№ 2 Аманқарағай орта мектебі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекті
Білім беру саласы: Таным. Жаратылыстану
Тақырыбы: «Жәндіктер»
Мақсаты: Жәндіктермен таныстыруды жалғастыру. Олардың сыртқы құрылысы ерекшеліктері, қозғалу әдістері, мекендейтін орны бейімделуі туралы балалардың білімдерін жүйелеу.
Сөздік жұмыс: жәндік, көбелек, ара, шыбын, инелік, қанқызы, қоңыз, құмырсқа, құрт, ұлу, өрмекші.
Билингвалдық компонент: көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, қанқызы - божья коровка, қоңыз - жук, құмырсқа - муравей, құрт - гусеница, ұлу - улитка - өрмекші - паук.
Кіріспе бөлімі
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде балалар, айнала құлпыра түседі, құстар ән салады, ағаштар гүлдейді, табиғат оянып, гүлдер өседі. Күн жылынып, адамдар жеңіл киімдер киеді.
- Ал шөптің арасында нелер пайда болады?
- Гүлдерге нелер қонады?
- Ал олардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
Негізгі бөлімі
Слайд көрсетеді.
Жәндіктердің суретін көрсетіп, жеке - жеке айтқызады.
- Мынау не?
- Жәндіктердің аяғы нешеу? 4, 2, 6
- Олар иісті сезе ме?
- Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.
- Ең мазасыз жәндікті кім біледі?
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не?
- Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе?
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не?
- Қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не?
Құмырсқаның үйі неге «илеу» деп аталатынын түсіндіреді. Біреуі илеу салады, бірі илеуге кіріп – шығатын жол салады, азық тасиды
- Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?
- Құмырсқа қысқа азық жинай ма?
- Құмырсқаның илеуін бақылап, жауынның жауатынын қалай білуге болады? (илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды)
- Қалай ойлайсыңдар, жәндіктер не үшін керек?
Сергіту сәті
Сөздік: көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, қанқызы - божья коровка, қоңыз - жук, құмырсқа - муравей, құрт - гусеница, ұлу - улитка - өрмекші - паук.
Көзге арналған жаттығу: Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
Д. о. «Не жоқ?»
Жетекші - жөндеуші
ҰОҚ қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Жәндіктер туралы
Түсінеді: Жәндіктердің сыртқы құрылысы ерекшеліктері, қозғалу әдістері, мекендейтін орны бейімделуі туралы
Қолданады: Сұрақтарға жауап береді
Жәндіктер
- Айгерим Куанышова
- 9 қаңтар 2020
- 7084
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жәндіктермен таныстыру, Жәндіктер, балабақшаға арналған сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Құмырсқа туралы ертегі
Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты....Досыңа серік бол
Сөздік қорын молайту, дыбыстарды анық айтуға үйрету, кейіпкерлердің іс - əрекеті мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре іс - əрекет жасай білуге баулу...Бунақденелілер
Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру....Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған тест жинағы
Жануарлар әлемі. Жәндіктер. 1. Зоология ғылымы... зерттейді: А) жануарларды В) өлі табиғатты С) жапырақтарды Д) ауаны Е) өсімдіктерді 2. Дизентерия...Жәндіктер, Жұмырқұртты бейнелеу
№20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның бейнелеу өнері маманы Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.