Сайтқа кіру Тіркелу

«Әкем шешем және мен» отбасылық сайыс

Өтетін орны: Ауылдық спорт алаңы
Алаң мерекеге сай безендірілген, жалауша, шарлар, кубиктер
Мақсаты: Ата - анамен тығыз қарым - қатынаста болып, балабақша мен ата - ана арасындағы байланысты жақсарту. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Жүргізуші:
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.
Орман көлге шыңға біз
Саяхатқа шығамыз
Бөлінбейді іргеміз
Әрқашанда біргеміз.
Құрметті қонақтар, ата - аналар, балабақша қызметкерлері, бүгінгі біздің толағай отбасылық сайысына қош келдіңіздер! Ал енді ойынымызды бастамас бұрын, әділ қазылар алқасын сайлап алайық

Әділ қазыларға ең жоғарғы бал бес бал деп айта кетейін, әділ қазылар алқасымен танысып болсақ, бүгінгі сайысқа қатысатын отбасылық топтарымызды ортаға шақырайық.
1 топ «Балбөбек» тобынан көк түсті ----------------------------------
2 топ «Балауса» тобынан қызыл түсті -------------------------------
3 топ «Балдырған» тобынан ақ түсті ---------------------------------
Топтарымызды ортаға шақырдық, енді топ басшылары топтарын жеке - жеке таныстырып өтсін.

Ал енді топтарымызбен танысып болсақ, ойынымызды бастайық.
I. Эстафета
Ойын шарты: Әкелері балаларын мойындарына мінгізіп жалаушалар арасымен жылдам, жүгіріп жарысады.
Ал енді әділ қазылардың шешімін тыңдайық.
Көк түсті «Балбөбек» тобының бағасы.
Қызыл түсті«Балауса» тобының бағасы.
Ақ түсті«Балдырған»тобының бағасы.

II. Көңілді секіртпе
Ойын шарты: Аналарымыз секіртпемен жалаушалардың арасымен жүгіріп жарысады.
1 - 2 - 3 алға - а - а
Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде
. Көк түсті «Балбөбек» тобының бағасы.
Қызыл түсті «Балауса» тобының бағасы.
Ақ түсті «Балдырған»тобының бағасы.

III. Жұптасу
Ойын шарты: Әкелері мен аналары қолдарын ұстап, балаларын қолдарына отырғызып жалаушалар арасымен жарысады.
1 - 2 - 3 алға - а - а
Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде
. Көк түсті «Балбөбек» тобының бағасы.
Қызыл түсті «Балауса» тобының бағасы.
Ақ түсті «Балдырған»тобының бағасы.

IV. Кенгуру
Ойын шарты: Мөшекті аяқтарына киіп жалаушалар арасымен жарысады.
алға - а - а
Енді отбасыларымыздың бағасын тыңдайық.
«Балбөбек» көк түсті тобының бағасы.
«Балауса» қызыл түсті тобының бағасы.
«Балдырған» ақ түсті тобының бағасы.

V. Теннис
Ойын шарты: Теннис тақтайшасымен допты жалаушалар арасымен алып жүру.
алға - а - а
Ал енді әділ қазылардың шешімін тыңдайық.
«Балбөбек» көк түсті тобының бағасы.
«Балауса» қызыл түсті тобының бағасы.
«Балдырған» ақ түсті тобының бағасы.

VI. Велосипед
Ойын шарты: Әкелері балаларын велосипедке отырғызып жалаушалар арасымен жарысады.
1 - 2 - 3 алға - а - а
Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
«Балбөбек» көк түсті тобының бағасы.
«Балауса» қызыл түсті тобының бағасы.
«Балдырған» ақ түсті тобының бағасы.
Ал енді әділ қазылар алқасы ақылдасып бір шешімге келгенше ән шашуымызды қабыл алыңыздар!

Ән: Мектебім.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі әділ қазылар алқасына беріледі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×