Сайтқа кіру Тіркелу

Ғажайып әлемге саяхат

Тақырыбы: «Ғажайып әлемге саяхат»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер, түстер туралы алған білімдерін бекіту, санамақ арқылы 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санауды пысықтау, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, сте сақтау қабілетін дамыту. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдық: Әр түрлі геометриялық пішіндер, сандар т. б.
Іс - әрекет кезеңдері:
Мотивациялық - қозғаушылық: Жылулық шеңбері
Көп қызық бар әлемде,
Құштар бол сен білімге.
Бізбен оқы, жалықта.
Білмегенді анықта,
Ойланайық, ойлайық.
Кітаптарды оқиық,
Жеңістерге әрдайым
Біліммен жетейік.
Балалар: Жылулық шеңбер құрып, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастыру - іздестіру:
Балалар, бүгін «Ғажайып әлемге саяхат» жасаймыз. Саяхатымызды бастамас бұрын геометриялық пішіндерді есімізге түсіріп алайық. Төбеде ілініп тұрады. Мынау қандай пішін?
- Балалар: Төртбұрыш
Ал мынау ше?
- үшбұрыш, дөңгелек
Балалар, ғажайып әлемге поезбен барамыз. Поезға отыру үшін билет алыңдар. Алған санға сәйкес поезға отырамыз.
- Поезға отырып саяхатқа барады.
Кел балалар, қанеки,
Бәрімізді әлемде.
Жалықпа, сен жалықпа.
Оқы, тоқы, арманда.
Бәрін білген балаға
Жақын болар алыста.
Бірінші аялдама: «Санамақ айту аялдамасы»
- Балалар, мына қоянға кім көмектеседі. Қоян санай алмай қиналып тұр екен. Қанеки, 1 - ден 5 - ке дейін тура және 5 - тен 1 - ге дейін кері санап жіберейік. Енді осыған орай санамақ айтып жіберейік.
1 - білеу,
2 - егеу,
3 - үйшік,
4 - төсек,
5 - бесік,
6 - асық,
7 - желке,
8 - серке,
9 - торқа,
10 - оймақ.
Екінші аялдама - «Түстерді ажырату» аялдамасы
Енді әрі қарай жол тартайық, түстер аялдамасына тоқтаймыз. Балалар, мына қуыршақ Әминаға көмектесейік. Ол үшін мына қорапшаға сай дөңгелектерді тауып, кассаға саламыз.
1 - жасыл
2 - сары
3 - көк
4 - сарғыш
Үшінші аялдама – «Салыстыру аялдамасы»
Мұнда түрлі заттарды салыстыратын боламыз.
1. Пішініне қарай: Есік - төртбұрыш, доп - дөңгелек
2. Көлеміне қарай: алма - үлкен, өрік - кішкентай
3. Кеңістікте орналасуына байланысты: Кассамен жұмыс жасау арқылы
Енді аялдамаға шығып сергіп алайық.
Сергіту сәті «Адым»
Төртінші аялдама – «Адасқан сандар» аялдамасы
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар ретімен тұрған жоқ, яғни адасып кетіпті. Адасқан сандарды тауып қою керек.
Балалар: Тауып болады.
Қорытынды: Балалар, осы жерден саяхатымызды аяқтап, топқа оралсақ. Себебі, ғажайып әлем ешқашан таусылмайды. Кейін тағы да барып қайтатын боламыз.
Балалар, әлемдегі ең берік сезім - достық сезімі. Ендеше, достық туралы өлең жолдарын айтайық.
Балалар, балалар,
Тату - тәтті болыңдар.
Достық деген – бұл байлық,
Достарыңды сыйлаңдар.
Нені білді: Геометриялық пішіндерді, олардың түстерін ажырата біледі;
Нені игерді: Сандардың реттік орналасуын, тура және кері санауды, заттарды өзара салыстыру әдістерін
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×