Бүлдіршіндердің тілін дамыту
Тақырыбы: Балабақша
Мақсаты: Балалардың өз балабақшасы туралы түсініктерін толықтыра отырып, олардың тілін дамыту, әңгімелесу, тақпақтар айту арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қолданатын құрал - жабдықтар: Сиқырлы қалам, суреттер, слайд.
Әдістемелік әдістер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап.
Қос тілдік компоненті: (билингвизм): Балабақша – детский сад, тәрбиеші -воспитатель.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
Балаларға әнұранды орындату.
– Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
– Қазақстан мемлекетінде тұрамыз
– Қазақстан мемлекетін басқарып отырған кім?
– Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы
– Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
– Төрт мезгіл бар.( Қыс, көктем, жаз, күз.)
Балаларға жұмбақ жасыру:
Жиын – терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсын?
Балалар: – Күз.
– Яғни қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
– Күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
– Дұрыс айтасыңдар күзде жеміс - жидектер астықтар піседі, оны жинап алады.
– Күз мезгілінде неше ай бар?
– Қыркүйек, қазан, қараша.
– Күз туралы кім тақпақ біледі?
1 - бала:
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Өткен оқу іс - әрекетті еске түсіру.
– Балалар сендер таңертең ұйқыларыңнан оянып қайда келесіңдер?
– Балабақшаға келеміз.
– Балабақшада сендерді кімдер күтіп алады?
– Тәрбиеші апайлар.
– Балабақшада тағы кімдер жұмыс істейді?
– Меңгеруші, әдіскер, дәрігер, көмекші апай, аспазшы, дене шынықтыру апай жұмыс істейді.
– Балалар біздің балабақшамыздың нөмірі қанша?
– № 118
– Балабақша қай көшеде орналасқан?
– Сейфуллин көшесінде орналасқан.
Сергіту сәті:
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Құрастыру:
Балақша туралы қандай тақпақтар білеміз?
1 - бала:
Мен бақшаға барамын,
Ойнаймын ән саламын.
Тәрбиеші әпкелер,
Досы барлық баланың.
2 - бала:
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіреді біздерді.
– Балалар балабақшадан көп нәрсе үйренесіңдер, бақшамыз тағы не үйретеді?
1 - Бала: Үйретеді суретке,
2 - Бала: Үйретеді білімге.
3 - Бала: Үйретеді әдепке.
4 - Бала: Үйретеді таза болып жүруге.
Қорытындылау: Балалар бүгін оқу іс – әрекетте не туралы әңгімеледік?
Балалар: Балабақша.
Тәрбиеші: Балалабақшада кімдер жұмыс істейді?
Балалалар: Меңгеруші, әдіскер, тәрбиеші апай, ән жетекші, дәрігер, аспазшылар, көмекші апайлар және т. б.
– Балалар біз нені құрастырдық?
– Балалар: Балабақша.
– Ән: «Біз көңілді бүлдіршін»
Балабақша
- Раихан
- 25 ақпан 2014
- 22916
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала-бақша, тіл дамыту
Ұқсас жаңалықтар:
Берекелі алтын күз
Қош келдіңіз көрермен Бүгінгі ертеңгілікке Отырыңыз қол соғып Шат күлкіге бөлене...Жемістер
Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында...Қош бол, балабақша!
Мақсаты: Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу....Білім күніне арналған салтанатты шара, Сыңғырла, күміс қоңырау
1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты шара Мақсаты: 1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын ұғындыру; 2. сахналық мәдениетін...Қуаныш пен сүйіспеншілік үйі
№118 бала-бақша тәрбиешісі Шаймуханова Алия Бекенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.