Сайтқа кіру Тіркелу

Жыл басы - Наурыз!

Жыл басы - Наурыз!
(Ересектер тобы)
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Мейрам өтетін жер салт – дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
1 - тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар.
Ұлыс күні кәрі – жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағатқан қозыдай
Жамырасып өріскен
Ұлыс күні қар еріп
Сай салалар гүрілдеп
Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдеп
Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Ортаға екі бала шығады.
1 - бала: Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
2 - бала: Уағалейкумссалам
Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
«Көктем, көктемде»
1 - тәрбиеші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әже: Наурызым, құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Доңыз» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Тышқан» кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.
Наурыз қыз
Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!
1 бала: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
2 бала: Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз - Наурыз!
3 бала: Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!
4 - бала: Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Ұлдар биі: « Адай»
ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы - Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шеку, ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым» деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді. Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді, соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса, менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.
(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

1 - бала: Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
2 - бала: Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Ой ағайын, келіңдер!
Бүгін бізде –
Наурыз көже құрт - қатық, бұршақ қосқан.
3 - бала: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
4 - бала: Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі
5 - бала: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Бағымызда бұлбұлымыз сайрайды.
6 - бала: Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.
7 - бала. Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа, енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
Қыздар биі: «Домбырамен»
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Апа Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ әрине осығанда жіберем бе кәне ұлдар жылдам ба. қыздар жылдам ба соны көргім келіп тұр.
Ойын: «Қыз куу»
Қыздар: Енді, жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?
( Айтыс өнерін көрсетеді)
Алихан мен Кәусардың айтысы
Алихан: Алихан ұлың мен болам.
Әке шешем мақтаған,
Жарыс десе жайнаймын
Намысымды қорғаймын.
Кәусар: Өнердің ашып есігін
Шешендік сөзбен көсілдім
Таныстырсам өзімді
Кәусар менің есімім
Алихан: Ал Кәусар сұлу қыз
Қандай күшті бұрымың
Қасыңдағы қыздардың
Ішіндегі сұлу қыз
Кәусар: Мені мақтап не істейсің
Білем өзім сұлумын
Дайынсың ба мектепке
Соны айтып білдіргің.
Алихан: Білім, ғылым өнерге
Қанат қағар кезім ғой
Ата – салтын ертеңге
Жеткізетін өзім – ғой
Кәусар: Ой жігітім арманшыл
Орындалсың арманың
Жұмыртқаны қақ жарып
Пілге ұқсап жатырсың.
Алихан: Көріп тұрсың сұлуым
Жігіт деген атым бар
Болашақта халқыма
Президент болу арманым
Кәусар: Әнде айта аламын
Биде билей аламын
Өзім бала болсамда
Таудай үлкен талабым.
Бірге: Еркем, еркем еркем - ай
Еркелеген ертең – ай
Бүгін болған мереке
Болсын тағы ертең ай.
Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой.
Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар. «Арқан тартыс»
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон, мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың, өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй, әй тоқтаңдар..
Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды! Мыстан өзі де шығып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар мінекей әрқашанда жамандық жасаған адамдар өзі ұсталып қалады көрдіңдерме барлығымыз бірігіп Кенжебегімізді де шығарып алдық, барлықтарыңда көп жақсылық жасауға тырысыңдар. Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз
да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.
Қызыр ата батасын береді.
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор баққты! Аумин.
Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Ән. «Наурыз»
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.

Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы,
МКҚК «Айгөлек» бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі
Турганбаева Нурсауле Туракбаевна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×