Тақырыбы: Бақша ағаштары.
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларды көркем шығарманы ынта қойып тыңдауға дағдыландыру, мақал - мәтел, тақпақ өлең – шумақ айтқызыптілдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, табиғатты сүюге, әрі оны қорғай білуге тәрбиелеп, сурет сабағымен ұштастыру.
Білімділігі: алған білімдерін шыңдап, сабаққа қызығушылығын аррттыру.
Тәрбиелілігі: Отанын, жерін, орманын, табиғатын сүюге баулу.
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жылылық сезініп, жақсы лебіздер білдірейік.
* Аспанымыз ашық болсын.
*Деніміз сау болсын.
*Күніміз жарылқасын
*Әлемде тыныштық болсын.
*Отбасымыз аман болсын.
*Бақшамыз жайнай түссін.
*Тәртіпті, әдепті болайық ( орындарына отырады)
Біз, бүгін Отанымызда өсетін жеміс ағаштары туралы білімімізді одан әрі дамытып жалғастырамыз.
- Біз қай республикада тұрамыз?
- Ел ордасы қай қала?
- Еліміздің рәміздерін ата?
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілд
Ортада - аспан әлемі.
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер төккен
Билігім өз қолымда
Еркіндігім ел таңбам
Сәуле шашқан алтын түсті күні бар
Екпіндеген қыран құстай үні бар
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай
Желбіреген қазағымның туы бар.
Жұмбақ.
Айнала тоңазып
Кей жеміс үседі
Сарғайып жапырақ
Судырап түседі.
- Жылдың қай мезгілі?
- Күз
- Күзде неше ай бар?
- Үш ай: қыркүйек, қазан, қараша.
- Аспай піскен,
Қайнамай түскен Не?- деп ойлайсыңдар балалар.
- Жеміс,- дұрыс ал сендер қандай жемістерді білесіңдер?
- Алма, алмұрт, алша, өрік, шие т. б.
- Осы жемістер қайда өседі?
- Бақта, жеміс ағаштарын көрсету.
Ойын. «Өз ағашынды тап»
Мақсаты: қолындағыны жеміске қарап, әр ағашқа барып ілу.
- Балалар мына суреттегі кім?
- Ыбырай Алтынсарин.
- Ия дұрыс бұлЫ. Алтынсарин атамыз.
Ол қазақ халқынан тұңғыш шыққан мұғалім, алғаш мектеп ашып, сендер үшін «Әліппе» кітабын жазумен бірге, көптеген өлендер, мысалдар, әңгімелер жазған. Енді мен сол Ыбырай атамыздың « Бақша ағаштары» деген әңгімесін, қызықты етіп әңгімелеп берейін.
- Бір күні атасы мен баласы екеуі жеміс ағаштарын аралап жүреді.
- Баласы атасынан сұрайды.
- Мына ағаш неліктен тіп - тік, ана біреуі неге қисық өскен? Деп
- Атасы оның себебі балам ағашқа уақытылы су құйып, жерін қопсытып, бағып - қағумен өсірген – деді.
- Олай болса бағып - қағып күтуде, табиғатты қорғауда үлкен мән бар екен ғой деп ойлайды - баласы. Міне осы жерде «бағып - қағып» сөзін тереңірек түсіндіру.
Ал сендер қалай ойлайсыңдар.?
Әр баланың жауабына, сөз қорына, тіл байлығына мән беру.
- Сонда балалар, ағаштың өсуіне, жемістің пісіп жетілуі үшін ең бірінші не қажет екен?
Күннің сәулесі.
Жылу.
Құнарлы топырақ
Су, аялы алақан.
Ендеше біз табиғатты қалай қамқорлыққа аламыз?
Табиғатты қорғаймыз
Ағашты сындырмаймыз
Жапырағын баптаймыз
Жемістерін баптаймыз. т. б
Табиғат ол анамыз
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз
Шаттық әнге саламыз.
Осы кезде Бағбан атай келеді.
Амансыңдар ма балаларым, мен Бағбан аталарыңмын. Сендер бүгін Жеміс ағаштары туралы сабақ өтіп жатыр екенсіңдер, олай болса мен өзімнің жемісті қалай баптап, күтетінім туралы айтып берейін.
Бағбан атаның әңгімесі.
«Дәм татайық ойыны.
Ойын шарты: дөңгелене тұрып, көздерін жұмып тұрады, Бағбан атай әкелген жемістерінен дәм татқызады, ал балалар оны дәміне қарап ажыратып айтып береді.
- Бағбан ата біздің балалр сіздің бағытыңыздағы әр түрлі жеміске арнап, өлең - шумақтар айтады, сіз тыңдап отырыныз.
Алма: Нарттай қызыл алмам бар
Мәз болады алғандар
Жазда әдемі киінем
Тілді балдай үйірем
Алмұрт: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім.
Шабдалы: Мен өрікпін ірімін
Тәттілердің бірімін
Дастарханның гүлімін
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырынмын.
Өрік. Көктемде ерте гүлдеймін
Кешігуді білмеймйін
Пістей тұрған кезімде
Менен аулақ жүр деймін.
Шие: Шілде болмай пісемін
Дастарханға түсемін
Мен моншақты шиемін
Құмарсаңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыма сүйегім.
Алша: Көзін тартқан баршаның
Қызыл күрең алшамын
Тәтті екен деп тамсанар
Ауызына салса кім.
- Балалар жеміс ағаштарының суретін салып, Бағбан атайға сыйға тарталық.
Ән әуені естіліп тұрады, балалар сурет салады.
Мақал - мәтелдер. Судан аттап өтсең
Мұның аты еңбек
Қырға шықсаң өрлеп
Мұның аты еңбек т. б
Еңбек туралы мақалдар айтқызу
«Көп рақмет балаларым, сабаққа жақсы қатысып, суретті де әдемі салады екенсіңдер» деп Бағбан ата қоштасады.
Оқу іс әрекетті қорыту
- Біз бүгін қандай ағаштармен таныстық?
- Жеміс қайда өседі?
- Қонаққа кім келді?
- Біз қай қалада тұрамыз?
- Балабақша қандай көшеде орналасқан?
Бақша ағаштары
- Кулай
- 21 ақпан 2014
- 22841
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бақша ағаштары, бала-бақша
Ұқсас жаңалықтар:
"Жеміс-жидектер"
Мақсаты: Жаңа сөздерді меңгерте отырып, жеміс - жидектерді атай білуге дағдыландыру. Көкөністер мен жемістерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету....Жемістер
Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында...Жемістер мен көкөністер
Солтүстік Қазақстан обылысы, Тимирязев ауданы, Степной орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Гүлнара Нұрғалиқызы Хамзина...Бау - бақшаға саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақша тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы...Бау – бақшаға саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 Балғын балабақшасы Әлменова Ботакөз...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.