Сайтқа кіру Тіркелу

Ғарышқа саяхат

Технологиялық карта «Гүлдер» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (слайдымен)
Мақсаты: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу, көктем ерекшеліктерін мерекелерді
естеріне түсіре отырып әңгімелету. Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін жетілдіру; ғарыш әлемі және құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру; сөздік қорларын молайту; еске сақтау, ой - өрістерін, зейіндерін дамыту. Балаларды батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, көңіл - күйді көтеру, ойын.
Көрнекілігі: слайд, таратпа материал, үлгілер.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, құрастыру.
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.
Билингвистикалық компонент: зымыран - ракета

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Амандасу: Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар!
Қайырлы таң!
Достасқан бар, балалар.
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын білеміз ба?
- Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ал осы наурыз айында қандай мерекелерді тойладық?
- Балалар, кәне бәріміз осы көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып, әуен арқылы көрсетсек қалай болады?

Бұлттар: Жер анаға көмегім
Жаңбыр болып төгемін,
Төмендеймін, көлбеймін
Бөгелмеймін, өрлеймін.

Тамшылар: Бұлттар, бұлттар ойнашы
Күркіреп, дүркіреп
Бұлттар, бұлттар ойнашы
Сіркіреп, дүркіреп.
Бұлттар: Нөсер, нөсер төк - төк
Болсын егін көп - көп

Сулар: Сылдыр - сылдыр сылдырлап
Су ағады сыңғырлап.
Бау - бақшаны аралап
Су ағады жағалап.
Тамшылар кетіп, бұлттың арасынан күн шығады.

Күн: Құшағын ашып шуақты
Күнмін алтын сияқты

Кемпірқосақ: Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды
Көкте, қызыл, жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Құстар: Көкке қанат қағамыз,
Көктем әнін саламыз.
Гүлдер: Бәйшешекпіз құлпырған
Көрік берер далаға.
Жарайсыңдар, балалар, міне көктем мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен қуантады екен. Ал көктемнің осы айы нешінші айы?
- Осы ай қалай деп аталады?
- Иә, бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар. Ол - ғарышкерлер мерекесі.
Жұмбақ шешу: Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/
Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/

Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де, көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар, сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам, ол Ю. Гагарин деген кісі. Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері - Т. Әубәкіров және Т. Мұсабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек. Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады, балалар?

Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі. Онымен адамдар аспанға ұшып, аспан кеңістігін зерттейді. Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен. Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде Қызылорда облысында орналасқан. Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы скафандр киген. Ғарышта ауа жоқ, сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады. Балалар, біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой. Қане есімізге түсірейік, кім айтады?

Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын..

Көкке ұшамын
Ұшқыр болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның.
Батыр болам -
Көк аспанда сүйемін.
Жұлдыздарға барып - келіп жүремін.
Сергіту сәті: Бойымызды, денемізді оятайық.
Сәлем көздер, оянайық
Сәлем құлақтар, оянайық
Сәлем қолдар, оянайық
Сәлем аяқтар, оянайық.
Ғажайып сәт: Балалар, казір бізге бір қонақ келеді. Мынау кім, балалар?
Робот: Са - ла - мат - сың - дар ма, ба - ла - лар, сен - дер қай ға - лам - да тұ - ра - сың - дар?
Балалар: Жер ғаламында тұрамыз.
Робот: Сен - дер - дің жер - ле - рің қа - лай деп а - та - ла - ды?
Балалар: Қазақ жері деп аталады?
Робот: Балалар, мен жалғыз келген жоқпын қасымда досым бар. Ол сендерге өз өнерін көрсеткісі келіп тұр.
Орталықпен жұмыстану:
Балалар, кәне 3топқа бөлініп отырайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ғажайып ғарыш әлемі

Ғажайып ғарыш әлемі

Мақсаты: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен - кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру....
Қызықты ғарыш әлемі, «The world of interesting space»

Қызықты ғарыш әлемі, «The world of interesting space»

Ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, әр түрлі тапсырмалар бере отырып жыл бойына алған білімдерін қорытындылау; Сөздерді қазақ және ағылшын тілінде...
Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру

Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру

Тақырыбы: «Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру.» Мақсаты: а) ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы, Қазақстанның...
«Ғарыш», «Зымыран»

«Ғарыш», «Зымыран»

Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның бейнелеу өнері маманы Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы...

"Ғарышқа саяхат"

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасы Айналамен таныстыру Ортаңғы «а» тобы Тәрбиеші: Серікбаева Клара «...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×