешарик, балабақша жоспары, клоун, ойын арқылы дамыту
Ұқсас жаңалықтар:
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында!
Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған, Міне сұлу шыршамыз, Көптен күтіп сағынған....Ойнайық та, ойлайық
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 24 "Айналайын" бөбектер бақшасы Жұмашева Ләйлә Жексенбайқызы...Сен білесің бе?
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Жұлдыз» балабақшасы ІІ - ші кіші топ тәрбиешісі Ниетбаева Г. А....Артық, кем, тең
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ Шағын орталық, «Балбөбек» тобы Тәрбиеші: Ниғыметжанова Айнур Қадылбековна...Туған күн мерекесі
Бүгін бізде мереке. (Туған күнді атап өту) жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде мереке, себебі өз сыныбымыздағы сыныптастарымыздың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.