Сайтқа кіру Тіркелу

Ойнайық та, ойлайық

Сабақтың тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтап, одан әрі жетілдіру. Балаларға мақалдар, жаңылтпаштар, тақпақтар айтқызу арқылы қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Ойын арқылы балаларды сергіте отырып, ой - өрістерін дамыту. Қойылған сұрақтарға толық жауап алу арқылы сөздік қорларын байыту. Балалардың туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, сюжеттік - рөлдік ойын ойнату, тақпақтар, жаңылтпаштар, мақалдар айту, диалог жүргізу, ән айту.
Көрнекілігі: шармен безендірілген ән - күй залы, слайд
Сабақтың барысы:
Көңілді ән ырғағымен балалар ән - күй залға кіріп, үлкен шеңбер құрады. Балаларды оқу іс - әрекетіне ұйымдастыру.
Балалар: Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар!
Балалар қонақтармен амандасады.
- Шаттық шеңбері. Психологиялық сәт.
Балалар: Аспанда бәрі ғажап
Жерде бәрі ғажап
Айнала бәрі ғажап
Менде бәрі ғажап
- Бір – бірімізге қуана қарап, бірге қонақтарға тілек айтайықшы.
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Ата - анамыз аман болсын!
Досымыз көп болсын!
Күніміз шуақты болсын!
Әрқашан дос, тату - тәтті болайық!
Жүзіміз нұрлы болсын!
Алланың нұры жаусын!
Күніміз сәтті болсын!
Оқытушы: Балалар, орнымызға отырамыз.
Көңілді әуенмен ортаға арнайы шақырылған кейіпкеріміз Қуыршақ Лиза келеді.
Оқытушы: Сәлеметсің бе, Қуыршақ Лиза, келгеніңе қуаныштымыз, біздің қонағымыз бол.
Қуыршақ Лиза:- Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлем, балалар. (машет ручкой). Қалдарың қалай?
Балалар: Рахмет, жақсы.
Қуыршақ Лиза: Мен қуыршақпын, менің атым Лиза. Я кукла, меня зовут Лиза. Мен Қазақстанда тұрамын. Мен қазақ тілін үйренгім келеді. Сендермен танысқым келеді. Хочу с вами познакомиться. Сенің атың кім? Сен неше жастасың? (балаларға сұрақтар қояды).
Балалар өз аттарын атап, жастарын айтады. М - ы: Менің атым Артем. Мен 5 жастамын.
Оқытушы:. Қуыршақ Лиза, сен біздің балалармен таныстың, енді біздің балаларымыздың саусақ жаттығуларын, жаңылтпаштар отырып тыңдашы.
Пальчиковые упражнения и скороговорки.
1 - бала: Мынау – ата
Мынау - әже
Мынау - әке
Мынау - шеше
Мынау - мен.
Мынау менің тату отбасым.
2 - бала: Бас бармақ - ата
Балаң үйрек – әже
Ортаң терек - әке
Шылдыр шүмек - шеше
Кішкентай бөбек - мен.
3 - бала: Шеше, шеше!
Неше кесе,
Сынды кеше?
4 - бала: Ақ шар бар
Көк шар бар
Көп шар бар
Бес шар
5 - бала: Қыста құлағым, үсіп,
Ісіп қалды.
6 - бала: Әсем, әсем,
Билеуге әлек.
7 - бала: Бала, бала, балақан,
Кәне саусақ, алақан,
Саусақтарың әйбат,
Былай, былай ойнат
Оқытушы: Қуыршақ Лиза анасына, Наурыз мейрамына арналған тақпақтарын айтып береді. Біздің саған музыкалық сыйлығымыз бар қабыл ал, әнімізді тамашала. Мы приготовили тебе музыкальный подарок.
Музыкалық үзіліс (музыкальная пауза).
Ән «Жақсы көрем» орындайтын Томирис
Қуыршақ Лиза: Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар. Молодцы ребята, я вам тоже приготовила сладкий подарок, но вы получите его в конце занятия. Согласны? Сейчас мы с вами очутимся в сказочной стране, где ждет нас много интересного. Ребята, вы любите сказки?
Залға қолына домбыра ұстаған Алдар - Көсе келеді. Ол өзінің сүйікті әнін айтады:
Алдар: Мен Алдармын, Алдармын
Байларды мен алдаймын
Е - е - е - е - е - е
О - о - о - о - о - о
Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар! Менің атым Алдар. Я - веселый Алдар Косе. Я живу в замечательных казахских сказках. Зачем вы меня позвали? У вас сегодня праздник?
Оқытушы: Сәлеметсіз бе, Алдар Көсе, біздің сабағымызға қош келдіңіз. Біздің балаларымыз бүгін өз білімін көрсетеді, соны тамашалаңыз.
Да, уважаемый Алдар Косе, у нас сегодня замечательный день – День казахской музыки и казахского языка. Оставайся с нами, будь нашим гостем.
Алдар Косе, Куыршақ Лиза балаларымыз білімді, өнерлі, көп мақал - мәтелдер біледі, тыңдап көріңіздерші.
Балалардың мақал – мәтелдері
9 - бала: Еңбек түбі - береке. Труд прославляет.
10 - бала: Күш білімде. Сила в знаний.
11 - бала: Көз қорқақ, қол батыр. Глаза боятся, а руки делают.
12 - бала: Нан – астың атасы. Хлеб всему голова.
13 - бала: Нан болса, ән де болады. Где хлеб, там и песня звучит.
14 - 6ала: Кітап - алтан қазына. Книга - бесценный клад.
Алдар: Рахмет, балалар, бәрекелді, жарайсыңдар. А поиграть хотите? А игра называется «Веселый домбрист» (объясняет правило игры).
Балалар ойыннан кейін орындарына отырады.
Оқытушы: Алдар Көсе, рахмет сізге, ойыныңыз қызықты екен. Ребята, вам понравилась игра?
Балалар: Иә.
Оқытушы: Алдар Көсе, біздің балалар сізге өз ойындарын көрсеткісі келеді.
- Диалог «Телефонмен сөйлесу»
- Ойыншықтармен ойнау (берші, алшы сөздерін қолдану)
Оқытушы: Уважаемый Алдар Көсе, Қуыршақ Лиза наши дети приготовили вам интересную песню.
«Непоседы» тобының орындауында ән «Туған жер»
Алдар Көсе мен Қуыршақ Лиза балалармен, қонақтармен қоштасады.
Қорытынды: Сабақ сұрақ - жауап арқылы пысықталады.
Мұғалім балаларды мақтайды.
Балалар қонақтармен қоштасады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×