Сайтқа кіру Тіркелу

7 санымен таныстыру

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: 7 санымен таныстыру, құрамын анықтау.
Мақсаты: 1. Білімділігі: 7санымен таныстыру, құрамын анықтау арқылы 7 санының қатарын ретімен ауызша жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы, балалардың білім - біліктілігін арттыру.
2. Тәрбиелігі: Жұмбақ - есеп, санамақ туралы ұғымдарын қалыптастырып,
қызығушылығын арттыру.
3. Дамытушылығы: Баланың танымдық, шығармашылық, логикалық ойлау дағдысын дамыту.
Ұ. о. і. ә. әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, көрсету, ойын, санау, сергіту сәті, бағалау, қорыту
Қажетті көрнекіліктер: «Жеті шал»әңгімесінің суреттері, сан таңбалары, кемпірқосақтың жолақты түстері, әліппе - дәптері т. б.
Сөздік жұмыс: бірлік, жеті
О. і. ә барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жылулық шеңбері. Оқу іс - әрекетіне дайындық.
ІІ. Өткен сандарды еске түсіріп, ұжыммен қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Балалар, біз қандай мектепте оқимыз?
Біз М. Әуезов атындағы №7орта мектепте оқимыз. Мектепке сендер неше күн келесіңдер?
Бес күн келеміз.
Ал неше күн демаласыңдар?
Екі күн демаламыз.
Сонда бір аптада неше күн болады?
Барлығы жеті күн болады.
- Қане, жеті күнді кім айтып береді?
Дильназ: Апта деген атайдың,
Жеті бірдей ұлы бар,
Біріншісі - Дүйсенбі,
Екіншісі - Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі - Бейсенбі,
Бесіншісі – Жұма,
Алтыншысы - Сенбі,
Жетіншісі - Жексенбі.
Сергіту сәті.
Енді бәріміз тақтадағы суретке назар аударайық. Балалар, «Жеті шал»әңгімесін есімізге түсірейікші. Бұл әңгімедегі басты кейіпкер Жабақ жетіге келгенше атасының арқасынан түспегені естеріңде ме? Балалар, бүгін бізге қонаққа Жабақ келіпті, ол бізге құр қол келмепті, жаңа санды ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай сан әкелгенін айтпаймын дейді, ол санды табу үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек.
Жұмбақ есеп:
І тапсырма
Талда 6 алма,
Қолымда 1алма,
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма? (7алма)
ІІ тапсырма
1 - ден 7 - ге дейінгі сандарды тура және кері санау. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
ІІІ тапсырма
«Қай сан жоғалды?» 0 2 4 6
Балалар олай болса бүгінгі танысатын санымыз «7саны мен цифры»
7 саны қасиетті сан, мынадай халық аузында нақыл сөз бар: жеті қазына, жеті шелпек, жеті ата, жеті күн, жеті мүше, жеті қарақшы.

Дәптермен жұмыс:
1. 7 санының цифрін ауада жазу
2. 7 санын дәптерге жазу.
Кемпірқосақ ойыны. Жеті түрлі жолақты түстен кемпірқосақ құрастырып, артына жазылған тапсырмаларды орындау.
Қорытынды:
Балалар бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
- Нені білдік?
- Нені үйрендік?
Мадақтау:
Балаларды мадақтау, жақсы қатысқан балаларға жұлдызша беру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×