Жаңа жыл мерекесін балабақша калай тойлады?
Қандай әсем айнала,
Көз тоқтатшы жай ғана.
Шыршамыз да орманнан
Келіп қапты қонаққа.
Ал, балалар, ендеше
Құтты жылды бәріміз
Думандатып, әндетіп
Өткізейік жарай ма?
Балалар шеңбер жасап, отырды, көңілді саз ойналып, сиқыршы кірді. Сиқыршыға балалар жеке – жеке өлең айтты. Арасында би биледі, қызыл ала шапанды аяз ата елестеді.
Алыс жақтан артынып,
Аяз ата кеп алды.
Ақсақалды қартымыз,
Біздің үйді бетке алды.
Ақтау қаласындағы №8ші Құлыншақ тобының тәрбиешісі Батырова Мөлдір Қарағұлқызы балаларға жаңа жылдық жылтырақ ойыншықтар үлестіріп, балалардың қызығушылығын оятып алды.
Балалар аяз атаны қарсы алды. Аяз атаға өлеңдер арналды. Аяз ата балалармен ән айтып, би билегісі келеді, бәрі сайран салды, аяз ата балаларға арнап әкелген сыйлықтарын таратты. Нұралы, Арсен, Батырхан, Алмас, Дархан аяз атаға арнау өлеңдерін айтты. Аяз ата жаңа жылдың қандай жыл екенін сұрады, Ақшақар аяз атамен қосылып сиқыр таяғыменен ойындар ойнатты. «Қар – қар, мұз – мұз бұл көңілді жаңа жыл».
Арықарай Ұлпа қарлар биі жалғасты.
Ұлпа қарлар, ұлпа қарлар,
Айналамыз келіңдер.
Ұлпа қарлар жаңа жылды,
Қарсы аламыз келіңдер.
Аяз ата балаларды көңілдендіріп, қоштасуға дайындалды, балалар қоршап, аяз атаға сәттілік тіледі.
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле – төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Келген ата – аналар да, қонақтар да, шараны дайындаған Мөлдір Қарағұлқызына рахмет айтып, көңілді кештен қуанышты оралды
Жаңа жыл мерекесін балабақша калай тойлады?
- ramuk_b
- 13 ақпан 2024
- 409
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жаңа жыл мерекесі, балабақша калай тойлады
Ұқсас жаңалықтар:
Достарға сый
Жапалақтап жауып тұр ұлпа тағы, Сиреп қапты көшеде жұрт қатары. Бірдеңесін жатқандай үлестіріп, Мені бір күш барады сыртқа тартып....Жаңа жылдық сценарий
Кейіпкерлер: Ақшақар, Қаршақыз, Аяз Ата, аққала, гном, қоян, сиыр, барыс. Жаңа жылға безендірілген залға балалар кіріп келеді....Қош келдің, Жаңа жыл!
(Зал іші түрлі - түсті шарлар, жылтыр жіпшелермен, жаңа жылдық суреттермен, жаңа жылдық шыршамен безендірілген. Оқушылар көңілді ән ырғағымен залға...Алақай, Жаңа жыл!
Қостанай облысы, «№2 Қашар орта мектебі» КММ Шағын орталық тәрбиешісі Шабарова Зафура Мунировна...Төрлет, төрлет Жаңа жыл!
Даламызға қаламызға Жаңа жыл кіріп келеді Қартыңызға, балаңызға Жалынды сәлем береді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.