Cабақтың тақырыбы: « Өмір қауіпсіздігі»
Мақсаты: балаларға өмірлеріне қауіпті үшкір. өткір заттардан, электр приборларынан, тұрмыстық химиялық заттардан, дәрілік заттардан сақтану жолдары туралы мағлұмат беру.
Көрнекілігі: дәрілік заттар, кір жуатын заттар, ұшы өткір заттар суреттері
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Әр адам өз отбасын түрлі қауіптен сақтауға тиіс. Қауіптің түрлері көп. Мысалы: газдан сақтан. Ол тез тұтанғыш, жарылғыш зат. Тіпті түссіз, көзге көрінбейді. Газ өте улы. Сондықтан газдан аулақ бол!
Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата - ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.
Міне балалар, ата - аналардың көмегімен ғана газды пайдалануға болады. Слайдтар көрсетіледі. Балалар үйде тұрмыстық заттарды аналарымыз қолданады. Тұрмыстық заттарды атайықшы. Нелер жатады? Ыдыс, кір жуатын нтақтар, жуынатын сабындарымыз бен сусабындар т. б. Слайд көрсетіледі. Балалар тіпті біздің ауырған кезде ішетін дәрілеріміз шектен тыс қолдансақ, ол өте қауіпті болады. Балалар денсаулық туралы тақпақтар айтады.
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен болады бақытты өмір»- демекші сергіту жаттығуларын жасасақ.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір,
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай - ақ.
Келесі өмірімізге қауіпті нәрсе – электр құралдары. Үйдегі үлкендердің көмегімен ғана ол құралдарды пайдалануымызға болады. Балалар осы сақтық шараларын орындамасақ, тіпті өрт шығу қаупі орын алады. Балаларға бейне - ролик көрсетіледі. Ал енді жұмбақ жасырайын.
Үйде тұр бір жұлдыз,
Ол барда түн – күндіз.
(электр лампасы )
Енді тақпақтар тыңдасақ.
Электрсыз,
Шырағым,
Болмай - ақ қой шүбәлі,
Теледидар,
Үтік те -
Барлығы істен шығады.
Тату өскен баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Нанға кетсе анамыз,
Үйде өзіміз қаламыз.
Қане кім тапқыр екен? Слайд көрсетіледі. Артығын тап. Неге?
Ал балалар бүгінгі сабақтан өздеріңе қандай пайдалы кеңестер алдыңдар?
Қорытынды.
Өмір қауіпсіздігі
- АйнұрБ
- 17 мам 2013
- 43426
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өмір қауіпсіздігі, бала-бақша
Ұқсас жаңалықтар:
Тұрмыстық техника, оның қажеттілігі
Білім беру: 1. Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру. 2. Қауіпсіздік ережесі туралы...Балаларға жол ережесін үйретейік! (Ата - аналарға ақыл - кеңес)
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық....Ою-өрнек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақшасы Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Шығармашылық Тақырыбы: "Ою - өрнек" Тәрбиеші:...1-10-ға дейінгі сандарды қайталау
Мақсаты: Сандарды білуге, кері санай алуға, заттың санын білуге, математикалық тапсырмаларды дербес шеше білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға...Әдептілік әлемі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №89 Шамшырақ бөбекжай-балабақшасы Рустемова Райхан Алтыбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.