Сайтқа кіру Тіркелу

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: « Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен». (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге. бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, түрлі түсті қағаздар, қарындаштар, суреттер.
Сабақтың барысы: Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, балалар
Қайырлы таң, қонақтар.
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын күн нұрына қол созып, алақанды жайып күнмен амандасып алайық.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Сәлеметсіңдер ме? Амансыңдар ма? Есенсіңдер ме? деп амандасады.
Балалар, бойымыздағы жаман қасиеттерден арылайық, ауырмайық, әдепсіз болмайық және бәріміз біраз үнсіз тұрайық. Біраз үнсіздіктен соң
- Арылдық па?
- Арылдық.
- Ал енді, Аспан атадан күш қуат алайық.
- Армысың, қайырымды Аспан ата!
- Армысың, мейірімді Жер ана!
Балалар жақсы дегенді қалай түсінесіңдер?
Гүл өсірген жақсы, ағашқа су құйған жақсы.
Жаман деген немене?
Кішкентайды жылатқан жаман, ойыншық сындырған жаман.
Ал енді осы жақсы мен жаман туралы білетін мақал - мәтелдер айтсақ.
Жақсыны жолдасынан таны.
Жақсымын деп мақтанба,
Халық айтпай,
Батырмын деп мақтанба,
Жеңіп қайтпай.
Жақсы – ай мен күндей -
Әлемге бірдей.
Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
Асылдың сынығы
Айдынның тұнығы.
Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.
Жақсы кісі өлмесін,
Жамандықты көрмесін.
Жақсы ай менен күндей,
Жақсылығы жанның бәріне бірдей.
Жақсылық ұмытылмас.
Ақылды кісіні аяла,
Ақымақ кісіні аяма.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Біз күнде қандай жақсы істер атқарып жүрміз? Алдымызда түрлі жемістерің суреті бар, кім жақында қандай жақсылық жасады, соны айтып, қолындағы жемісін тақтадағы кәрзеңкеге салуы керек. Міне көрдіңдер ме, тіпті жемістеріміз ыдысқа симай қалды. Балалар шаршаған шығарсыңдар. Бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Шеңбер жасап алайық.
Бір отырып, бір тұрып
Сәл тынығып алайық.
Ал балалар енді тақпақтарға кезек берсек.
Асыр салып ойнаймыз да,
Ән шырқаймыз, билейміз,
Үлкендерді сыйлаймыз да,
Тентектерді сүймейміз.

Мені үлкендер әдепті де мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.
Тілін алып кішінің де, кәрінің,
Көңілінің шығып жүрмін бәрінің.
Ата - ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.

Шығармашылық жұмыс.
Ал енді балалар сендерге мынандай тапсырма: «Саған айтар ақылым» деп аталады. Әрқайсысың өз іні, сіңлі, қарындасарыңа ақыл хат жазыңдар.
(өзін - өзі тану пәні бойынша)
Сабақты қорытындылау.
Сабағымыз да аяқталуға жақын. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады деп ойлаймын. « Табиғаттағы барлық жылу - күннен, өмірдегі барлық жылу – адамнан.» - демекші мен сендерге сол күннің жылуындай бір – бірлеріңе жылу, жақсылық жасаңдар деп күннің суретін сыйлаймын.(кішкене салынған күннің суреттерін таратады.)
Жақсылық жасауға ұмтыл!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×