Сайтқа кіру Тіркелу

Супер ана

Ақтөбе қаласы
№ 19 "Бұлақ" балабақшасы
Ешмуханова Акмарал Аманжолқызы

Шоу бағдарлама «Супер ана»

Балалар үшеуден кіреді, тұрады.
І жүргізуші:
Қайырлы таң аналар,
Ақ жаулықты әжелер!
Балабақша қызметкерлері!
Ару қыздар!
Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аналарымызды, аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

ІІ жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,
Хормен балалар:
Сізді жақсы көреміз
Әрқашан мақтан етіп жүреміз

1. Анель
Ақ тілекті ағылтып біз тастайық
Аналардың мерекесін бастайық
Көздерінен көрем шаттық арайын
Өтсін солай әр күнің мен әр айың

2. Абылай
Қадірлі аналар көңілді
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық толы болсын

3. Жанель
Мәз мейрам бүгін бүлдіршін
Естисің сыңғыр күлкісін
Естисің тәтті сөздерін
Байқайсың жанған көздерін

4. Аслан
8 наурыз тамаша күн
Аналар күні ерекше күн
8 наурыз құтты болсын
Наурыз айы құт әкелсін
5. Нұрай
Жыл басы наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Аналар тойы ерекше
Тіршілік жаңа оянды

6. Ерсұлтан
Көрсең қайран боларсың
Мақтанышы әлемнің
Аналар ғой әрқашан
Бала қамын ойлайтын

7. Саят
«Ақ ботам» деп әрдайым
Жүрегіне аялар
Айтқан сөзі бағалы
Жан анашымның

8. Әділхан
Ананың әр сөзі ой талабы
Жүрегімнің төрінде сақталады
Өсеміз елін сүйген ұландар боп
Ардақты ана еңбегі ақталады

9. Рахымжан
Ана-ана анатай, сені жақсы көремін
Өзіңмен бірге далада серуендеп келемін

10. Ислам
Ананың біз гүліміз, ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып, ұзақ өмір сүреміз

11. Бекболат
Аналар асыл жандар
Шуақ боп шашылғандар
Сіздер үшін тәтті ән
Ән «Ана»

Диалог: Дастан-Мирлан
Дастан: «Білесің бе Мирлан ана деген керемет асыл жан!Менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып, түн ортасында шөлдесем су беретін»
Мирлан: Ал менің анам, ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Дастан: Өмірде маған ең жақын, данасың сен анашым
Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін мәңгі дарасың
Мирлан: Бәрімізге анасың, біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын анашым!

12. Аружан: Жылылықтан жаралған, құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан асқан сұлу бар ма екен
Құттықтаймын анашым 8 наурызбен!

13. Рахман
Сыйлайыншы өзімнің сыйлығымды
Мәпелеген ақ мамам мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын анашым

14. Рахат
Қызық тойлар өткіздік
Бірақ орны бөлекше
Аналарға арналған
Бүгінгі той ерекше

15. Расул
Уа халайық, халайық мұнда назар салайық
Мерекесін халықтың, аналар тойын тамашалайық
Осы тойға арналған сайысымызды бастайық

16. Нұрбек
Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Көрейік аналар байқауын
Аналарды қарсы алып
«Супер ана» сайысын бастайық

17. Медет
Маған да, саған да жақын бұл адам
Үш әріптен жазылып бұл адам
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді ешқашан

І жүргізуші: Енді «Супер ана» сайысын бастайық. Қатысатын аналарды қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.
Команданың аты:
1. Қызғалдақ тобы
2. Жұлдыз тобы
3. Құлпынай тобы

ІІ жүргізуші: Аналарды таныстырады;
1. Қызғалдақ тобынан
Аманжолова Айгүл Мырзағали қызы-Қазанғап балалар өнер мектебінде –қобызшы
Қызы- Елдесқызы Елдана –хореография, ағылшын шұғылданады.

2. Жұлдыздар тобынан Салиманова Айгүл Кәдіржанқызы
Ақтөбе медициналық колледжі –оқытушы
Рашидұлы Ұлан –есеп шығару, конструктор құрастыру, раскраска бояу, шұғылданады.

3. Құлпынай тобынан
Тауманова Гүлнур Болатқызы
Қызы-Комиссар Сақыпжамал –сурет салу, хореография шұғылданады

І жүргізуші:
Сайыста әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар

Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер -

ІІ жүргізуші: «Балапан қыран болу үшін, оны самалынан ұшыратын ата-анасы да қыран болуы керек» осы отбасы тәрбиесіне ұлтымыз да ерекше мән берген.
Осы мақсатта сайысқа қатысушыларға
І тапсырма:
«Менің анам осындай, менің анам игі жан» деп балалар өз анасы туралы әңгімелеп береді.
Әділқазылар алқасы ұпай шығарғанша кезекті биге береміз.

18. Нұр:
Сіздер үшін сый құрмет
Жан анашым мерейім
Қаласаңыз ән айтып, би де билеп берейік
Би: Стирка

2 тапсырма: «Ас адамның арқауы, аспен күш артады»
І жүргізуші: «Ас адамның арқауы, аспен күш артады» - дегендей, келесі тапсырмамыз аспаздық сайыс.
Әр ана өзінің дайындаған тағамын атап көрсетіп пайдасын түсіндіреді.

ІІ жүргізуші: Аналарымыз дайын болғанша, көрермендермен ойынымыз бар ойнайық.
Құрметті абзал жанды аналар түн ұйқыңды төрт бөліп, кірпік қақпай, бесіктен сәбидің үнін естіп, дамылсыз күндер өткіздіңіздер.
Ал қазір сәбиіңіздің кішкентай күніндегі қылықтарын елестетіп, даусынан танып көріңіздер.
Ал балалар отырмайық аналарға демеу болып көмектесіңіздер.
(Расул, Данат, Диас, Бекболат, Рахат, Елсұлтан, Аслан, Санжар)

І жүргізуші: «Аспаздық сайыс»
(аналар дайын болса дайындаған тағамдарын әділқазыларға таныстырып, тағамдарын қорғауы керек)

ІІ жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде
Би:Самовар

І жүргізуші: Көркімен тамсандырған шартарапты
Сән үлгісі жарасар мархабатты.
Біздің көркем аналар мен арулар
Сән үлгісін көрсетер салтанатты

3 тапсырма:«Сәнгер»
«Ұстамын деп жең түріп, үлгісіз тон пішпеңіз» дегендей аналар өздерінің киім киюден талғамдарын көрсетеді. Баласының киген киімін сипаттап береді.
1. Қызғалдақ тобы
2. Жұлдыздар тобы
3. Құлпынай тобы

ІІ жүргізуші: Біздің бүлдіршіндер әжелерін шыңдап, сөздерін есіне сақтап, суреттей біледі.
19. Диас
Ән саламыз билейміз
Сіздерге бұл сый дейміз
Қариясы бар үйдің
Қазынасы бар дейміз

20. Санжар
Ақ кимешек киген, ақ бетімнен сүйген
Мені жақсы көрген ертегі айтып берген
Әжем менің қандай, әжем менің айдай

21. Азамат
Бәріміздің анамыз
Бәріміздің панамыз
Бұл кісінің алдында,
Бәрімізде парызбыз

22. Даулет:
Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын
Айналайын әжелер құтты болсын мерекең

23. Бауыржан
Құртпен майын жинаған
Балаларға сыйлаған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам
(Бауыржан әжесімен диалогы)

24. Алихан
Мейірімі жел жібек
Күндей ыстық құшағы
Ел жүрегі елжіреп
Құлыным деп құшады
25. Дамир
Құрметті, ардақты әжелер
Бүгін біздер бәріне зор денсаулық тілейміз
Әнімізді тыңдаңыз сіздерге біз арнаймыз

26. Данат
Орнымыздан тұрайық, қолды белге қояйық
Әсем әнге салайық, әжелерге сыйлайық
Ән: «Әже»
І жүргізуші:
4 тапсырма: «Әуенді тап»
27. Ерсұлтан
Құлпырған еліміздің қыздары
Әзірге жайраңдаған құндыздары
Ертең жарқырайтын жұлдыздары

28. Карина
Балам, ұлым, қызым деп
Еркелеткен біздерді
Құтты болсын апайлар
Мерекеңіз бүгінгі
(қызметкерлерге сыйлықтарын беру)

ІІ жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ортамызда би билейтін бишілер бар.
Би: «Веснушки»

І жүргізуші: Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе.
Ырысты боп наурыз!
Бақ дарысын бәріңе
Келесі сайысымыз «Талантты отбасы»
Жалпы барлық отбасыға тапсырма өз өнерлерін көрсету. (би, ән, өлең оқу т. б. )

ІІ жүргізуші: Аналар осылайша жүзге жеткін
Ұл-қызын енді өзіңді еркелетсін
Әрқашан шаттықтардан орын алып
Уайымның не екенін білмей өтсін!

Болды дейміз жарысымыз жемісті
Озып шығар кім білімді, кім күшті
Әділқазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті
(Әділқазылардан әділ бағаларын сұраймыз)

І жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен сайысымыз аяқталды.
- деп келгендеріңізге көп-көп рахмет сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×