Тақырыбы: «Әтеш, ит, түлкі балалардың туған күн мерекесінде»
Мақсаты: Айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері: Ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын арттыру.
Балаларды достық қарым - қатынасқа баулу, достарын қуанышты күнімен құттықтауға үйрету.
Мазмұны: Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру, шақыру билеттерін дайындау, туған күн иелеріне арнап сыйлықтар жасауға талпыныстарын қалыптастыру, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін қолдау. Мерекеде өз өнерлерін көрсетуде: өлең оқуға, ән салуға,
би билеуге, ертегі кейіпкерлерін сомдауға қатысуға талпыныстарын қолдау.
Барысы:
Жүргізуші: - Адам өміріндегі қуанышты сәттердің бірі дүние есігін қағып, жарық өмірге келген күнің.
Бүгін біз тобымыздағы достарымыздың туған күнін тойлаймыз.
Өмірге алғаш үн қатып,
Досымыз келген күн бүгін.
Сәулесін шашып бір бақыт
Ата берсін күліп таң.
Ортаға туған күн иелерін шақырайық.
Асхат: Кел, келіңдер,
Бүгін менің туған күнім.
Бірге біздер тойлап
Би билейік ойнап.
Диас: Ән салайық, күйде,
Күмбірлесін үйде.
Маған болар тірек
Айтыңдар ақ тілек.
Балауса: Тойдың сөйтіп бәрің
Келтіріңдер сәнін.
Қуанышты бүгін
Менің туған күнім.
Хор: «Туған күніңмен»
Жүргізуші: - Балалар бізге қонаққа әтеш пен ит келуі керек еді ғой. (Осы кезде әтештің шақырған дауысы естіліп, әтеш келеді).
Жүргізуші:- Міне, біз күткен қонақ – Әтеш те келді.
Әтеш: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе, Әтеш!
Әтеш: - Сендердің туған күн мерекесіне шақыру қағаздарыңызды алдым. Мені шақырғандарыңа рахмет!
Жолда келе жатып түлкі кездесіп қала ма деп қатты қорықтым.
Жүргізуші:- Қорықпа Әтеш, біз саған көмектесеміз. Қазір біздің балала «балапандар» биін билеп береді.
Би: «Шөжелерім»
Әтеш: - Ку - ка - ре - ку! Ой, қандай әдемі балапандар. Тура менің балапандарым сияқты екен.
(Музыка айналады)
Жүргізуші:- Балалар тыңдаңдаршы түлкі келе жатқан сияқты.
Әтеш: - Ой, балалар мен түлкіден қорқамын, мені бір жерге жасырыңдаршы!
Жүргізуші: - Жарайды Әтеш, қорықпа, сені мына қаптың ішіне жасырайық. Балалар түлкі келген кезде
Айтып қоймаңдар. Түлкі қаптың қасына жақындаған кезде сендер қолдарыңды қатты соғып,
Қорқытып жіберіңдер, жарай ма?
(Музыка айналады. Түлкі келеді)
Түлкі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен осы жақтан Әтештің шақырған дауысын естідім. Балалар
сендер көрген жоқсыңдар ма?
Балалар: - Жоқ, көрген жоқпыз.
Түлкі: - Қайда кетті екен ә!
(Түлкі жан - жағына қарап қаптың қасына келеді. Балалар қолдарын қатты соққан кезде қорқып
кетеді)
Түлкі: - Әтеш, Әтеш қайдасың? Мен саған жеті түрлі дән әкелдім.
Әтеш: - Қу түлкі, қу түлкі сен мені тауып ал, сосын мен саған жеті түрлі дәннен Наурыз көже пісіріп
беремін.
(Түлкі тағы іздей бастайды. Қапқа жақындағанда балалар қолдарын қатты соғады, түлкі қорқып
қалады)
Түлкі: - Осы қаптың ішінде бірдеңе бар сияқты, қане қарап көрейін.
(Осы кезде Әтеш қаптың ішінен шығып қаша жөнеледі, түлкі қуады)
Әтеш: - Ой, көмектесіңдер, көмектесіңдер!
(Түлкі әтешті ұстап алады)
Түлкі: - Ә, түстің бе қолыма?
(музыка айналады, әтештің дауысын естіп ит келеді)
Ит: - Бұл не шу, бұл не шу? Әтешке кім тиіскен?
Әтеш: - Достым, көмектесші маған. Мені түлкі ұстап алды.
Ит: - Айттым ғой саған балалардың туған күн мерекесіне бірге барамыз деп, ерте тұрып алып кетіп
қалыпсың. Түлкі Әтешті қоя бер. Балалардың туған күн мерекесінде бәріміз дос болып, бірге ән
шақырайық.
Түлкі: - Жарайды, бәріміз достасайық. Қане балалар туған күн мерекесінде ән шырқайық.
Ит: - Бүгін көктем мезгілінде туған дос балалардың туған күнімен құттықтаймыз!
«Жүректен шыққан мың тілек»
(Балалар гүлдерді тақтада тұрған жүрекке жабыстыру арқылы өз тілектерін білдіреді)
Ерасыл: Біз балдырған көңілді,
Жайнатамыз өмірді.
Қуанышпен бәріміз
Туған күнді тойлаймыз
Інжу: Ән саламыз күнде біз
Қыздырынып күнге біз
Балдай тәті достармыз
Біз қашанда біргеміз.
Ақерке: Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып, ән шырқап
Би де билеп беремін
Ақтілек: Толысады ойымыз
Азаяды ойнымыз
Өйткені біз күн санап
Өсіп келе жатырмыз
Ән: «Бүгін туған күніміз»
Ит: Балалар, ән шырқап, би билеп туған күнді тойладық. Біздің көптеген шаруаларымыз бар.
Біз енді қайтайық. Мен үй күзетуім керек
Әтеш: Мен түсті шақыруым керек
Түлкі: Мен орманға баруым керек
Бәрі: туған күн құтты болсын! Сау болыңдар!
Жүргізуші: Балалар, мерекелеріңізді әрі қарай жалғастырайық. Бәріңізді мерекелік
дастарханға шақырамын
Нәтижесі: - Балалардың достық қарым – қатынасы нығаяды
- Достарын қуанышты күнмен құттықтай алады.
- Ойын - сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасы артады
Әтеш, ит, түлкі балалардың туған күн мерекесінде
- Maira Abish
- 24 ақпан 2015
- 5546
- 0
- 0
Ілмек сөздер: балабақша, ертегі, туған күн, әтеш, ит
Ұқсас жаңалықтар:
Үш аю
Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап, күн ысыған кезде үңгірге кіріп жатады екен. Ең ірісі және...Түлкі мен ешкі ертегісі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті....Түлкі мен қоян
Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсіндіру, ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке,...Бауырсақ кетті домалап
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті «Балдәурен» балабақшасының музыка жетекшісі Болатбаева Самал...Туған күнді тойлаймыз
№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасы саз - іс әрекеті маманы: Ғилажова Лариса Байболатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.