Тақырыбы: «Менің сүйікті үй жануарларым»
Мақсаты: Үй жануарларын ажыратуға үйрету.
Білімділік: Балаларға үй жануарын таныстарып, төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру; жұмбақтар жасыру, жаңылтпаштар, төлдер туралы тақпақтарды жатқа айтқызу, үй жануарымен, жабайы аңдарды суреттер арқылы ажыратуға үйрету.
Дамытушылық: Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту; тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
Сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге, төрт түлікті күтіп бағуға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балаларға төрт түлік малдың өрісімен, тіршілік табиғатпен, малдың қадір – қасиетімен таныстыру. Мал мен адам арасындағы байланысты ашу.
Көрнекілігі: төрт түлік суреті, төлдер, жабайы аңдар.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, топтастыру, әңгімелеу, сергіту жаттығулары, ойын, көнекілік әдісі.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Ашық сабақ.
Ұймыдастыру барысы:
• Ұйымдастыру кезеңі;
• Психологиялық жаттығу;
• Жаңа сабақ;
• Ойын;
• Сергіту;
• Қорытынды;
• Венн диаграмма;
1. Ұйымдастыру кезеңі: (Балалар қатармен топ бөлмесіне келеді, шеңберленіп тұрып төрдегі апайлармен амандасады.)
Білер қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем берміз!
Сәлем - сөз анасы демекші балалар, төрде отырған апайлармен амандасайық. Кәне бәріміз бірге Сәлеметсіздер ме?
• Балалар далада ауа - райы қандай?
• Суық.
• Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
• Қыс.
• Қыстың ерекшелігі қандай?
• Қар жауды, дала ақ көрпеге оралды.
• Қардың түсі қандай?
• Аппақ.
Ендеше балалар бәріміз біріміздің артына біріміз тұрып пойыз болып жүріп орнымызға барайықшы пойыз боп жүргенде түзу, әдепті болып жүру керек екен. Кәне, орнымызға жеткенше «Пойыз» өлеңін айтып барайық.
Ал, паравоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да!
«Пш - пш, пш - пш!»- біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Гу - гу, гу - гу, гуілде
Қалып қойма біріңде,
«Пш - пш, пш - пш!»- біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Міне, балалар орнымыза да жетіп қалдық. Ендеше айдай арайлан, күндей жайнап, жұлдыздай жарқырап, судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі іс әрекетімізді бастайық.
Жаңа сабақ:
Сурет арқылы үй жануарларын таныстыру, әр жануардың ерекшелігін түсіндіру.
• Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме?
• Үйлеріңде қандай жануарлар бар?
• Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйелер жатады екен.
• Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?
• Себебі олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.
• Олар немен қоректенеді;
• Шөп, жем, сумен қоректенеді;
• Түйе, жылқы, сиыр, қой туралы не білесіңдер?
• Олардың бізге берер пайдасы бар ма?
• Әрине, біз олардың сүтін, етін, жүнін пайдаланып яғни көлік ретінде де пайдаланамыз.
Енді балалар мына тақтадағы суреттерге қараңдаршы. Ненің суретін көріп отырмыз? Түйе, сиыр, қой, жылқы, ешкі.
Ендеше балалар біз бүгін сендермен осы төрт түлік жайында тоқталамыз.
Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады?
• Сиырды - аухау - аухау дейміз.
• Түйені - көс - көс дейміз.
• Жылқыны - қырау - қырау дейміз.
• Қойды - пұшайт - пұшайт
• Ешкіні - шөре - шөре дейміз.
Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?
• Сиырдың баласын - бұзау дейміз.
• Түйенің баласын - бота дейміз.
• Жылқының баласын - құлын дейміз.
• Қойдың баласын - қозы дейміз.
• Ешкінің баласын - лақ дейміз.
Енді балалар сендердің достарың жұмбақ жасырғысы келіп тұр, кім тез табады екен?
1. Кішкене ғана тоны бар,
Айландырып киген тоны бар (Қой).
2. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
3. Айран берген, құрт берген,
Шелек - шелек сүт берген.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал кім берген.(Сиыр)
4. Екеуі елеңдеп келеді, төртеуі төбелесіп келеді.
Ол не?(Жылқы)
Жаңылтпаштарды жатқа айту.
Қағаз, қалам, Жылқы - мылқы, Өгіз семіз, Шажырқайлы,
Қолға алам. Ойын - күлкі. Жылқы қонды. Сиырым сүтті.
Елге барам, Сиыр - миыр Түйе қомды, Саулығым құтты.
Малшы болам. Ешкі – мешкі. Ешкі майлы.
Сиыр бағам. Түйе - мүйе,
Ешкі сауам. Қой - мой.
Дидактикалық ойын: «Төлдерді дұрыс орналастыр».
(әр балаға суреттер беріледі сызық арқылы төлдерін қосу.)
Төрт түлік төлдері туралы тақпақ айту.
Шөре - шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секендеме, деміңді ал,
Селтең демей құлағың.
Ботақаным - бөбегім,
Қара көзің мөлдіреп.
Қызықтырмай қоймайды,
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам, көз тоймайды.
Әукім - әукім, әукешім,
Қасиыншы әукесін.
Енең, әуке, келеді,
Ақ мамасын береді.
Құлыншағым - құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған - жұлдызым,
Құстай қанат қағады
Кіп - кішкене момақан,
Қошақанды ұнаттам.
Сүйеді апам «қозым» деп,
«Қошақаным - өзің» деп!
Сергіту сәті:
Кәне, қай жануар қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші!
• Сиыр мөңірейді;
• Жылқы кісінейді;
• Түйе боздайды;
• Қой, ешкі маңырайды; Үнтаспадан төрт түліктің дауысын естіп бірге қайталау.
Атрибуттар киіп сиыр, жылқы, түйе болып сүтінің ерекшелігін айту.
Сүт үйіңе келсе құт, Бар қызығы жарнаманың шұбатта,
Ішсең ас, ұйытсаң айран. Ішіп алып біраз ойлар тұрақта.
Шайқасаң май, Ауырған жерің басылып,
Қатса, тәті болар шай, Сарайыңды ашатын.
Ішіп алып, терлеп - тепшіп, Сусыныңды басатын,
Көңілің болады жай. Бар қызық осы шұбатта.
Ішіп алсаң қымызды,
Тартқандайсың сыбызғы.
Қан жүгіріп бой - бойлап,
Кеткендейсің той - тойлап.
Пай - пай, шіркін,
Денсаулыққа тигізер пайдасы ай.
Қорытынды:
Венн диаграммасы: Енді балалар мына үй жануарлары мен жабайы аңдарды суреттер арқылы ажырату, әр жануарды өз жұбына қосу Үй жануарлары Айырмашылығы Жабайы жануарлар
• Біздер үйдің несімен таныстық?
• Үй жануарларына нелер жатады екен?
• Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
• Жануарлар қалай дыбыстайды?
Балаларды сұрақ - жауап арқылы, үй жануарлар суреттері арқылы марапаттау.
Сау болыңыздар!
Менің сүйікті үй жануарларым
- --жанаргул
- 11 ақпан 2014
- 43111
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала-бақша, жануарлар, үй жануарлары
Ұқсас жаңалықтар:
Үй жануарлары
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға...Төрт түлік мал
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қызылту негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ескалина Өтебике Есқалықызы...Төрт түлік мал
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 "Айгөлек" балабақша әдіскері Жалмагамбетова Кунасыл Исламовна...Не қалай дыбыстайды?
Білім беру саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Не қалай дыбыстайды?» (үй жануарлары)...Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік беру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.