Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар еліне саяхат»
Мақсаттары;
Білімділік: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, ТТШТ (ТРИЗ), Луллия шеңбері (Кольцо Луллия), мальберттегі түрлі - түсті суреттер, интерактивтік тақтадағы ойындар арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту, тілдерін байыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Қостілдік: Фрукты - жемістер, овощи - көкөністер.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мальберт, слайд - презентация, Луллия шеңбері, топ балаларының физминутка видеосы, музыка, түрлі - түсті суреттер.
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңбері
Амансың ба алтын күн,
Амансың ба жер ана.
Амансың ба достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
Күз мезгілі туралы қандай жыр - шумақтар білесіңдер?
Нұрзат: Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау,
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық - ау.
Қанатұлы Абдолла: Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан - жақтан жабады,
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Аниса: Көк майса көрікті,
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Айдина: Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ,
Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша.
- Балалар сендер ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше бүгін көп ойындар ойнайық. Күз мезгілі.
Үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша.
Иә, ойын ойнағымыз келеді.
Іздену ұйымдастырушы Балалар тақтаға назар аударамыз. Күз мезгілі болғандықтан біз бақша мен баққа саяхатқа шығайық. Сендермен 1. «Бақта ма, бақшада ма?» д/о ойының ойнайық.
Мақсаты: өткен тақырып бойынша жемістер мен көкөністерді ажырата білу, атауларын дұрыс айту, тілдерін қызықты суреттер арқылы дамыту.
Шарты: слайд - шоудағы берілген тапсырмаларды орындау.
1. Жемістер мен көкөністерді ажырату, атауларын айту.
Өтеш Ералы:
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Самира: Тал шыбығым бұралып,
бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
2. Алманың түсіне қарап, себеттерге орналастыру.
Гүлназ: Мен алмамын, алмамын, таңдай жұлар бар дәмім.
3. Жемістердің көлеңкесі арқылы, жемістерлердің түрлерін табу.
Алина: Мен алмұртпын, алмұртпын, аузындамын бар жұрттың.
4. «Не артық?» суреттер арқылы артық жемісті көкөністерден ажырату.
5. Жемістердің қиынды суреттері арқылы, слайдта бейнеленген суретті табу.
3. Ағылшынша сергіту сәті.
One potates,
two potates,
free potates, fouf.
Sive potates,
six potates,
seven potates,
more.
4. Балалар енді сендермен «Луллия шеңбері» д/о ойнайық.
Мақсаты: Шеңбердегі әр - түрлі суреттер арқылы сөз тіркестерін, жай сөйлемдер құрап үйрену.
Шарты: Берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, суреттерді стрелкамен қосу.
1. Балық қайда жүзеді. (балық суда жүзиді)
2. Дәрігердің көлігін не деп атаймыз? (Дәрігердің көлігін жедел жәрдем деп атаймыз)
3. Көбелек қайда қонады? (Көбелек гүлге қонады)
4. Мынау не? Бұл қайық. Қайық қай жерде жүреді? (суда, қайық судың көлігі)
5. Мынау көкөністер. Көкөністер қай мезгілде піседі? (Күз мезгілінде піседі)
6. Сиырдың төлін не деп атайды? (Сиырдың төлін бұзау деп атайды)
7. Қыз мезгілінде қыстап қалатын құсты атайықшы. (ол құс торғай деп аталады)
8. Мынау үлкен балық. Мынау қандай балық? (бұл кішкентай балық)
5. Балалар «Қай жануар артық» д/о ойнаймыз.
Мақсаты: Слайдта жасырылған жануарларды табу арқылы тілдерін дамыту.
Шарты: Жоғалған жануарлардың атауларын айту, қай жануардың қасында тұрғаның тақтадан көрсету.
1. Аю.
2. Кірпі
3. Суыр
4. Борсық
5. Түлкі
6. Қасқыр.
7. Қоян
8. Тиін.
6. Сергіту сәті «Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен, теріп - теріп алайық, қалтамызға салайық»
«Три медведья шли домой,
Папа был большой, большой.
Мама чуть по меньше роста,
А сынок малюська просто, погримушками играл
Цинь, цинь, цинь.
7. Балалар енді сендермен «Түрлі - түсті суреттер» д/о ойнаймыз.
Мақсаты: Түстерді ажырата білу, әр түрлі суреттер арқылы тілдерін дамыту.
Шарты: Түстерді ажырата отырып, берілген суреттерді түстері арқылы мольбертке орналастыру.
1. Қызыл - қызанақ, қолшатыр, күрек, бесбұрыш немесе жұлдыз, ащы бұрыш, қарақат, көлік.
2. Жасыл - шырша, бақа, алма, жапырақ.
3. Көк - кесе, доп, дельфин, галстук, жейде, ойыншық, гүл.
4. Сары - банан, үйректің балапаны, күн, балапан, гүл, қолшатыр, саңырауқұлақ, лимон, балық.
8. Балалар сендермен «Көп пе, аз ба?» д/о ойнайық.
Мақсаты: Берілген слайдтағы ойыншықтардың суреттері арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Шарты: Слайдтағы ойыншықтардың атауларын атау, олардың санын санау, аз - көптігін ажырату.
1. Қайық, доп, ұшақ, қуыршақ, кубик, пирамида.
Балалар слайд арқылы тапсырмаларды орындайды. Жемістер мен көкөністерді ажыратады. Атауларын айтады.
Алманың түстері сары, қызыл, жасыл.
Артық жеміс апелсин.
Суретте вазадағы алма мен алмұрт бейнеленген.
Балық суда жүзеді.
Жедел жәрдем.
Көбелек гүлге қонады.
Қайық судың көлігі.
Көкөністер күз мезгілінде піседі.
Сиырдың төлі бұзау.
Қыс мезгілінде қыстап қалатын құс торғай.
Бұл кішкентай балық.
Балалар жоғалған жануарларды кезекпен кезек шешеді.
1. Аю.
2. Кірпі
3. Суыр
4. Борсық
5. Түлкі
6. Қасқыр.
7. Қоян
8. Тиін.
Берілген суреттерді түстеріне қарай кезекпен - кезек келіп мольбертке орналастырады.
Балалар интерактивті тақтадан ойыншықтардың аз - көптігін ажыратады, атауларын атайды.
Рефлексивті коррекциялаушы. - Балалар міне бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Біз қандай ойындар ойнадық. Тақтамен, әр түрлі суреттермен.
- Ендеше балалар өзіміздің физминуткамызды тақтаға қарап орындайықшы. Қане билейміз.
Бүгін сендер ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне өте жақсы қатыстындар. Сендер сабаққа жақсы қатысқандарын үшін мына көңіл - күй смайликетерді қолдарына жабыстырып берейін. Ендеше балалар қонақтармен қоштасайық. Сау болыңдар!
Бүгінгі сабақ ұнады.
Балалар өздерінің бейнетаспаға түсірілген физминутканы интерактивті тақтадан көре отырып, орындайды.
Балалар мұғаліммен, келген қонақтармен қоштасады.
Күтілген нәтиже.
Білуі: Тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындар арқылы сөз тіркестерін құрайды.
Меңгеруі: «ТТШТ» (ТРИЗ) әдістері арқылы дидактикалық ойындарды ойнай білуді.
Жасай алады: Берілген дидактикалық ойындарды мұқият орындай алады.
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
- MereiNurbol
- 10 қаңтар 2015
- 42364
- 0
- 20
Ілмек сөздер: дидактикалық ойындар, жемістер мен көкөністерді ажырату, атауларын айту
Ұқсас жаңалықтар:
Шалқан ертегісі
Балаларға ертегіні оқып беріп, әңгімелеу. Әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарын, қызығушылықтарын қалыптастыру...."Жеміс-жидектер"
Мақсаты: Жаңа сөздерді меңгерте отырып, жеміс - жидектерді атай білуге дағдыландыру. Көкөністер мен жемістерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету....Жемістер
Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында...«Не қайда өседі?» ұсақ қол моторикасын дамытушы ойындары
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Білімділік:Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу. Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.