Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Ересек топ.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру, сурет салу, мүсіндеу.
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл - күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, шығармашылық құзіреттілігін дамыту. Дәстүрден тыс сурет салу арқылы шығармашылық ізденіске баулу. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Билингвалды компонент: шалқан - репка
Мотивациялық қозғаушы
Балаларды шеңберге тұрғызу.
Шаттық шеңбер:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Сұрақ - жауап
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ал қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қазір күз мезгілі.
Т: Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші.
Б: Күзде күн салқын болады, жаңбыр жауады, боран болады және т. б.
Т: Біз«Алтын күз»ертеңгілігінде «Шалқан» ертегісінің қойылымын қойғанбыз. Есімізге түсіріп көрейікші.
Б: Ертегі желісін кезек - кезек айта отырып, кейіпкерлерді тақтаға орналастырады
Т: Жарайсыңдар, өте ақылды екенсіңдер.
Ал енді канша кейіпкер бар екен, санап көрейікші
Б: Балалар санайды
2. Ұйымдастыру – іздену
Ойын: «Кім тапқыр?»
(Тәрбиеші ертегі кейіпкерлерінің орнын ауыстыру және алып тастау арқылы балалардың байқампаздыгын арттырады)
Топқа бөлеміз
1 топ: Жапсыру
Ертегі сюжеті бойынша кейіпкерлерді қағаз бетіне желіммен жабыстыру
Т: Балалар ертегі кейіпкерлері жабыла отырып нені суырып алды?
Б: Шалқанды
Т: Шалқан жеміс пе, көкөніс пе?
Б: Көкөніс
Т: Керемет, балалар, өте жақсы жауап бердіңдер!
Билингвалды компонент: шалқан - репка
2 топ: Мүсіндеу
Шалқанды мүсіндеу
3 топ Сурет салу:
Шалқан бейнесін дәстүрден тыс сурет салу арқылы бейнелеу
Сергіту сәті: Музыка желісімен қимыл жасау
Балалар, шаршаған боларсыңдар, кәзір серігіп алайық. Орнымыздан тұрайық.
3. Рефлексиялық түзету
Сұрақ - жауап:
Т: Біз бүгін қандай ертегіні еске түсірдік?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Сендерге оқу қызметі ұнады ма?
(Балалар жауап беріп, өз әсерлерін айтады)
Мадақтау.
Тәрбиеші: Осымен оқу қызметіміз аяқталды. Рахмет, балалар! Қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар!
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Сарыжаз ауылы, Халел Орманов атындағы
«ГАУХАР» бөбек - жәй балабақшасы
Орманова Куралай Халеловна
«Шалқан» ертегісі
- kuralaiox
- 5 желтоқсан 2021
- 4494
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Балабақша, «Шалқан» ертегісі, Жапсыру, сурет салу, мүсіндеу
Ұқсас жаңалықтар:

Шалқан ертегісі
Балаларға ертегіні оқып беріп, әңгімелеу. Әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарын, қызығушылықтарын қалыптастыру....
Ертегілер еліндегі шалқан
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,...
Шалқан ертегісі
Ертегі мазмұнын түсініп айтуды үйрету. Еске сақтау қабілеттерін арттыру....
«Ертегі ханшайымы қонақта»
Сабақтың мақсаты: Ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуді үйрету. Қуыршақтардың тапсырмаларын орындай отырып, заттардың орнын...
Нешінші?
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Садыкова Т. С....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.