Тақырыбы: «Қанатты досымыз - Қарлығаш!»
Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін толықтыру. Құстарды ажыратып, атын атай білуге, құстар туралы халық болжамдарын игеруге дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Құстар туралы мақал - мәтелдерді айта білуге үйрету.
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Балалар біздің балабақшамызға қонақ апайлар келіпті кәне амандасайық!
Балалар барлығымыз жайланып отырып көзімізді жұмамыз. Өзімізді орманда жүрміз деп елестетейік. Жапырақ иісін иіскеп құстар әнін тыңдап, орманда қыдырып келеміз. Аяқ астымызда сылдырап су ағып жатыр. Судың дауысын естуге тырысайық! Судың аққанын, орман тыныштығын құстардың әнін естуге тырысайық! Осылардың барлығын тыңдап өзімізге жайлы орынға отырайық! Жанымызда раушан гүлі өсіп тұр. Оны алып құшырлана иіске, ол сенің бүкіл денеңе хош иіс береді. Өзіңнің демалғаныңды сезген кезде көздеріңді ашуларыңа болады.
- Балалар біздер көз алдымызға нені елестеттік?
Слайд 1. Табиғат туралы.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінің неше айы
бар?
- Қазір қандай ай?
- Жарайсыңдар, көктем мезгілінде қандай табиғатта қандай өзгерістер болады?
Слайд 2
Балалар көктемде жылы жақтан құстар келеді екен. Қандай құстар келетінін білеміз бе?
- Жақсы балалар, құстар туралы қане кім тақпақ біледі.
- Ал енді балалар құстар туралы қандай мақал мәтелдер білеміз?
Слайд 3
- Жақсы балалар. Енді көктемде алғаш келетін
құстардың бірі адамның досы қандай құс?
Қарлығаш балалар адамның досы екен. ол өз ұясын ағаш басына, үй төбесіне салады екен.
Слайд 4.(Аққу, көгершін, қыран, сұңқар суреттері)
Тағы қандай киелі құстарды білеміз?
Слайд 5.
- Балалар қане суретке назар салайық.
Не көріп тұрмыз?
Ағаштар басында құстар қалай орналасқан?
- Құстардың жоғары - төмен ұшуына байланысты қазақ халқымыз ауа - райын болжауды үйреніпті.
- Балалар енді біліп жүретін боламыз.
Жарайсыңдар, енді балалар
«Күн мен жаңбыр»ойынын ойнап жіберейік.(Шартын түсіндіремін)
Слайд 6. Суреттерді сандармен сәйкестендіру.
Балалар біздер ге мынадай тапсырма беріліп тұр екен.
Барлығымыз суретке қарайықшы.
Нені көріп тұрмыз?
Барлығымыз алдымызда үлестірілген тапсырмаларға назар аударамыз. Суреттерді қарап санап, қалташаларына санын саламыз.
(суретке қарап)
- Мынау не балалар?
- сурет бойынша күн нешеу?
Ендеше 1 санын күннің қалташасына саламыз.
- Тағы нені көріп тұрмыз?
- Ал бұлттар нешеу екен? 3 санын бұлттар қалташасына саламыз.
Суретте тағы нелер бейнеленген?
- Олардың саны қанша екен?
Ендеше 3 санын қалташасына саламыз.
- Тағы балалар суретке назар аударайық. Тағы нелер бар?
- Құстардың саны нешеу екен? Санайықшы.
- Олай болса 4 санын қалташасына саламыз.
Слайд 7.
Сергіту сәті:«Ну ормандағы жаңбыр»
Барлығымыз оңға бұрыламыз. Екі қолымыздың саусақтарының көмегі арқылы алдымыздағы балалардың арқасына сергіту жаттығуларын жасаймыз.
- Күн ашық еді. кенет жаңбыр жауа бастады. Жаңбыр нөсерлете жауды. Жаңбыр қатты жауды. Жауын басылды, күн шайдай ашылды.
Слайд 8.
-(Суретке назар аудартады.)
- Балалар суреттен нені көріп тұрмыз?
- Ол дұрыс па балалар?
- Осыған байланысты біз қандай тиым сөздер білеміз?
- Жарайсыңдар балалар! Біздер құстарды мәпелеп аялауымыз керек! Олар біздің қанатты достарымыз.
Слайд 9.
- Балалар оқу іс әрекетімізді қорытындылау үшін мынадай тапсырманы орындайық!
- Мына жапсыру жұмысы бойынша аяқталмаған жұмыстарды аяқтауымыз керек екен. Қолымызға желімді алып жұмысты орындаймыз.
- Қане балалар жұмысты орындауға кірісейік.
- Қане балалар енді аяқтамаған жұмыстарымызды топқа барып орындаймыз!
Қане балалар қонақтармен қоштасамыз!
Балалардың іс - әрекеті
Тыныштық сәті.
Балалар тәрбиешінің айтқанымен көздерін жұмып тыныштық сәтіне енеді.
- Ормандағы құстар мен ағаштарды. Құстардың дауысын есіттік.
- Көктем мезгілі.
- Үш айы
бар. Наурыз, сәуір, мамыр.
- Сәуір айы.
- Күн жылынады, сай саладан су ағады, ағаш жапырақтары бүршік жарады, адамдар жеңіл киінеді. Балалар құстарға ұя жасайды.
Я білеміз.
Қараторғай, Қарлығаш, Қаз, Үйрек. Көгершін.
Ділдә:
Көктем сайын әр келген,
Тал терекке мән берген.
Құс қанатты досымыз
Өлкемізге сән берген.
Күтіп қолдың босауын,
Жылда оны тосамын.
Табиғатты қорғауға
Үлесімді қосамын.
Алтынбек: Аққуды атпа, достықты сатпа.
Жәнібек: Құстың да қанаты талады.
Шаттық: Құстың мамығынан қорған үюге болады.
«Қарлығаш»
Бибінұр.
Халық ежелден - ақ құстарға әуес. Халық өз ортасынан шыққан, саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, ел үшін Отан үшін жанын қиған батырларын қыранға, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, елден асқан сұлуды аққуға теңеген. Бейбітшілік пен достықтың белгісі деп ақ
көгершінді санайды.
- Ағаштар, қарлығаш.
- Біреуі төмен, біреуі жоғары.
Айым:
Қарлығаш жоғары ұшса, ауа - райы жақсарады.
Ямур: Ал төмен, жер бауырлай ұшса ауа - райы бұзылады.
Ямур: Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
Балалар ойынды ойнайды.
Балалар суретке назар салады.
- Табиғат суретін.
- Күн.
- Біреу.
- Бұлттар
- Үшеу.
- Ағаштар.
- Екеу.
- Құстар.
- Төртеу.
Балалар тапсырманы мұқият орындайды.
Балалар тапсырманы белсене орындайды.
- Балалар саусақтарының көмегімен сергіту сәтін орындайды.
- Тентек баланың құсты атуы.
- Жоқ.
Ержан: Құс ұясын бұзба.
Адель. құс жұмыртқасын бұзба.
- Балалар қолдарына желім алып жұмысты орындайды.
Сау болыңыздар!
Қанатты досымыз қарлығаш
- Акнур Абдибек
- 17 мам 2014
- 27601
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қанатты досымыз қарлығаш, қарлығаш жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
Құстар біздің досымыз
Мақсаты: Табиғат байлығын қорғау, құстардың тұрмыс - тіршілігімен танысу, көркем сөздермен сөздік қорын молайту. Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап,...Жабайы аңдар
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...Құстарды қарсы алайық
№4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы...Құстар – біздің досымыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...Құс мерекесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.