Білімділік: Балалардың күзгі орман туралы білімдерін толықтырып, музыкалық аспаптарды, ноталарды қайталап бекіту.
Дамытушылық: Балалардың бойында еркін және бейнелі ойлауын, есту, ырғақты сезу қабілетін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Музыкалық бейнелер арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер: Алтын сәуле таратты
Жарқырайды бақшамыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң қонақтар
Муз. жет: Балалар бүгін бізге қояннан хат келді оқимыз ба? Мұнда қоянның суретті де бар екен.
Балалар: Иә.
Муз. жет: Ендеше, тыңдаңыздар!
«Сәлеметсіңдер ме кішкентай достарым. Мен сендерді сағындым. Кара күз келді, күн суытты, дала жапырақтар сарғайып жерге түсті, менің көңілім түсіп қалды тезірек келсеңдер сендерді көріп қуанып көңілім көтеріледі деп ойлаймын. Бірақ жолда талай қиындықтар кездеседі: Тезірек келіңдер асыға күтемін. Сәлеммен қоян.
Муз. жет: Ал, балалар қиындықтардан қорықпаймыз ғой.
Балалар: Иә қорықпаймыз.
Муз. жет: Ендеше саяхатқа автобуспен барамыз. Бүгін Алдияр біздің жүргізушіміз болады. Ал қалғандарымыз «автобустан орын алып, отырамыз.
Ендеше сапарға аттанайық.
Балалар: Автобуспен жүреміз
Саяхатқа барамыз
Жжж, жжж, жжж.
Муз: жет: Балалар міне бірінші кедергіге де тап болық. Мынау не балалар?
Болалар: Бұл тау.
Муз. жет: Иә, бұл таудан өту үшін бізге музыкалық аспаптардың дауысын ажырату керек екен. Дайынсыңдар ма балалар?
Балалар: Иә, дайынбыз.
Муз. жет: Мұқият тыңдаңдар.
Әуенді - дидактикалық ойын. «Бұл ненің дауысы?»
Муз. жет. Жақсы балалар музыкалық аспаптардың дауысын және аттарын дұрыс ажырата алады екенсіңдер.
Муз. жет: Келесі саяхатымызды жалғастырайық. Саяхатымызды жалғастыруға пойыз да келді.
«Пойыз ойыны»
Балалар: Жүйрік аттай желеді,
Балаларды салып ап.
«Чу - чу - чу - чу - чу», - деп
Пышылдайды паровоз.
Алыстарға, алысқа,
Барамыз сапарға.
Муз. жет: Балалар алдымызда не кездесті?
Балалар: Өзен кездесті.
Муз. жет: Өзеннен қалай өтуге болады?
Балалар: Қайықпен, кемемен.
Муз. жет: Бұл өзен жай емес, сиқырлы әуенді өзен екен. Өзеннен өту үшін, өзен түбінде шашылып жатқан, ноталарды рет – ретімен қояйық.
Муз. жет: Балалар бірінші нота қалай аталады?
Балалар: Бірінші нота « до» аталады!
Муз. жет: «До» нотасын кім маған өз орнына нота желісіне қояды?
Бала: Нота «до» нота желісін қосымша жолында тұрады.
Муз. жет: Балалар Әділ дұрыс тапты ма?
Балалар: Дұрыс тапты.
Муз. жет: Ал екінші нота қалай аталынады?
Бала: Нота « ре» нота желісін бірінші жолының астында тұрады.
Муз. жет: Дұрыс айтасың.
Муз. жет: Үшінші нота қалай аталынады?
Бала: Нота «ми» нота желісін бірінші жолының үстінде тұрады.
Муз. жет: Төртінші нота қалай аталынады?
Бала: Нота «фа» нота желісін бірінші және екінші жолының ортасында тұрады.
Муз. жет: Жақсы. Бесінші нота қалай аталынады?
Бала: Нота «соль» нота желісін екінші жолының үстінде тұрады.
Муз. жет: Жақсы, дұрыс айтасың. Алтыншы нота қалай аталынады?
Бала: Нота «ля» нота желісін екінші және үшінші жолының ортасында тұрады.
Муз. жет: Жақсы дұрыс. Енді бізде қандай нота қалды?
Бала: Нота «си» нота желісін үшінші жолының үстінде тұрады
Муз. жет. Дұрыс соңғы нотаның таяқшасын төмен қаратып жазамыз.
Балалар рет – ретімен қойған ноталарды қайталап айтайықшы
Балалар: «До», «ре», «ми», «фа», «соль», «ля», «си».
Муз. жет: Балалар, қоянға қалған жолды ноталарды әуендетіп айта отырып, жаяу барайық.
Алдымыздан қоян шығады.
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе қоян.
Қоян: Сендер маған қонаққа келдіңдер мен өте қуаныштымын. Менде үйімде әдемі бақшам бар, ол бақшада әр түрлі көкөністер өседі.
- Балалар, қандай көкөністер мен жемістердің түрлерін білесіңдер?
Балалар: Алма, жүзім, сәбіз, қызылша, пияз, қияр.....
Муз. жет: Қоян біздің балалар көкөністер, жемістер туралы өлең, тақпақтарды біледі.
Тақпақ: Мансұр, Мадина.
Өлең: «Күз жомарт»
Қоян: Жақсы балалар. Балалар, сендер менің сүйіп жақсы көретін тағамның атын білесіңдер ме?
Балалар: Сәбіз, қырыққабат.
Балалар жақсы. Сендерге мен бір қызықты ойын дайындадым. Ойын атты «Көңілді музыкант».
Әуенді - қимылды ойын. «Көңілді музыкант»
Балалар жұппен шеңбер құрып тұрады. Ортада музыкант аспаппен ойнайды. Әуенге сәйкес балалар қимыл – қозғалыс жасайды. Бірінші бөлімде баяу билейді. Екінші бөлімде әуен ырғағымен балалар еркін жылдам билейді. Әуен тоқтаған кезде балалар жұпталып тездетіп тұра қалу керек, жалғыз қалған бала музыкант рөлін атқарады.
Қоян: Тамаша, алақай, жарайсыңдар балалар!
Муз. жет: Біздің балабақшаға кететін уақытымыз келіп қалды.
Қоян: Маған келгендеріне қуаныштымын! Қоштасарда мен сендерге өзімнің бақшамнан жинаған алмаларды сыйлаймын және сиқырлы ленталар. Олар сендерге балабақшаға қайтуларына көмектеседі.
Муз. жет: Ғажап сыйың үшін саған рахмет, Сау бол!
Қоян: Сау болыңдар!
Муз. жет: Балалар, мына ленталар бізге ұшуға көмектеседі. Олай болса, олардың көмегімен балабақшамызға оралайық.
Әуенді жаттығу «Ленталар»
Муз. жетекшісі: Міне, балабақшаға оралдық. Осы саяхатта өздеріне не ұнағанын айтыңдаршы? ( балалар өз ойларын айтады)
- Біз бүгін қоянға саяхатқа бардық.
- Саяхат кезінде әр түрлі кедергілерден өттік.
Муз. жет: Қандай кедергілер болды?
Бала: Аспаптардың атын атап, ажыраттық
- Ноталарды өз орындарына қойдық.
- Тақпақ, өлең айттық.
- Қоян бізге ойын ойнатты.
Муз. жет: Жақсы балалар, бүгінгі саяхатымыз аяқталды, қонақтармен қоштасайық.
«Күзгі орманға саяхат»
- saule1971
- 8 қыркүйек 2019
- 1975
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Күзгі орманға саяхат, балабақшаға арналған сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
«Ән салайық, би билеп»
Сабақтың мақсаты: балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыкалық шығармаларды табу барысында олардың ой - өрісін дамыту, балалардың көңіл...Күй тартыстағы әзіл-ойын. Қыз әзілі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға күй тартыстағы әзіл - ойын туралы айтып беру, әзіл туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың ой - қабілетін,...Музыка әлемінде
Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет...Нота сауаттылығымен және клавиатурамен таныстыру
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Балалар саз мектебінің фортепиано класының мұғалімі Жармаганбетова Зауреш Ерболовна...Музыка әлеміне саяхат
Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге үйрету...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.