Тақырыбы: Есептер еліне саяхат.
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, саусақ маторикаларын, логикалық есептерді бере отырып, ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер: Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты
Жадырайды даламыз,
жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң апайлар.
Қызықты сәт: Маша мен аюдың әуені ойнатылып залға аю көңілсіз кіріп:
- Саламатсыңдар ма, балалар!
Балалар:
- Саламатсыз ба, аю!
Аю:
- Балалар сендер машаны көрген жоқсындар ма? білмеймін қайда кеткенін, ауладағы зымыранымда жоқ, ай тентек қыз қайда екен ай?
Тәрбиеші:
- Аю, сен уайымдама біз бір амалын тауып көрерміз. Біздің балалар көмектеседі, солай ма балалар?
Балалар:
- Иа, көмектесеміз
Тәрбиеші: Балалар аю зымыраным жоқ дейді зымыранның не екенін білесіндер ме?/Балаларға айтып түсіндіріп суретін көрсету/
Ендеше балалар мына геометриялық пішіндерден зымыран жасап көрейік
Д\О: Зымыран құрау
Балалар геометриялық пішіндерден сенсорикалық әдіспен ілгек, замок, жапсырмақ арқылы зымыран құрастырады.
Тәрбиеші: Көрдің бе, аю? біздің балалар зымыран жасады. Енді аспан әлеміне барып машаны іздеуге көмектесеміз
Аю:
- Менің зымыраныма ұқсайды.
Тәрбиеші:
- Балалар, қане бәріміз аспан әлеміне ұшайық. Аспан әлемі үлкен, қызықты, әдемі. Біз аспан әлеміне ұшу үшін скафандр киюіміз қажет себебі онда ауа жеткіліксіз болады, сондықтан сақтануымыз қажет. Қане бәріміз зымыранға мінейік.
/Балалар көздерін жұмып, ұшып бара жатқан елеспен аспан әлеміне келеді./
Тәрбиеші:
- Ой, балалар қараңдаршы аспан әлемінеде келіп жеттік./Балаларды аспан әлемімен таныстырады.\
Аю:
- Маша, қайда екен ай?
Тәрбиеші: Мына ғаламшарлардың қай жерінде жүр екен. Мүмкін бізге мына жұлдызшалар көмектесін шығар. Жол көрсетер.
1ші жұлдызшаға барайық.
1. Тапсырма:
Машаны табу үшін менің сұрақтарыма жауап беріңдер. Ең әуелі жыл мезгілін айтып беріңдер?
2. Тапсырма:
Пісіп тұрған төрт алмұрт
Қызығатын көрген жұрт
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Ердаулет
Қанша қалды алмұрттан?
3. Тапсырма:
Аспанда үлкен жұлдыз көппе, кішкентай жұлдыз көппе?
4. Тапсырма:
Санамақтар айтып бер?
Аю:
- балалар мен шаршадым, маша табылатын емес енді не істейміз?
Тәрбиеші:
- Аю ендеше сергіп алайық табылады, уайымдама
Сергіту:
Ал, санайық 1, 2,
Томпаңдап біз билейік
Аяғымыз қайда екен?
Міне аяқ алақай
1, 2 деп басайық
Айналып біз алайық.
5. Тапсырма:
Үйге келді, Алдияр?
Оған қоса Мадияр
Кейін келді Айдана
Қанша болды бар бала?
6. Тапсырма: Машаның сүйікті тамағы?
Аю: Айтпақшы мен каша пісіріп алып шығып едім, оның қарны да ашқан шығар.(Аю балаларға карточкалар таратып береді, кашаның суреті салынған)
Тәрбиеші: Аю саған ботқа жоққой, машада жоқ.
- Балалар Маша мен аюға неше ботқа керек?
Балалар: Екеу керек.
Сол кезде Маша шығып:
- Қандай керемет иіс, ботқанын иісін - ай. Қарным ашты менде жейінші?
Тәрбиеші: Маша табылдың ба? Қайда кетіп қалдың?
Аю: Неге кетіп қалдын сұранбай?
Маша: Кешіріңдерші, сұранбай енді ешқайда кетпеймін.
Аю: Біз шаршадық. Мен кішкене ұйықтап алайыншы.
Тәрбиеші: Аюды ұйықтатпау үшін онымен ойын ойнайық. Сосын зымыранмен ауылымызға, тобымызға қайтамыз.
Қ. 10:"Өз үйіңді тап"
Балаларға үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелектің сүретін таратып беру. Балалар Аюды оятады.
Аю, аю тұршы.
Ұйқыдан ояншы,
Ұйқыңды ашшы.
Жан - жағыңа қарашы.
Енді бізді қушы.
Аю оянып балаларды қуғанда өздеріне ұқсас пішінге барып тығылады.(ойынды бірнеше рет қайталау)
Тәрбиеші: Балалар, енді тобымызға оралайық, Машаны таптық. Қанекей балалар осы аспандағы күннің жылуын бір - бірімізге сыйлайық.
Балалар: Шеңбер болып, тұрайық
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық.
Жиналған жылы шуақты.
Қонақтарға шашайық.
Қорытындылау:
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?(ия)
- Біз қайда бардық?(Аспан әлкміне бардық)
- Аспан әлеміне немен бардық?(Зымыранмен)
- Оны қайдан алдық?(Өзіміз жасап алдық)
- Ол қандай пішіннен жасалды?(Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)
- Тапсырмадағы есептер оңай ма екен?(Ия)
- Балалар, енді зымыранға мініп, тобымызға қайтайық.
Есептер еліне саяхат
- vini
- 11 наурыз 2014
- 11844
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала-бақша, есептер
Ұқсас жаңалықтар:
Ғажайып ғарыш әлемі
Мақсаты: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен - кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру....Ғарыш әлеміне саяхат
Кулагино орта мектебінің мектепке дейінгі шағын топ тәрбиешісі Қадырқұлова Лаура Өмірзаққызы...Пішіндер бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...Аққала бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Искакова Кунсулу Төребейқызы...Қызықты математика
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз"балабақшасы тәрбиешісі: Искакова Күнсұлу Туребайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.