Сайтқа кіру Тіркелу

Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)

«Тапқыр достар» (интеллектуалдық ойын)
Мектепалды даярлық топ

«Тапқыр достар» интелектуалдық ойыны
Мақсаты: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Құрылымы: Ойынға 6 баладан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 12. Ойын 8 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша сақиналармен пирамида құрайды. Барлық айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады

Шаттық шеңбері.
Балалар біздің көңіліміздің кілті біздің езуімізде. Әрдайым күліп жан жағымызға күлкі сыйлайық! Олай болса балалар күлкі сыйлайық!
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытып не керек
Көңілді болып жүрейік!
Дыбыстарға байланысты жұмбақ жасыру.

«Тапқыр достар»
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла, – дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымыз өте ерекше. Үйткені біз командамен жұмыс істеуіміз керек.
Ережелерді естен шығармайық.

Командалар орындарына отырады. Ойын шартын тыңдайды. Біздің ойынымыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Сұрақтарды мұқият тыңдап топпен ақылдасып жауап беру керек. Әрбір жауапқа әр команда пирамидалық жетістікке жеткізетін
«Сәттілік сақинасын» «кольцо удачи» алады. Қай топтың пирамидасы биік болса сол команда жеңіске жетеді.
Жауап дайын болған кезде белгі береді. Жылдам жауап берген топ ұпай алады.
Бірінші айналымның аты – «Білгенге маржан».
Бірінші айналымда топтарға туыстық атулар аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ дұрыс жауапқа сәттілік сақинасын алады.

Сұрақтар: Нағашы әже деген кім?
Нағашы ата деген кім?
Жиен деген кім?
Бөле деген кім?
Немере деп кімді атайды?
Аға - қарындас деп кімдерді айтамыз?

Екінші кезеңнің аты – «Сөз ойла, тез ойла»
«Ә» және «Т» дыбысына байланысты сөздер ойлап табады
Үшінші кезең «Құрастырмалы пішіндер»
Төртінші кезең «Қызықты тапсырмалар»
1. а) Ол орманда өседі
ә) ол жауыннан қорғайды
б) ол ұшақтан секіреді.
2. «Ең көп желінген тортты тап»
Бесінші кезең Тапқыр достар сөзінен сөздер құрау
Мысалы. Тап, қар, тақыр
Дос, рас, отар
Алтыншы кезең «Салт дәстүр»
а. Наурыз мейрамы жайлы не білесіңдер?
ә. Бесік деген не?

1. Наурыз – жыл басы. Шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні, яғни бір тәуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні тойланады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.

2. Бесік жабдықтары бесік, көрпе, жастық, шүмек, түбек
Бесік ырымдары болады.
Бесікті аттауға болмайды, оны ашық тастауға болмайды, сатуға болмайды.
Жетінші кезең «Сиқырлы суреттер»
Мнемокестелер бойынша оқыту.
Сегізінші кезең «Нүктелер»
1 - 10 ға дейін тура және кері санау, таңбалармен таңбалау және оларды нүктелі карточкалармен белгілеу.
Тоғызыншы кезең «Түрлі түсті резеңкелермен сурет салу»

Қорытынды
Барлық кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып жеңімпаз анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы сыйлықты табыстайды Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт - дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады.
«Тапқыр достар» сайысы аяқталды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×