Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Қызыл телпектің саяхаты»
Мақсаты;
Білімділік: «Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, ән, өлең айту қабілеттерін шыңдай отыра, жұмбақтар шешу арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, ұғымпаз, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Қостілдік: Қызыл телпек - красная шапочка, қасқыр - волк, әже - бабушка.
Сөздік: «Ертегі сыр шертеді»
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз!
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Қане балалар бір - бірімізге мейірім сыйлайықшы, ол үшін бір - бірімізге қарап күлеміз, енді балалар бір - бірімізге жылулық сыйлайықшы, алақандарымызбен бір - бірімізге жылулық берейік. Балалар орындарымызға отырайық. Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз!
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Балалар қонақтармен амандасады, жылулық шеңбері арқылы бір - бірлеріне мейірім, күннің жылуын сыйлайды.
Іздену ұйымдастырушы 1. Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естіле ме, біреу есік қағып тұрған сияқты?
Осы кезде залға музыка әуенімен Қызыл телпек кіреді. Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, сәлеметсіздер ме сүйкімді балалар! Мен ертегілер елінен келдім. Әжеме кетіп бара жатып, мына зәулім бөбек - жайды көрдім. Іші қандай керемет. Балалар маған ренжімеңдер, менің әжем ауырып жатыр, мен ұзақ жол жүремін. Сау болыңдар!
2. Балалар Қызыл телпекке тілек айтайықшы «Жолыңыз болсын, әжеңіз сауығып кетсін, сау болыңыз Қызыл телпек!».
3.- Балалар тақтаға қарайықшы, тақтадан кімді көріп отырмыз?
- иә, Қызыл телпекті.
- Ол кімге кетіп бара жатыр?
- Әжесіне.
- Ертегіде Қызыл телпектің әжесіне не болады?
- Дұрыс айтасыңдар, Қызыл телпектің әжесі ауырып қалады?
- Балалар Қызыл телпек себетіне не салып алған, әжесіне не апара жатыр?
- Бәліш.
- Дұрыс айтасыңдар балалар.
- Балалар Қызыл телпек ну орманға да жетіпті, ал сендер білесіңдер ме, орманда қандай аңдар өмір сүреді, кім айтады?
- аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан.
- балалар осы аңдардың ішінде, қыста қайсысы ұйықтайды,
- иә, аю қыс бойы ұйықтап шығады екен.
4. Қызыл телпек әлі келе жатыр, ендеше балалар, Қызыл телпек әжесіне тез жетсін десеңдер, біз оған көмектесейік. Ол үшін осы көрсетілген аңдар туралы, тақпақтарымызды айтайықшы.
- Аю туралы кім тақпақ айтады.
Ормандағы аюдың,
құлпынайы көп екен,
теріп - теріп алайық,
аюдан біз қашайық.
- балалар осы аңдардың ішінде кім қорқақ екен?
- Қоян, олай болса, қоян туралы кім тақпақ біледі екен?
Ұзын құлақ сұр қоян,
естіп қалып сыбдырды,
ойлы - қырлы жерлермен,
ытқып - ытқып секірді.
5. Балалар тақтаға назар аударайық, Қызыл телпекті кім аңдып жүр?
- Қасқыр.
Қасқырды біз орысша қалай атаймыз? Волк.
Мына қасқыр бізге хат жіберген екен,
Осы кезде қасқыр сөйлейді: «Балалар егер менің мына жұмбағымды шешсеңдер, мен Қызыл телпекті жемеймін.
- балалар, олай болса Қызыл телпекке көмектесейік, жұмбақты шешеміз бе балалар.
Жұмбақ:
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады,
Айтыңдаршы бөбектерім, бұл қай кезде болады?
- қасқыр қай мезгілді айтып отыр балалар, қыс мезгілі.
- Балалар, қыс мезгілінде не болады?
- шана тебеміз, аққала соғамыз, жаңа жыл мерекесі болады, тоңамыз, жылы киінеміз, үйде пеш жағамыз, сырғанақ тебеміз, мұз айдынына барамыз, аяз ата келеді.
- қандай ақылды балаларсыңдар, Қасқыр сендерге риза болды, балалар Қызыл телпек ұзақ жол жүрді, ендеше балалар Қызыл телпек әжесіне тез жетсін десеңдер «Қызыл телпек» биін билейікші. Орындарымыздан тұрамыз, қане би билейміз! (Музыка қойылып, балалар би билейді, сергіту сәті жасалады).
- Балалар есімізге түсірейікші, Қызыл телпектің әжесіне не болды? Қызыл телпек әжесіне не үшін бара жатыр.
- Иә балалар әжесі ауырып қалыпты, ауырған адамға біз не береміз балалар?
- дәрі - дәрмек, және жақсы көңіл - күй сыйлаймыз. Көңіл - күйі жақсы адам тез жазылады емес пе. Олай болса, балалар Қызыл телпектің әжесіне жақсы көңіл - күй сыйлайық. Кім әже туралы тақпақтар біледі. Өте жақсы балалар, өркендерің өссін.
Балалар біз ойын ойнаймыз. Сендерге бәліш пен саңырауқұлақтар таратып беремін. Әжеміз ертегіде не жейді, бәліш жейді емес пе? Ендеше балалар мына саңырауқұлақтардың ішінен бәлішті жинап, себетке саламыз.
- Өте керемет балалар, қане тақтаға қарайықшы, Қызыл телпек әжесіне аман - есен жетіпті, қасқыр да өз уәдесінде тұрыпты. (Осы жерде есік қағылып, музыка әуенімен Қызыл телпек келеді. «Балалар сендерге көп рахмет, сендер мені қасқырдан құтқардыңдар, себебі сендер маған көмектестіңдер, әжеме жақсы көңіл - күй сыйладыңдар. Мына Ақерке бөбек - жайында білімді, тәртіпті балалар тұрады екен. Әжем сендерге мына тәттілерді беріп жіберді. Бұл тәттілерді топқа барғанда жейсіңдер. Мен оны мына Мерей Төлеубайқызына беріп кетемін. Сау болыңдар, кішкентай менің достарым!
- Сау болыңыз! Иә, біреу есік қағып тұр.
Балалар Қызыл телпекпен амандасады, жақсы тілектер тілейді.
«Жолыңыз болсын, әжеңіз сауығып кетсін, сау болыңыз Қызыл телпек!».
Балалар берілген сұрақтарға жауап береді.
Балалар Қызыл телпекке көмектесу үшін, мұғалімнің берген тапсырмаларын мұқият орындайды.
Балалар аңдар туралы тақпақтарын айтады.
Балалар Қасқырдың берген жұмбағын шешеді.
Балалар берілген сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәті «Қызыл телпек биі»
Рефлексивті коррекциялаушы. Қорытындылау
- Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Қызыл телпек.
- Қызыл телпекке көмек көрсету үшін біз не істедік?
- Жұмбақ шештік, өлең айттық, тақпақ айттық, сурет салдық, би биледік.
Ормандағы қандай аңдармен таныстық?
- аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан.
- Балалар міне сеңдердің арқаларында Қызыл телпекті қасқырдан құтқардық, әжесіне жылдам баруға көмектестік.
- Балалар көңіл - күйлерін қандай? Әрқашанда көңілдерін жарқын, аспандарын ашық, жүздерін қуаныш пен нұрға толсын деген тілекпен бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.
- Сау болыңдар, балалар!
- Қызыл телпек.
- Жұмбақ шештік, өлең айттық, тақпақ айттық, сурет салдық.
- аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан.
- Сау болыңыз Мерей Төлеубайқызы!
Күтілген нәтиже.
Білуі: Қызыл телпек ертегісін біледі.
Меңгеруі: Жұмбақ шешуді, ән, тақпақ айтуды, сурет салуды, билеуді меңгерді.
Жасай алады: Берілген тапсырмаларды мұқият орындай алады.
Қызыл телпектің саяхаты
- MereiNurbol
- 10 қаңтар 2015
- 9419
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тіл дамыту, Қызыл телпектің саяхаты, бала бақшаға арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Ойындар әлеміне саяхат
Мақсаты: Балаларға жыл бойы өткенді қайталатып, білімдерін тиянақтау. Ойындар арқылы көктем мезгілінің ерекшеліктерін, орман және үй жануарларының...Қызыл телпектің бәліші
балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. нанды есуге, илеуге, домалатуға, қағаз бетіне таңба салуға үйрету....Қызыл Телпектің хиқаялары
«Қызыл Телпектің хикаялары» Музыка ойналады (балалар кіреді). Шаттық шеңбері: Армысыз, қайырлы таң!...Ғажайыпстанға саяхат
Тақырыбы: «Ғажайыпстанға саяхат» Мақсаты: Заттардың әр түрлі топтарын санау оның санын анықтап тура, кері санауға үйрету. Балалардың қарапайым...Жаңа үлгідегі: Қызыл телпек ертегісі
ШҚО, "№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.