Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы табиғат жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, табиғатты қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал - мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.
3. Тәрбиелік: отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң - құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер: Армысың, қайырымды Аспан - Ата!
Армысың, шұғылалы Алтын - күн
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Саламатсыздар ма, қонақтар.
Ойын:"Табиғат деген не?"
Шарты: Мен сендерге доп лақтырып сұрақтар қоямын сендер жауап бересіңдер?
1) Табиғат деген не?
- Қоршаған орта.
2) Қоршаған орта деген не?
- Жер, су, ауа, өсімдік, т. б.
3) Табиғат нешеге бөлінеді?
- Екіге. Өлі және тірі.
4) Өлі табиғат деген не?
- тау, тас, су, өзен, көл, құм т. б.
5) Тірі табиғат деген не?
- Жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар т. б.
Т:- Жарайсыңдар балалар бұл ойынды керемет ойнадыңдар келесі ойынымыздың аты
Ойын: "Шатаспақ"
Шарты: Өлі табиғат, тірі табиғаттың суреттер шатасып қалған соны дұрыстауымыз керек.
- Осы сәтте қоян келеді орманнан Қоян: Мен орманнан келдім сіздерге "Табиғат ананың"хатын алып келдім.
Хат
Сәлеметсіңдер ма"Тұлпар"тобының балалары сендер табиғатты аялауды білесіңдер ме? Мен бүгін жолда келе жатқанда мына сынық ағаштың бұтағын көріп қатты ренжідім. Осы бұтаны сіздерге жібердім оған сіздердің аялы алақандарыңыз жетпей тұр.
Т:- Балалар табиғат ана бізден табиғатты аялауды білесіңдер ма?- деп сұрайды. Олай болса мынадай ойын ойнайық"Дұрыс, дұрыс емес?"
Ойын:"Дұрыс, дұрыс емес."
Шарты: Слайдтан суреттер көрсетіледі соның ішінде қайсысы дұрыс, дұрыс емес екенін айту.
Т:- Жарайсыңдар балалар олай болса табиғат ананың беріп жіберген бұтасын суға салып қояйық содан кейін оны далаға отырғызамыз, ал оған дейін мен сендерге мынадай гүл әкелдім оны құмыраға отырғызайық. (балалар гүлге өздерінің жылы сөздерін айтады.)
Т:- Жер, табиғат туралы ақындар көп өлеңдер жазған, ал сендер не білесіңдер?
Аяулым: Жер ана сенсіз өмір жоқ
Тұрса мәңгі күн шығып
Гүлденсең болды көңіл тоқ.
Сенсіз белес бір шыбық.
Наргиз: Көлдің суы молығар
Үлкен кіші шомылар
Мен жүгіріп жүргенде
Гулденген көп далалар
Жаннұр: Көгінде құстар қалқыған
Көліне бұлақ қосылған
Ішсең мейір қандырған
Ұмыттың ба балдырған?
Саят: Ыстықты болса көлеңке
Жемісі шырын тағы бар
Ауылда әрбір береке,
Күтетін баптап тағы бар.
Айдана: Бар ма сол сенің ауылында
Жайқалған желек саябақ
Көрдің бе сен бағынды
Қамқорлық болып аялап
Мақалдар:
Аяулым:- Қыстағы қар жер ырысы
- Жаздың бір күні, қыстың мың күніне татыр.
Наргиз.- Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла.
Жаннұр:- Сәуір болса күн күркірер, күн күркіресе көк дүркірер
Саят:- Тау мен тасты су бұзар адамзатты сөз бұзар.
Айдана:- Өмір жасыңды ұзартқың келсе ағаш ек.
Тыйым сөздер:
Алихан:- Судың да сұрауы бар
- Бақ өсіргенің бағы жанар.
Жанерке:- Жұпар ауа дертке дауа.
- Көкті жұлма көктей соларсың.
Разиянұр:- Туған жердің топырағы да ыстық.
- Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.
Анель:- Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса жақсылық болады, өйткені бұл құстар адамға дос. Сондықтан ұясын бұзбайды.
Жарас:- Құмырсқаның илеуін бұзсаң,
Үй ішіне кесапаты тиеді.
Салтанат:- Торғайдың жұмыртқасын шақсаң, бетіне шұбар түсуі мүмкін.
- Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды қарғысы қатты болады.
Т:- Осымен бүгінгі "Табиғатты аялайық "атты ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз аяқталды көріп тамашалағандарыңызға рақмет.
Табиғатқа аялы алақан
- Римма Риммок
- 26 маусым 2014
- 11244
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Табиғатқа аялы алақан, табиғат жайлы түсінігін тереңдету
Ұқсас жаңалықтар:
Табиғатты аялайық (шығарма)
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз....Жыл мезгілдеріндегі көжектерге қамқорлық
Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы табиғат жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, табиғатты...Тірі және өлі табиғат
БҚО, Орал қаласы, №35 «Шұғыла» бөбекжайы МКҚК - ның тәрбиешісі Татпанова Жадыра Тұрарбекқызы...Тірі және өлі табиғат
Усенова Асемгул Қарағұлқызы...Табиғатты аялай да, бағалайык та білейік
Оңтүстік Қазақстан облысы,Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Кененбаева Жанар Кулахметовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.