Сайтқа кіру Тіркелу

Аяулы -анашым

Тақырыбы: «Аяулы аналар»
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аяулы аналар, апайлар!
Көктемнің алғашқы 8 - наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана - жүрек. Ана - тірек, тіректі құрметте!
Ана - шыңың, шыңына сағынып жет!
Ана - күнің, күніңе табынып өт!
Иә, шынында да, Ана - құдірет. Бар игі жақсылықтың бастауы – аяулы аналар!
Құрметті қонақтар! «Қарлығаш» тобы бүлдіршіндерімен өткізілгелі отырған «Аяулы - анашым!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
- Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
Ән: «Апатайым – анашым!»
- Қанекей балалар аналарымызға тақпақ айтып берейік.
Ақсезім:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Марғұлан:
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
Аян:
Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін:
Аян:
Қуанышы баланың
Бізді өсірген анашым.
Дамир:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
- Ал, бәріміз бірге аналарымызды құттықтайық!
Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»
Ақерке:
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған!
Іңкәр:
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған!
Саян:
Сөздеріңді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым!
Рамазан:
Анам менің«Айым»дейді
Мен мұңайсам «Уайым»жейді.
Айберген:
Анам менің «Күнім»дейді
Мен қуансам күлімдейді.
Қарақат:
«Жаным» дейсің мені
Жаратушым бір сенсің.
- Зайни, Ақсезім, Гүлсезімнің орындауындағы «Кел, билейік!» әнін тамашалаңыздар.
Зайни:
Таң қалғандай ғалам
Кім ең сұлу адам
Ол - менің аннам.
Кәусар:
«Боташым» дер саған
Кім сүйікті адам
Ол – менің анам
Гүлсезім:
Айналайын, анашым
Көкте нұр боп жанасың.
Нұркелді:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.
Әйгерім:
Анамызды сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.
Ақберен:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген анашым!
-«Қуыршақ» әнімен Кәусар, Қарақат, Ақерке, Іңкәр, Әйгерім шығады. Қошеметтеп, қол соғып отырыңыздар, құрметті аналар!
- Міне, керемет, жігіттер!
Арландай, тарландай, біздің жігіттер!
Би: «Жігіттер»
- Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ана деген - теңдесі жоқ жақсы адам - дей отырып кезек ата - аналармен ойынға беріледі.
Ойын:«Сөз құра»
Шарты: Сіздерге әріптер беріледі, екі топ мен айтқан сқзді жарыса отырып құрау қажет. Бірінші орындаған топ жеңімпаз болады. Ойынға 6 адам қатысады.
А Н А
Ә Н Е
Ә К Е
- Тобымыздың бүлдіршіні Сапарғали Гүлсезімнің анасымен бірге дайындаған көрінісін көріңіздер!
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - Аналар!
Ана деп бас иеді бүкіл халық!- дей келе аналармен бірге ойын.
Шарты: Ойынға 3 адам керек. Берілген сөзіне қарай, әнді ыңылдап түсіндіру. Шешімін көрермендер түсіндіреді.
- Құрметті аналар! Бүлдіршіндеріміз апайларымен бірге дайындаған кішкене жүрегіндегі жылы лебіздерін сіздерге тарту етеді.
- Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз – дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе алып келсін.
Сөз ата - аналарға беріледі.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×