Сайтқа кіру Тіркелу

Не қалай дыбыстайды?

Мақсаты: Балаларды үй жануарлары мен оның төлдерімен, тіршіліктерімен таныстыру. Әңгіме құрастыру, сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Не қалай дыбыстайтынын айтып, тілдерін дамыту. Жануарларды күтіп баптауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: сиыр – корова, ешкі – коза, қой - баран, түйе - верблюд, жылқы – лошадь

Шуақ шаша,
Алтын таңда
Мөлдір таза ауада
Табиғатта бәрі оянды
Оян сен де бар бала
- Балалар, ертеңгісін көзімізді ашып терезеге қарасақ, алдымен нені көреміз?
- Әрине, күнді, ол нұрын шашып тұрады. Ол жарқырап нұрын шашып тұрса қалай қуанамыз?
- Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру керек. Балалар келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз
Білер қазақ баласы
«Сәлем – сөздің анасы»
Сәлеметсіздер ме, қонақтар?!
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
- Балалар, бүгінгі ҰОӘ - де үй жануарлары туралы, төлдері, олардың қалай дыбыстайтыны жайында танысамыз. Сендер осы қонаққа барғыларың келе ме? Біз бүгін ата - мен әженің ауылына қонаққа барамыз. Біз ауылға бару үшін, жаяу жүріп, жол кедергілерінен өтуіміз қажет. Судан, аяғымызды су қылмай секіріп, бұралаң жолдардан өтуіміз керек. Тасты жерлерде аяқтарымызды ұрып алмай, абайлап өтейік.

- Балалар, қазақ халқының негізгі тіршілігі мал шаруашылығы болған. Ата - бабамыз малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп, өте зор көңіл бөлген. Төрт түлік мінсе көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі болған.

- Балалар, сендерді аналарың, ата - әжелерін қалай еркелетеді?
- Міне, балалар, сендерді еркелеткенде төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады.
- Балалар, сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Оларды неге үй жануарлары дейді?
Себебі, адамдардың көмегімен үйде өсіріледі. (Өстіп келе жатып, алдарынан түйе кездеседі)
1) Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Түйе - верблюд
Түйе – бірнеше күн аштыққа шыдайды. Сол себепті басқа жануарлар жемейтін тікен мен шөпті жеп, арқасына май жинайды, оны өркеш дейді. Түйенің пайдасы мол. Сүті (шұбат), терісі, жүні адам қажетін өтейді.
2) Шайнаңдайды сағыз,
Сүттің емі нағыз.
Жылқы - лошадь

Жылқы – ең жүйрік жануарлардың бірі, оны арба мен шанаға жегеді, мінеді, сүтінен қымыз ашытады. Етінен жал, жая, қазы, қарта, шұжық әзірленеді.
3) Өзі күшті, мүйізі мықты
Төрт бұлағы – сүт, баға білсең құт.
Сиыр - корова
Сиыр – сүт береді, ал сүтінен қаймақ, май, ірімшік жасайды.
4) Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Қой - баран
Қой – еті дәмді, терісін илеп, өңдеп жылы сырт киім тон, аяқ киім де тігеді. Жүнінен киіз басады, киім, қолғап, мата тоқиды.
5) Төлі егіз, өзі семіз
Айтшы, қане, қай түлік дейміз?
Ешкі - коза
Ешкі – сүті емді. Етін жейміз.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап»
Шарты: Әр малдың төлдерін тауып, қастарына қою

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×