Білім саласы: Таным. Әулеметтік орта.
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Қажетсіз заттардан қоянның бейнесін құрастыру.
Мақсаты:
1. Білімділік: балаларды әртүрлі қажетсіз заттарды пайдаға асыра білуге үйрету. Киндердің, йогурттың, сіріңкенің және босаған құтыларынан қоянның бейнесін құрастыра білуге үйрету.
2. Түзету - Дамытушылық: ой - қиялын дамыту, саусақ моторикасын жетілдіру.
3. Тәрбиешілік: ұқыпты және таза жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, табиғатты аялау сезімдерін тәрбиелеу.
Алдын - ала жұмыс: әртүрлі қажетсіз заттармен таныстырып одан алуан түрлі бейнелер жасауға
болатынын түсіндіреді, дайындалған заттарды көрсетіп әңгімелейді.
Көрнекі құралдар: киндердің, сіріңкенің, йогурттың қауашақтары, түрлі түсті қағаздар, сызбалар,
желім, қайшы және қажетсіз заттан жасалған үлгі аңдар.
Қос тілді компонент: қауашақ – коробка, қоян – заяц
Іс - әрекет
кезеңдері Тәрбиешіннің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеттері
Мотивациялық - қозғаушылық
Үйымдастыру - Ізденішілік
Рефлесиялық - түзетушілік
Сабақтын барысы:
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне қонақтармен амандасайық.
Шеңберде тұрып, өлеңді тыңдайды.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
- Бұл өленде не туралы айтылған?
Балалар, табиғат ол біздің қоршаған орта. Табиғаттың сәнін келтіретін орман, құстар, жануарлар, су және т. б..
- Орманды ластауға бола ма?
- Неге?
- Дұрыс айтасыңдар, әдемілікті жоюға біздің қоршаған табиғатты ластауға болмайды.
(балаларды орындыққа отырғызу)
Есік тарсылы естіліп, ішке орманшы кіреді. Амандасады. Ол орманнан қоқыстарды жинап келгенін айтады.
- Дорбаңда не бар көрсетші? (Дорбаны қарайды). Мұнда қажетті заттар бар ғой. Сен дорбаңды тастап кет, қоқыстарды қажетімізге жаратамыз.
Орманшы қоштасып кетеді.
Дорбадағы заттарды үстел үстіне төгеді.
- Балалар, мұнда көп алуан қауашақтар бар екен (сіріңке, йогурт, киндер қораптары, қағаздар). Мына қорапшалардан әртүрлі аңдардың бейнесін жасауға болады. (дайын аңдардың үлгілерін көрсету).
- Сендер осындай ойыншықтар жасағыларың келе ме?
- Олай болса, бүгін қоянның бейнесін жасаймыз.
Қоянның ерекшеліктеріне назар аудару.
- Қоян қандай аң?
- Қоянның құлақтары қандай?
- Неше аяғы бар?
- Алдынғы аяқтары қандай?
- Артқы аяқтары ше?
- Құйрығы қандай?
- Құлақтары мен аяқтары қандай пішінге ұқсайды?
- Сопақты қандай геом. пішінен қиып алуға болады?
Тік төртбұрыштың бұрыштарын қиып алсақ сопақша пішінді болып шығады. Қағазды екіге бүктеп қиямыз.
Сонда екі құлақ, екі аяқтан шығады. Құйрығын мақтадан немесе қағазды умаждап жапсырамыз. Тұмсығын және мұртын фломастермен салуға болады немесе қара қағаздан жіңішке жолақтар қиып алуға болады.
- Балалар, қайшыны мұқият пайдаланамыз.
Қайшыны қалай ұстаймыз?(Қайшыны ықпайлап қағазды қиғанда соның ыңғайына салып қозғау керек)
(Балаларды үстел басына отырғызу.)
- Балалар, қоян нені жақсы көреді?
Олай болса, қоянға сәбіз салатын дайындап берейік.
Саусақ ойыны: «Сәбіз салаты»
Сәбізді алып тазалаймыз
Үккішпен үгіп майдалаймыз
Қант сеуіп дәмдейміз
Қаймақ құйып сәндейміз
Міне, дайын нәр тағам -
Дәруменге байыған.
Жұмысты неден бастаймыз, ең алдымен негізгі бөліктерін қиып даярлаймыз. Содан соң жабыстыру жұмысын жүргіземіз. Балалар, сызбаға қарап қоянның бейнесін жасаймыз.
Жұмыс орындарыңды таза ұстап және ұқыпты жұмыс жасаңдар.
Жеке жұмыс жасайды. Сол кезде көмек көрсету.
Қорытындылау:
- Балалар, бізге кім келді?
Ол бізге не әкеп берді?
- Қажетсіз заттардан қандай ойыншықтар жасауға болады?
- Сендер ненің бейнесін жасадыңдар?
Жасаған ойыншықтарына сипаттама беріңдер, қоян қандай?
- Кім қоян туралы тақпақ біледі?
- Қояндарыңды орманға орналастырып, ойын ойнайық.
К/о: «Ақ қоян»
Балалар, сабаққа, барлықтарын жақсы қатыстыңдар.
Осымен сабағымыз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.
Күтілетін нәтиже:
1. Біледі: киндер, сіріңке, йогурт қауашақтарынан қоянның бейнесін жасауды ұқыпты жұмыс
істей білуді үйренеді.
2. Игереді: қажетсіз заттардан алуан түрлі ойыншықтар жасауға болатының түсінеді.
3. Меңгереді: киндер, сіріңке, йогурт қауашақтарынан қоянды жасау іскерлік дағдыларын
қалыптастырылады.
Қажетсіз заттардан қоянның бейнесін құрастыру
- raushan01kz
- 23 қаңтар 2014
- 32113
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала бақшаға арналған сабақ, Қажетсіз заттардан қоянның бейнесін құрастыру
Ұқсас жаңалықтар:
Ұзын құлақ сұр қоян
Мақсаты: Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып ақ қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра білуге үйрету. Балалардың үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме...Қоян туралы мақал-мәтелдер
Асықпаған арбамен қоянға жетеді. Көптен қоян қашып құтылмас....Түлкі мен қоян
Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсіндіру, ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке,...Көңілді ойындар
«Күншуақ» тобына ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным» Тарауы: Сенсорика....Жабайы аңдар
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.