Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық, киімдерінің шығу тарихымен таныстыру, ұлттық киімнің түрлерін оқыту. Ұлттық, киімінің ерекшеліктері. Ұлттық киімдердің шығу тарихын және түрлерін оқыта отырып, баланың ұлттық, киімге деген ой қиялын дамыту және ұлттық киімдерді заманауи түрде сәндеу, модельдеу, әрлеу және ою - өрнектерін әшекейлеп дамыту.
Мотивациялық - қозғаушылық
(Балалар ішке кіреді. Орындарына тұрып «Әнұран» орындайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, енді сұрақ қоямын жауап беруге дайынсыңдар ма?
- Біздің туған еліміз, жеріміз қалай аталады?
- Қазақстан республикасы.
- Президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Рәміздерімізді кім атап шығады?
- Әнұран, елтаңба, ту.
- Біздің балабақшамыз қалай аталады?
- «Болашақ» бөбекжайы
- Тобымыз қалай аталады?
- Көгершін тобы
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
- Жарайсыңдар балалар өте жақсы. Енді экранға назар аударамыз. (экраннан шыққан суреттермен таныстырады)
Домбыра – бұл қазақтың ұлттық аспаптарының бірі, домбыраны тартып әнде айтуға, күйде шертуге де болады.
Торсық - бұл бұйым ежелден келе жатыр. Торсыққа су, қымыз құйып ұзақ жолға шыққанда пайдаланады.
Киімдер - ұлттық нақыштағы киімдер.
Қамшы - бұл аңға, ұзақ жолға шыққанда ер адамдардың қолданатын құралдары.
Шығармашылық сәт. Осы қамшыны өріп үйренейік. (Ер балаларға көмекке қыздар көмектеседі). Қалған қыздар өздеріне қол сумкасына ою - өрнек жапсырады.
Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
- Арқан тартыс, қыз қуу, көкпар, асық ату, тақия тастау, т. б.
(Суреттерін экраннан көрсетіп тұрады).
Сергіту сәті.
(Көкпар ойынын ойнайды. Музыка қосылып тұрады).
Әрі қарай тағы да экранға назар аударайық. Бұл жерде біз қазақтың салт - дәстүрлерін көріп тұрмыз.
- Ұзату, бесікке салу, тұсау кесу, үйлену тойы, сүндетке отырғызу, т. б.
Енді осы тұсау кесу дәстүрінен үзінді қарайық.
«Тұсау кесу» рәсімінен қойылым.
Әже тұсау кесу туралы айтып бересіз бе?
Әже: Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс - тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата - анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1, 5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.
Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.
Тұсау кесу тойына ауылдың қыз - келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т. б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт - ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды
Қазақтың салт-дәстүрлері
- Zhazira_84_84
- 19 қыркүйек 2020
- 1717
- 0
- 0
Ілмек сөздер: салт дәстүрлер, қазақтың салт дәстүрлері, ұлттық киімдерінің шығу тарихы
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдін, Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;...Тұсаукесер тойы қалай өткізіледі?
«Қазақ халқы баланың тұсауын да, көшкенде жүк артатын арқанның бірі – қом арқанды да, бесіктің ұзын қолбауын да, түндіктің бауларын да ала жіппен...Тұсау кесу. Тұсау кесу салт дәстүрі
Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады. Тұсаукесер тойы да сүндет той секілді әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен...Жастар тәрбиесі – қазақы салт - дәстүрде (дөңгелек үстел)
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Тана мырза орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ожанова Жанар Ахметбекқызы...Халықтың әдет-ғұрыптары
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Байжанова Гүлнар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.