«Жоғарғы топ тәрбиеленушілерін жан-жақты дамытуда ертегінің маңызы»
Менің педогогтік ұстанымым:
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қаблетін дамытады, ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес!»
В.А.Сухомлинский.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Әбішұлы Назарбаевтың:
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-бағдарын анықтап, айқындап берген болатын. Сондықтан бала бақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді.Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде.
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды.Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.
Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын рольі өте зор. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып – терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген.
Мінеки жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі ертегілер.
Мінеки шығармашылық жұмысының зерттелу аясын ертегіге орындауымның өзіндегі негізгі мақсат, оның білім беру мен тәрбие беру саласында маңызы өте зор. Мектеп жасындағы балаларға ертегілерді оқып беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Әрбір ертегіні оқып беріп, таныстыру арқылы танымдық қабілеттерін арттыруға болады. Балабақшадағы жоғарғы топтарда өткізілетін әрбір сабақта ертегілерді негізгі динамикалық қозғаушы күш яғни дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануға болады.
Сонымен қатар өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу әрбір әдіскер мен тәрбиешінің міндеті болса, ертегілерді әртүрлі сабақтарда өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. Сабақ барысында ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін жеткізеді.
Ертегілердің балабақшаның жоғарғы топ тәрбиеленушілерімен өткізілетін сабақтарда қолданылу аясы.
Барлық пәндерде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады.
Енді ертегілерді әр пәнде орынды қалай қолдануға болатындығына тоқтаймыз. Мысалы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» Көркем әдебиет сабағында осы ертегінің оқып, мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтасақ, енді математика сабағында осы ертегінің кейіпкерлерінің пайдаланып денелердің көлемін салыстыруды атап айтсақ түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырып, таныстыруға болады.
«Жеті лақ» ертегісінің сюжеті, суреттері арқылы тура және кері санауға үйретуге болады сонымен қатар жағымды жағымсыз кейіпкерлерді салыстыртуға болады. Жағымсыз кейіпкер қасқыр ол нешеу?(біреу), ешкі нешеу?(біреу)
- Ендеше екеуін салыстырамыз екеуі тең.
- Лақтар нешеу?Лақтар жетеу. Олар қасқыр мен ешкіден көп.
Сонда тәрбиеші бұл суреттерді «көп» және «аз» ұғымдарын тиянақтауда қолдануға болады.
«Тырна мен түлкі» ертегісін оқып беру арқылы математика сабағында «не артық» ойынын ойнатуға болады. Мысалы:
- Балалар ертегіні оқығанда неше кейіпкердің атын естідік
- Тырна мен түлкі яғни олар бір-біріне қонаққа келеді
- Ендеше үстелде қай аң артық
- Аю
- Аю нешеу? Ол біреу
Математика сабағында ертегі кейіпкерлерін ойын ретінде қолдану балаларды естіген ертегі кейіпкерлерін есте сақтау, ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамытады.
Ертегі кейіпкерлерін музыка сабағында пайдалану жоғарғы топтағы тәрбиеленушілердің есте сақтау және дыбыстау қабілеттерін арттырады. Егер тәрбиеші ертегіні өзі оқығанда қызықсыз болады десе түрлі дыбыстық дискілерге жазып әкеліп оқуға болады. Ондай жазбалар музыка пәнінде балалардың есту қабілеттері мен дауыс ырғағын қайталау (ритмдерді таңдау) арттыруға көмектеседі.
«Қызыл телпек» ертегісін тыңдату арқылы, ертегідегі Қызыл телпектің көңіл күйін, қимыл қозғалысын ноталық дыбысталуын қайталатуға болады. Музыка пәнінде дыбысталу ырғағын үйрету арқылы баланың дене мүшелерінің дұрыс шынығуына да әсер етуге болады.
Мысалға: «Не қалай дыбыстайды» ойынын ойнату арқылы балаларға аңдар мен жануарлардың қалай дыбыстайтындығы бойынша балалардың жақ сүйектерінің дұрыс қалыптасуына, есту тілдерінің дұрыс дамуына әсер етеді.Ол үшін музыкадан ноталық сауатты яғни жеті нотаны дұрыс айтып үйреткен дұрыс музыкалық орталықтан
«Қарға мен бұлбұл» ертегісін тыңдату бойынша қай құстың әні
мұндай ноталар арқылы дыбыстық қайталаулар (распевкалар) арқылы балалардың есту қабілеттерін дамытуға болады.
Сонымен бірге аяқ, қол қозғалыстары арқылы жасалатын сергіту сәттерінде музыкалық ертегі кейіпкерлерін алуға болады «Ортеке» әнін орындау арқылы
- Аты шыққан биімен
Мен боламын ортеке
Ойқастаған ортеке
Қой бастаған ортеке
Мен бір билеп берейін
Буындары сыртылдап.тағы сол сияқты айтқанда дауысының әдемі естілетіндігін есту сезім мүшелері арқылы тез айырады. Сосын сабақты қорытындылағанда жағымды дауысты құстың астына қызыл белгімен , ал жағымсыз құстың суретінің астын
көк белгі қойғызуға болады. Бұл түс суық түстер мен жылы түстерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Жалпы ертегілер арқылы балалардың ой өрісін дамыту арқылы бейнелеу пәнінде балалардың заттардың бейнелеп көлемін, сызық түрлерін және бояу түрлерін ажырата білуге үйретеді.Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлердің суретін құрастыруға бояуға болады. Мысалы атап айтқанда қонжық көлемі сопақ, қисық сызықтар арқылы кірістіруге, мысық көлемін жарты дөңгелек , кішкентай үшбұрыштар арқылы көрсетеміз. Сонымен қатар ертедегі жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетуге болады. Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрланған көрініс дайындауға болады. Көркем әдебиет және тіл дамыту сабақтарында ертегінің алатын рөлі ерекше, себебі тәрбиеші ертегі мәтінін осы кезде оқып, таныстырады. Ертегілердің мазмұнына қарай қандай топтарға бөлінетіндігін де таныстырып айта кеткен жөн.
Ертегілер
Тұрмыс-салт, Хайуанаттар, Қиял –ғажайып ертегілері туралы ертегілері
Сонымен қатар сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге және ертегі мазмұнын құрастыру балалардың шығармашылық қаблеттерін арттыруға көмектеседі. Ертегі халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, олардың бала тәрбиесіндегі яғни жас бүлдіршіндерді адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиелейді. Жалпы шығармашылық жұмысымды жеке тұлғаны дамытудағы ертегінің маңызы туралы мен сабақтардан басқа дене шынықтыру пәнінде де ертегі кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын салу арқылы қозғалыс жаттығуларын жасатуға болады екен.
Мысалы: сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына қонжықтың жүрісін қолданамыз. Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуенін ұйымдастыруға болады, әрбір сабақта сергіту минутін орындатқанда қозғалыс элементтерін орындату арқылы құстардың ұшуын, тербелісін көрсеттіріп балалардың қызығушылығын ояту арқылы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік береді
Балабақшада жоғарғы топтардың тәрбиеленушілерінің даму сатысының іргетасы міне осы мезгілден қалыптасып, түзелу процестері жүргізіле бастайды. Бұл уақытта тәрбиешінің іс-әрекеті жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Олардың қызығушылығын ынтасын ояту арқылы, зерттеушілік іс-әрекеттерін туғызуға болады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан –жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орынын көрсетуге болады.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы.
Онды ауылы «Құлыншақ» балабақшасының
әдіскері: Гүлаш Бексейтова.
Жоғарғы топ тәрбиеленушілерін жан-жақты дамытуда ертегінің маңызы
- ramuk_b
- 10 наурыз 2012
- 26496
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ертегінің, маңызы, тәрбиеленушілер, бала-бақша
Ұқсас жаңалықтар:
Балалардың сөйлеу тілін жаңа үлгідегі ертегілер арқылы импрессивтік сөйлеуд ...
Ертегі – бала қиялын, сөйлеу мәнерін, сөздік қорын, ойлау қабілетін жетілдіруші, бала өмірімен тығыз байланыста болатын бірде – бір құрал....«Ертегі ханшайымы қонақта»
Сабақтың мақсаты: Ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуді үйрету. Қуыршақтардың тапсырмаларын орындай отырып, заттардың орнын...Бала тілін дамытудағы ертегілердің маңызы
Алматы облысы, Райымбек ауданы, №2 Кеген орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Әлия Керуенова...«Алтын сақа» ертегісі
Сабақтың дамытушылық мақсаты: ертегіні мазмұндау және талдай отыра ойларын тиянақты жеткізе білуде ойлау шеберліктерін дамыту....Мақта қыз бен мысық
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.