Сайтқа кіру Тіркелу

Жабайы жануарлар

Оқу іс - әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта
Тобы: №1 «Балапан» ІІ кіші топ
Тәрбиеші: Бағыбергенова Ш
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Экология,
Бөлімдері: Тіл дамыту, ҚМТҚ, Қоршаған орта
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты: Әр аңның атын, балаларын ажыратып дұрыс атауға, жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой – өрісін дамыту. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушы Балалар біздің балабақшамызға қонақ апайлар келіпті кәне амандасайық!
Балалар кеше сендерге орманға саяхатқа шығатыны алдын ала хабарладым ыңғайлы киімдеріңді киіп келіңдер деп. Жарайсыңдар киініп қол сөмкелеріңді әкеліпсіңдер. Ендеше кәне жолға шығайық. Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын!
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Саяхатқа шығатындарына қуанады)
Киімдерін жол сөмкелерінің дайын екендігін көрсетеді.
Іздену ұйымдастырушы Міне балалар орманға да келіп жеттік қараңдаршы орманда ағаштар көп екен. Орманда балалар нелер мекендейді? Дұрыс айтасыңдар балалар! Орманда міне әдемі саңырауқұлақтар да бар екен.
Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естілетін сияқты. Біреу ақырып жатыр кім екен? Аю екен балалар. Аюдың қолында
балы бар екен. Аю бал жиді екен. Аю өзімен бірге ойын әкеліпті кәне қарайын. Жұмбақ
1) «Ұзын құлақ көзі қыли, қорыққан сайын секіреді ылғи». 2) «Төрт түліктің қас жауы, түзде жүрген көк сері»
3) «Құйрығы бұлаң бұлаң етеді, барлығын алдап кетеді.»
4) «Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады». Балалар дұрыс таптыңдар жарайсыңдар!
Балалар орманда тағы қандай аңдар жүреді? Дұрыс айтасыңдар! Міне секіріп, секіріп Қоян да келе жатыр екен қараңдаршы. Балалар қоян не жиді? Қоян сендердің ойын жақсы көретіндеріңді біліп мынадай ойын әкелген екен.«Аңдардың балаларын тап» (шарты: әр аңның балаларын аттарын атап, аналарының қасына қою)
Жарайсыңдар балалар қоянның да ойынын ойнадық.
Балалар тыңдаңдаршы ұлыған дыбыс шығып жатыр. Орманда ұлитын қандай аң? Қасқыр қолында бір ойыны бар екен «Аңдардың жүрісі» Ормандағы ағаштарды, саңырауқұлақты көреді, танысады. Орманда аңдар қасқыр, түлкі, қоян, аю. т/б жабайы аңдар өмір сүреді.
(Ақыратын аю екенін табады) (Аю шығып озін таныстырады)
Жасырылған жұмбақты мұқият тыңдап жауабын табады.

1) «Қоян»
2) «Қасқыр»
3) «Түлкі»
4) «Аю»

Орманда Түлкі, Қасқыр, Қоян бар.
(осы кезде Алина қоян секіріп секіріп шығып таныстыру тақпағын айтады қолында сәбізі бар.) Сәбіз жиді.
Қоянның ойын тапсырмасын орындайды..
Аю – қонжық, Қасқыр - бөлтірік,
Түлкі - мыршай, Қоян - көжегін тауып аналарының қасына орналастырады. Достасып балалармен бірге жүреді
Балалар назарларын дыбысқа аударады. Қасқыр ұлиды.
(қасқыр Нұрбақыт у - у - у - ыр - ыр – ыр етіп келеді өзін таныстырып тақпағын айтады. Қасқырдың ойынын ойнайды)
Рефлексифті
Коррекциялаушы Балалар ағаш арасымен жортып келе жатқан мынау қандай аң? Дұрыс айтасыңдар балалар «Түлкі» Кәне балалар түлкіні тыңдайық бізге не айтады екен. Өзімен бірге ойын да ала келіпті. «Өз түсіңді тап»
Жарайсыңдар балалар! Біздер ормандағы аңдарды көріп таныстық, ойынын ойнадық. Аңдарға рақмет айтып қоштасайық. Біздің бақшамызға қайтатын уақытымыз да таяп қалды. Кәне қоштасайық!
Балалар «Түлкі»
(Түлкі майысып өзі туралы тақпағын айтады. өзімен бірге әкелген ойынды ойнатады)

Балалар өз түстеріне байланысты отырады.
Аңдарға рахмет айтып, қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жабайы жануарлар туралы және олардың балалары туарлы мағлұмат алады. Қандай түсініктерді игереді: Жабайы жануарлар туралы түсініктерді игереді. Меңгерген іскерліктер мен дағдылар: Жабайы жануарларға қамқор болуды тәрбиелеп, меңгереді.

Оқу іс - әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта
Тобы: №1 «Балапан» ІІ кіші топ
Тәрбиеші: Бағыбергенова Шайым
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарларды айыра білуге, атай білуге үйрету. Аңдардың балаларын тани білуге, атай...
Орман иесіне көмек

Орман иесіне көмек

Мақсаты: Жабайы жануарлар тақырыбы бойынша берілген сөздер аю, түлкі, қасқыр, кірпі, қоян, тиіндердің жабайы аң екендігін ұғындыру, қазақ тіліне тән...
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін...
Жабайы жануарлардың тіршілігі

Жабайы жануарлардың тіршілігі

Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...
Жабайы аңдар

Жабайы аңдар

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×