Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: бейнелеу.
Тақырыбы: «Жомарт күз»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға табиғат туралы, күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту.
Тәрбиешілік: Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: 1. Түсіндіру әдісі.
2. Тосын жағдай.
3. Қылқаламмен сурет салу.
4. Сұрақ - жауап әдісі.
Қолданылатын көрнектіліктер:
Тәрбиеші үшін: үлгі сурет, қылқалам, су бояу.
Балалар үшін: қол сүртетін сүлгі, қылқалам, су бояу.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы.
Алдымен сәлемдесу: рәсімімен басталатын сабақта балалар бір - біріне жылылық шырай таныту үшін
Біздің күлкіміз көңілді.
Жеткізсін жылу мен шаттықты
Бөліскен жақсы ғой өмірде
Қуаныш, мейірім, бақытты.
Сәлеметсіз бе?- деген жылы сөздер айтады.
Тәрбиеші: балалар сендерді шын көңілмен қуаныш шеңберіне шақырамын.
Біздің жасап тұрған шеңберіміз неге ұқсайды?
( Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, керегесі кең, босағасы берік, үлкен киіз үйдің шаңырағына ұқсайды екен. Демек бұл біздің балабақша. Мұнда біз ынтымақты өмір сүріп, тәлім - тәрбие алып жүрміз. Енді бір - бірімізбен дос, бауыр тату ойнайтынымызды дәлелдеп, алақандарымызды беттестірейікші. Алақандарыңызды түйістіргенде нені сезінеміз?
Балалар: жылылықты.
Тәрбиеші: Жылылық қай жерімізден шығады?
Балалар: Жүрегімізден.
Тәрбиеші: Ендеше жүрегімізден шыққан жылылықтың қуатымен: «Жақсы сөз - жарым ырыс» демекші бір - бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Мен бастайын, сендер жалғастырыңдар.
Бәріміз күндей жарқырайық.
Мен табиғатты сүйемін.
Аспанымыз ашық болсын.
Тату дос болайық.
Тәрбиеші: Өте жақсы, қандай әдемі тамаша тілектер айттыңдар. Адамдар бір - біріне жылы сөздер айтқанда айналаның ерекше жарқырай түседі.
Енді орынымызға отырайық.
Балалар, мен жұмбақ - өлең оқимын мұқият тыңдап не туралы екенін айтып беріңдер:
Шөп сарғайып,
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бай жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Қай мезгіл, кім айтады?
- Күз
- Дұрыс айтасыңдар, рахмет.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Алтын күз» деп аталады.
Неліктен «Алтын күз» дейміз.
Күз түскенде күн салқындайды. Шөптер, жапырақтар алтындай сап - сары болып, сарғаяды, сондықтан «Алтын күз» деп атайды.
Күздің басқа жыл мезгілімен қандай ерекшелігі бар?
- Күн қысқа, түн ұзақ. Жаңбыр жиі жауады. Күзде астық жиналады.
Тәрбиеші: Күзде неше ай бар?
( Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Енді балалар тыныштық сақтап 1, 2, 3 дегенде көзді жұмып күзгі орманға қиялмен серуендеп қайтайық.
Тәрбиеші: Орман іші қандай тып - тыныш.
Жапырақтан айырылған ағаштар сығандай. Аяқ асты сары жапыраққа толы. Ауасы қандай керемет. 1, 2, 3 көзімізді аштық та қайтіп балабақшамызға оралдық. Есік қағып, Күз ханшайымы қонаққа келеді.
Тәрбиеші: бізге қонақ келіп қалыпты.
Сәлеметсің ба күз ханшайымы.
Балалар күз ханшайымының көңіл күйі жоқ секілді. Не себепті жабырқаулы күйде екен өзінен сұрап көрейік. Күз ханшайымы сен неге көңілсізсің?
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер білімдеріңді көрсетіп белсенділік таныттыңдар. Енді орындарымыздан тұрып сергіту жаттығу жасайық
Қане қанат жазайық.
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Тәрбиеші: рахмет балалар енді орындарымызға жайғасайық та Күз
ханшайымының талдарына жапырақтар жасайық.
Жапырақтың салыну техникасын түсіндіріп, содан соң, жұмысқа кірісу.
Тәрбиеші: Аяқтаған жұмыстарды арнайы тақтаға іліп, қояды.
Ақын М. Айтовтың «Алтын күзде» шығармасынан үзінді оқиды.
Күзде дала жаурайды.
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды.
Соңынан тәрбиеші сабақты қорытындылап, жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.
Сендерді жүректен жүрекке шеңберіне шақырамын.
Қиын шақта достарды біз қолдайық.
Келесі көріскенше сау болайық.
Жомарт күз
- Кондыбаева Г
- 18 мам 2014
- 26558
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жомарт күз, алтын күз жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
Берекелі алтын күз
Қош келдіңіз көрермен Бүгінгі ертеңгілікке Отырыңыз қол соғып Шат күлкіге бөлене...Жемістер
Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында...Күз көрінісі (серуен)
Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту. Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттағы мерзімдік...Пішіндер бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...Арайлы алтын күз
Қызыл, сары, алтын көк Алуан алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады жадырап...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.