Сайтқа кіру Тіркелу

Жәндіктер, Жұмырқұртты бейнелеу

Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған іс әрекеті Бейнелеу іс - әрекеті
Тақырыбы: «Жәндіктер» «Жұмырқұрт»
Мақсаты: Табиғаттағы тіршіліктің оянуын түсіндіру. Жәндіктердің сыртқы түрі, тіршілігі, қимыл – ерекшелігі жайлы түсінікті бекіту.. Компьютерде жұмыс жасау іскерлігіне төселдіруді жалғастыру. Жылы, суық түстерді айыруды және түсті бояуларды көркемдіктің айқын құралдары ретінде пайдалана білуді бекіту. Бейнелеу өнері іс - әрекетінен алған білімдерін: дөңгелек пішіндерді бейнелеуде, дәстүрден тыс бейнелеу тәсілі, картоп бастырмасымен сурет салуды, мүсіндеу іс - әрекеті тәсілдерін орынды қолдануды, жапсыру іс - әрекетінде шаршыдан дөңгелек пішінді қиып бейне құру іскерліктерін бекіту. Табиғатты қорғай білуге, оларға қамқор бола білуге, тазалыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түзете дамыту: Балалардың тілі мен сөздік қорын дамыту. Компьютер және бейнелеу құралдарымен жұмыс жасауда балалардың ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Фонетикалық - фонематикалық есту қабілетін дамыту. Лого ырғақтық өлең жолдарымен үндесуін дамыту. Балалардың зейінін тұрақтау.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру. Көрсету. Сұрақ - жауап. Сурет бойынша жұмыс. Тақпақтар. Тілдік жаттығулар.
Көрнекіліктер мен құралдар: Түсті гуаштар. Құтыдағы бояуға малынған поролон, альбом парақтары, шүберек, картоп бастырмалары, қылқалам, су құтысы. «Жәндіктер» шынайы түрі, суреттер және видео роликтер

Мотивациялық ынталандырушылық Балалар музыка әуенімен залға кіріп, педагогтың жанына тұрады.
-- Ал, балалар күннің нұрымен қуаттанып, таза ауамен тыныстап, бойымызға, күш - қуат жинап алайық. Енді алған жылуымызды айналамыздағы барлық адамдарға таратайық, оқу іс - әрекетін бастайық.
- Балалар бүгін аптаның нешінші күні?
- Бір аптада неше күн бар екенін өзіміз айтып берейікші.
- Дүйсенбіде доп ойнадым далада.
- Сейсенбіде серуен құрдым қалада.
- Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп.
- Бейсенбіде би биледім әндетіп.
- Жұма күні жидек тердім ағаштан.
- Сенбі күні кино көрдім клубтан.
- Жексенбіде үйде болдым демалдым
Осылайша өте шықты бір апта.
- Ал, жылдың қандай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар? Қандай айларды білесіңдер?
- Мамыр айының қандай ерекшелігі бар?

- Педагог: Мен сендермен «Дыбысынан таны»жұмбақ ойынын жасырайын сендер, ненің дыбысы екенін табыңдар
- Педагог жәндіктердің дыбысын біртіндеп тыңдатады. Артикуляциялық жаттығулар
- Ж - ж - ж - ж!
- Бұл ненің дыбысы?
- Қане бәріміз қайталайық.
- З - з - з - з!
- Бұл ненің дыбысы?
- Қане бәріміз қайталайық
Ара қалай дыбыстайды.
- Шегіртке қалай дыбыстайды?
- Шр - шр - шр - шр. /дыбыстарын тыңдайық/ Бұларды бір сөзбен жәндіктер дейді
Ал кім жәндіктер туралы тақпақтар біледі?
Арслан
«Жәндіктер»
- Балалар – ау, балалар?
Алаңқайға шығайық,
Көктем тілін ұғайық.
Құрт - құмырсқа көбелек,
Ұшып жүрген бөгелек.
Динара:
Ара, ара, аралар,
Гүл қауызын жағалар.
Оны баққан ағалар,
Шелек, шелек бал алар.
Жасұлан:
Инелік - ау, инелік
Қаша берме именіп.
Түспей - ақ қой торыма,
Қоншы келіп қолыма.
Анықтап бір қарайын,
Суретіңді салайын.
Суреттерді көрсете отырып, олардың қалай аталатынын, дене құрлысы қандай, қай жерде мекен ететіндерін айтып түсінік береді

Балалар терең тыныс алады, қолдарын жоғары көтереді, жүрек тұсына қолдарын апарып алақандарынан жылы лепті үрлейді

- Көктем мезгілі
- Үш ай бар
- наурыз, сәуір мамыр
Гүлдер, жәндіктер пайда болады. Құстар жұмыртқа басады. Одан балапандар шығады. Жидектер піседі.

- Бұл қоңыздың дыбысы
- Ж - ж - ж - ж!
- Бұл шыбынның дыбысы
- З - з - з - з!/жіңішке/
Масаның дыбысы.
- З - з - з /жуан дыбыспен/

айтады Логоырғақ:
Ке - ке - ке, шырылдауық шегіртке,
Ші - ші, торын құрар өрмекші.
Ра - ра - ра бал жинайды ара.
Ын - ын - ызылдайды шыбын
Са - са шағып алар маса.
Ек - ек гүлге қонар көбелек

- Балалар қазір мен жұмбақ жасырамын сендер оның не екенін табыңдар?
Көп аяғы бар
Басында екі таяғы бар,
Жапырақ – деген, қорегі бар
- Бұл не?
- Балалар қане жұмырқұртты жақыннан қарап көрелік
Педагог балалармен бірге жұмырқұртты бақылап, құрылысын қарайды?
-- Балалар денесі қандай пішінге ұқсайды Неше дөңгелекті көріп тұрсыңдар?
- Тағы нелері бар?
Компьютерлік дидактикалық ойын:
«Жылы - суық түстер

Саусақ жаттығуы.
«Қырқаяқ»
Келе жатты қырқаяқ,
Аяқтары қырық аяқ
Бірін бірі қуалай,
Кездесті, амандасты,
Әзер ажырасты.

Педагогтың оқу іс - әрекетіне басшылық жасуы көрсетуі.
Екі - үштен балалар шағын топ шеберханасына ұйымдасып әр бала өз іс - әрекетінің тұсына отырады. Бір топ жапсыруға, екінші топ, мүсінге, үшінші топ сурет құрал - жабдықтарына отырады. Өткен іс әрекеттерді еске түсіру

- Жұмырқұрт
Дөңгелек пішінге ұқсайды
көп дөңгелектен тұрады
Аяқтары бар.
Ұйымдастырушылық ізденушілік
отырып, жұмырқұртты әр түрлі іс - әрекетте бейнелейді. Мүсіндеуде тастанды жабдықтарды пайдалануға болады.
Жеке балалардың жұмысы.
Педагог балалар жұмысын қадағалайды.

Балалар өз бетінше жұмыстанады
Рефлексифті
түзетушілік - Балалар біз немен шұғылдандық?
- Ненің суретін салдыңдар?
- Жұмырқұрттың түсі, пішіні қандай?
- Біз жұмырқұртты қалай бейнеледік
- Бір сөзбен ара, маса, қоңыз, жұмырқұрттарды қалай айтамыз?
- Сурет салдық, мүсіндедік және қиып жапсырдық.
- жұмырқұртты
Жасыл, дөңгелектерден тұрады
Картоп бастырмасымен суретін салдық.
Ермексазбен мүсіндедік, қағазбен қиып жапсырдық.
- Жәндіктер деп айтамыз.
Білуі керек; Жәндіктердің атын, түсін,
тұрмыс тіршілігін пішінін білді
Түсінігі: Жұмырқұртты бейнелеу өнері құралдарымен бейнелеуге болатындығын түсінді
Дағдысы: Бейнелеу түрлері тәсілдерімен жұмыс жасау техникасына, дағды қалыптасты.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×