Білім саласының мазмұны: «Таным»
Бөлімі: Айналамен таныстыру
Тақырыбы: Бау – бақшаға саяхат
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі, бау – бақша өнімдері туралы білім беру. Жеміс – жидектер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Қойылған сұраққа толық жауап беруге төсілдіріп, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Шаттық шеңбері
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Жоғары қарап күн көрдім
Төмен қарап жер көрдім
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдім
- Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
- Оны қайдан білдіңдер?
- Балалар тағы да күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі екен.
Балалар сендердің саяхатқа барғыларың келеді ме?
- Ендеше біз бүгін бау – бақшаға саяхатқа барамыз. Саяхатқа балалар біз поезбен барамыз
Қимылды ойын: «Поезд»
Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік
Гу - гу, гу - гу гуілде
Қалып қойма біріңде
Қане балалар тоқтайық пыш - ш - ш. Балалар біз міне бау – бақшаға да келіп қалдық. Қане поездан түсейік. Ой балалар қараңдаршы бау - бақша қандай әдемі. Айналаның бәрі сап – сары. Жерге сары кілем төселіпті. Күзгі бау - бақшаның сұлулығын қараңдаршы неткен әдемі, неткен ғажап.
Сол сәтте алдарынан Бағбан ата кездеседі.
Бағбан ата:
- Сәлеметсіңдер ме балаларым! Ой балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Сендер маған жемістер мен көкөністер жинауға көмектесесіңдер ме?
Балалар Бағбан атаға жемістер мен көкөністер жинауға көмектеседі.
Бағбан ата: рахмет балалар. Сендер маған үлкен көмек бердіңдер.
Тәрбиеші: қане балалар сендер Бағбан атаға қандай жеміс пен көкөністер жинап бердіңдер?
Балалардан жинаған жемістері мен көкөністерінің аттарын, пішіні мен түсін сұрау.
Бағбан ата: балалар сендердің қандай өнерлерің бар. Қане тақпақ білесіңдер ме?
Мен шаршадым мына жерде сендердің өнерлеріңді тамашалап, тынығайын.
Абдулла:
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерде секірді
Барын беріп халыққа
Жұмыстан соң қалжырап
Дала ұқсайды алқапқа
Дилнара:
Қуалап допша ойнаса
Қабығы тіпті қатты екен
Қазанға түсіп қайнаса
Тілді үйірген тәтті екен.
Диас:
Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегің
Ажар:
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
Бағбан ата: ой жарайсыңдар балалар! Неткен жақсы балаларсыңдар. Тақпақты өте жақсы айтады екенсіңдер. Сендердің тағы қандай өнерлерің бар?
Тәрбиеші: балалар бұдан басқа күз туралы ән айта алады.
Бағбан ата: қане онда әндерін тыңдайықшы
Ән: «Күзім - ау»
Бағбан ата: ой жарайсыңдар. Неткен дарынды балаларсыңдар. Өркендерің өссін балалар. Мен сендерге осындай көрсеткен өнерлері үшін және маған көрсеткен көмектерің үшін мынандай сый дайындап қойдым. Оны мына тәрбиешілеріңе берейін. Ол сендерге балабақшаларыңа барған соң тарқатып береді.
Бағбан ата балаларға алып келген күзгі сыйын береді.
Тәрбиеші: ата енді біздің балабақшаға оралатын уақытымыз келді. Мына берген сыйыңыз үшін үлкен рахмет. Балалар енді бізде балабақшамызға оралу үшін поезд болайық.
Балалар поезд болып, балабақшаларына оралады.
Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Балалар сендер саяхатта өздеріңді жақсы ұстадыңдар. Жемістер мен көкөністерді де жақсы тердіңдер. Ендеше қазір мен сендерге Бағбан атаның сыйын таратып беремін.
Бау – бақшаға саяхат
- Бота
- 18 ақпан 2013
- 23755
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Балабақша, таным, айналамен таныстыру
Ұқсас жаңалықтар:
Жемістер
Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында...Жемістер мен көкөністер
Солтүстік Қазақстан обылысы, Тимирязев ауданы, Степной орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Гүлнара Нұрғалиқызы Хамзина...Қуыршақ Көркеммен саяхат
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, "Балдәурен" балалар бақшасынің тәрбиешісі Сүтбаева Айгүл Танжарбайқызы...«Не қайда өседі?» ұсақ қол моторикасын дамытушы ойындары
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...Бау - бақшаға саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақша тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.