Зерде: Қымбатты қонақтар мен ардақты ата - аналар! Бүгін «Кел балалар» балабақшасында болып жатқан «Балабақшамен қоштасу» мерекесіне қош келдіңіздер! Олай болса, бүгінгі кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Гульсая: Дорогие гости, уважаемые родители и сотрудники, мы очень рады вас видеть всех на нашем празднике. Как быстро бежит время, как быстро растут наши дети. Вот и дождались ребята ваши мамы, папы и мы - как вы перешагнули первую, самую маленькую ступеньку в вашей жизни – дошкольный возраст.
Весь коллектив детского сада от всего сердца поздравляет вас детей и вас родители с этим замечательным праздником!
Толганай: Good moning olear pupils, taechers, cheldrens and guists! Welcome to our competition. We are glad to see you and we hope that you, Enjoi todays competition
Гүлсая: Толқимыз, толқып тұрсыз, баршаңызда
Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Биылғы ең алғашқы түлектерімізді ортамызға. - деп, сүйікті балабақшасымен қимастықпен қоштасатын 2018 жылғы «Айгөлек» мектеп алды даярлық тобының түлектерін қарсы алайық.
Гүлсая: Алғыр, биязы жігіт БИСАЛИЕВ МАНСУР мен ерке де пысық ару ШЫҢҒЫС АҚБІЛЕК
Малика: Әдепті де, салмақты жігіт БИСЕНБАЕВ АҚЫЛБЕК пен мың бұралған сүйкімді ару БАКИТОВА АЙЫМ
Гүлсая: Қайсар, жайсаң жігіт НҰРҒАЛИЕВ АЙӘДІЛ мен сүйкімді де, ақ жарқын ару БЕЙБІТ АЙНАЗ
Малика: Мейірімді кеңпейіл жігіт АМАНКЕЛДІ ҚАЙСАР мен көркем инабатты ару ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА АРУЖАН
Гүлсая: Тапқыр, ақжүрек жігіт ҚАСЕН НАСРЕДДИН мен ерке де сымбатты ару ОРЫНҒАЛИ АЙШАТ
Малика: Батыр да адал жігіт ЕЛЕМЕС ЕРНҰР мен жан - жақты білімді, биші ару ҚҰТЖАН ЗЕРДЕ
Гүлсая: Эрудит, тапқыр жігіт НҰРЖАНОВ АЛИХАН мен ақылды да, өнерлі ару НҰРПЕРЗЕНТОВА СҰЛУХАН
Малика: Сөзге шешен жігіт ЖАНБОЛАТ ӘДІЛ мен бойы ұзын, бота көзді ару ОВЧАРЕНКО ПАЛИНА
Гүлсая: Спортқа шебер, білімді жігіт ШАМШУДИНОВ БАТЫРХАН мен сабырлы да, мейірімді ару АБИБУЛЛА АҚДАНА
Малика: Сабырлы да, ұяң жігіт АСУ АЯН мен Күншуақ» ортаңғы тобының аруы БОЛАТ КӘУСӘР
Гүлсая: Шыдамды, қамқоршы жігіт МУДАНОВ АРСЕН мен «Күншуақ» ортаңғы тобының аруы ШАМШУДИНОВА АЛИЯ
Малика: Зейінді де, әдепті жігіт ӨТЕБАЛИН МАРҒҰЛАН мен «Күншуақ» ортаңғы тобының аруы ДЮСЕНОВА АЙША
Гүлсая: Үяң, өнерлі жігіт НАЗАР САНЖАР мен «Күншуақ» ортаңғы тобының аруы КАЗИЕВА АЙЗАДА
Гүлсая: Сабақта тыным таппайтын, шапшаң әдемі жігіт ЕРМАХАН НҰРХАН мен «Күншуақ» ортаңғы тобының аруы САЛИМЖАНОВА АНЕЛЬ
Малика: Темір мінезді, сабырлы жігіт РУСЛАНҰЛЫ РАХМАТУЛЛА мен «Күншуақ» ортаңғы тобының аруы НАУРЫЗБАЕВА АЛЬБИНА
Малика: Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын.
Алғашқы бүлдіршін вальсі,
Көңілде мәңгі сақталсын.
Ортада БИ: «ВАЛЬС»
Малика: Қоштасып мен бүгін балалықпен,
Қоштасамын сиқырлы ойыншықпен
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен, даналықпен - деп сүйікті балабақшасымен қимай - қимай қоштасқалы тұрған «Fantastik talаnt» республикалық өнер байқауының 1 орын иегері сөзге шешен жігітіміз ЖАНБОЛАТ ӘДІЛДІ ортаға балабақшаға арнауымен қарсы алыңыздар.
Әділ:
«Кел балалар» деп шақырдың біздерді,
Армандарың көбейді ізгі енді.
Құлпырсын балабақшамыз алаға қарай
Кең құшағын толтырсын гүлге сәнді.
Ұшырдың баурыңнан алғаш түлек
Құлпырдым өзіңнен сан түлеп
Балабақшам мейірімді анамдай,
Қаларсың жолыма нұр тілеп.
Қарашы бүгінгі күн қандай
Қалайша қаласың нұрланбай
Вальске ілескен біздермен
Жер шары айналып тұрғандай.
Жиналамыз шат күлкімен бақшаға
Тең келмейтін ғажап мекен басқаға
Дәл осындай балабақша бар біздерде
Қоштасатын күн келді біздерге!
Малика: Рахмет Әділ, жарайсың!
Малика: Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп үйге қайтатын.
Сәби еді былдырлап,
Сағынышын айтатын.
Тілі таза бүгінде,
Жүгірмейді бүгінде
Жүгірмейді аптығып,
Жүректері тұр ма әлде,
Қоштасатын шақты ұғып.- дей келе «Айгөлек» мектеп алды даярлық тобының орындауында «Тәрбиеші апайым» әні.
Малика: Мектеп ана шақырады бізді алдан
Алдымызда әлі талай сан арман
Қоштассақта балабақшам сенімен
Санамызда өзің берген өнегең – деп қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебіздерін тыңдалық.
Ернұр: Бақшада бар жақсы адам,
Барлығы оны мейірбан деп мақтаған.
Әрқашанда басшы демей ол өзін,
Ортамызды күліп ойнап ұстаған.
Ұлан Жамбылұлымен әр уақытта мақтанам.
Алихан: Орын берген бақшадан,
Меңгеруші - жақсы адам
Сондықтан да біз үшін,
Артық өзі басқадан
Жеткіземіз біз ертен,
Болашаққа даңқынды
Меңгеруші апайым
Жанаргүл Сағидуллақызына
Бар баланың алғысы.
Сұлухан: Армандарды аңсаған,
Оқығанда тамсанам,
Тексеру үшін білімді
Байқауларды дайындап
Біздер үшін жан салған
Өзіңізді қимаймыз,
Сізге келіп тұрамыз,
Оянды ақыл санамыз.
Адалдықтың бастауын,
Сізден алып барамыз.
Әдіскер Рыскүл Ахметқызы
Сізге бізден мың алғыс.
Насреддин: Қайнаған су әкеліп
Іш деп дәрі береді
Жылтындатып инесін
Түршіктірер дененді
Дәрумен жеп қолынан
Өскен сәби баламыз
Медбике Венера Асанқызына
Алғысымыз көп біздің.
Зерде: Біздің үлкен бақшада,
Бар әсем бір асхана.
Бар онда аспазшы,
Ақ көңілді, жақсы апа,
Бізге керек қаймақ па,
Самса ма, әлде сорпа ма
Қажет тамақ балаға,
Үнемі тұрады ортада,
Аспазшы Жадыра Әмірханқызы
Бізден сізге мың алғыс!
Аружан: Таңмен жүзі нұрланып,
Әр баланы оятқан.
Бақшадан бір кешігіп,
Қалған күндер болмаған.
Қызылжар, Сити жолдарын,
Әр күн сайын тоздырған.
Нұрғазы Төремұратұлы жақсы адам.
Сізге бізден мың алғыс.
Малика: Нағыз қазақ, қазақ емес нағыз қазақ домбыра демекші «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» ТОБЫН «АЙНАЛАЙЫН АҚ МАМАМ» ӘНІМЕН қарсы алыңыздар.
Малика: Балалар сендер енді мектепке барасыңдар ойыншықпен ойнамайсыңдар, ойыншықтарыңды сағынасыңдар, қазір мен ойыншықтар туралы жұмбақ жасырып көрейін, бұл жұмбағымның жауабын қыздарымыз білу керек қане тыңдайық.
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. /Қуыршақ/ - ия қыздарымыз дұрыс тапты бұл қуыршақ екен, ендеше қуыршық сияқты қыздарымыз қуыршақтарын еске түсіріп «Қуыршақ» биін билеп берсін.
«Қуыршақ» биі
Малика: Балабақшамен қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебіздерін одан әрі жаслғастырамыз.
Айәділ: Тақпақты да жаттаймыз
Әнге, биге құмармыз
Ағылшын тілін үйреніп,
Ақ сенімді ақтаймыз.
Папа – father
Мама – mother
Ағылшын тілі біз үшін,
Ана тілмен пара пар.
Үйреткен Жансая Тойлыбайқызына,
Алғысымыз мол айтар!
Қайсар: Орыс тілі сабағын,
Барлық бала сүйеді.
Шыдай алмай тосамыз,
Орыс тілі сабағын.
Здравствуйте деген сөзіне
Мөлдіреген көзіне
Жанға шуақ жүзіне қараймызда
Ертегі, тақпақ айтшы деп
Гүлсая Ерғарақызынан сұраймыз
Үлкен алғысымызды біз сізге арнаймыз.
Аян: Тамылжытып ән салдыртып үйреткен,
Жүгіріп, жүріп талай билер үйреткен
Жазира Жылқыбаққызы сізге алғыс айтамыз,
Мың қайтара сәби бала жүректен.
Мансур: Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Керемет қой әніміз,
Мың бұралған биіміз.
Ерекше бізде бар бір апай
Біз қараймыз таңырқай
Ән үйрендік апайдан
Ешқашанда жалықпай
Гүлсана Қыдырбайқызына мың алғыс
Малика: Бөбек еді ол рас,
Кіп - кішкентай кешегі.
Бүгін міне, азамат,
Болды бәрі деседі.
Әріп танып, сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын.
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын!
- Ата аналар сіздер балаларыңыз ең алғаш балабақшаға келгенде қандай болғанын білесіздерме?
- Өздері жүріп келдіме?
- Ауыздарыңызда не болып еді?
- Ия дұрыс айтасыздар себебі балаларыңыз кішкентай болды, сол кездерін еске түсіріп көрейікші.
БИ: «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»
Малика: Тәрбиеші төзімді, мейірімді балажан
Балалықтың қылығына, кешіріммен қараған
Қуыршақ ойнап доп қуған бала тұлпар баптаулы
Әр баланың қылығы жадымызда жаттаулы - деп бүлдіршіндеріміздің тәрбиешілеріне арнаған лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ақылбек: Сүйген өз ұл - қызындай
Бөбегім деп аянбай
Мәпелеген біздерді
Аялаған анамдай
Жазу жазып үйреткен
Сандарды да жаттатып
Әріптерді оқытқан
Жақсы болсақ қуанған
Рыскүл Ахметқызына
Айтамыз біз мың алғыс.
Айшат: Баулап - баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Ұмытпаймыз өзіңізді
Әлпештеп бізді баптадыңыз
Ардақтап бізді мақтадыңыз
Сондықтан да біз үшін,
Жүрегімізде әрқашан сақталдыңыз,
Тәрбиеші апайым Малика Әлібекқызы
Ұмытпаймыз біз сізді,
Бізден сізге мың алғыс.
Ақбілек: Ботқа, сорпа, көже де,
Шанышқы, кесе тәрелке
Орындық, шкаф, төсекте
Бәрі өзі келе ме?
Соның бәрін табатын
Шаршамайтын күлетін
Зыр жүгіріп жүретін,
Раушан Сағынғалиқызына мың алғыс!
Батырхан: Әрқашан өзі тынбайтын
Мейірлене қарайтын
Меруерт Құтжанқызы
Жарқын жүзді жақсы адам
Бізден сізге мың алғыс!
Толғанай: On stage winner first international competition Best stars Bisenbaev Akilbek from the song Tauelsizdik Uranim
Малика: Енді, құрметті қонақтар бітіруші бүлдіршіндеріміздің өздерінің жолын басатын, өздерінен кейінгі бүлдіршіндерге білім кілтін тапсыру салтанатын жасауға рұқсат етіңіздер.
Бітіруші «Айгөлек» мектеп алды даярлық тобының атынан білімге деген талпынысы зор алғыр да, ақылды бүлдіршіні Шамшудинов Батырхан білім кілтін, алғыр да зерек «Күншуақ» ортаңғы тобының бүлдіршіні Наганова Мерейлімге аманат етіп тапсырады.
Батырхан: Қош «Кел балалар» бақшамыз
Естен кетпес есімің
Қош жарқыраған бақшамыз
Алғаш ашқан есігін
Еткен еңбек жемісі
Аяқталды деп санаңыз
Білім әлем көгінде
Қанат қағып ұшамыз
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып балабақшамен
Біріншіге барамыз
Мерейлім: Біз ғой әлі бүлдіршін
Мектепке әлі бармаймыз
Ақ жол тілеп сендерге
Ақ тілекті арнаймыз.
Жақсы оқып мектепте
Тәртіпті боп жүріңдер
Жаман қылық көрсетпей
Ден қойыңдар білімге
Батырхан: «Айгөлектің» білім кілтін
Ұстап өзім қолыма
Тапсырамын аманат қып
«Күншуақтар» тобына
Мерейлім: Қабыл алам аманатын
«Айгөлектің» тапсырған
Жақсы оқуға ант етеміз
«Күншуақтар» атынан
Малика: Рахмет балалар. Сіздердің мектепке барып озат оқушы болуларыңызға тілектеспіз және үлкен сенім артамыз. Сонымен бірге балабақшаға арнауымен ортаға Санжар, Ақдана, Арсен бүлдіршіндерімізді шақырамыз.
Арсен: Барамыз біз мектепке
Бір белестен өттік біз
Өсті міне бойымыз
Өсті ақыл ойымыз
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойымыз
Санжар: Үлкендердей тап - таза
Бормен жазар тақтаға
Үлгілі бала боламын
Жүретіндей мақтана
Тәрбие қонған баламыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып балалбақшамен
Біз мектепке барамыз.
Ақдана: Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
(Музыка қосылып сайқымазақтар шығады)
1 - ші сайқымазақ: Балалар біз қайда келдік?
- балабақшаға
2 - ші сайқымазақ: Сендер не тойлап жатырсыңдар?
- бізде бүгін қоштасу кеші болып жатыр.
1 - ші сайқымазақ: Сонда сендер мектепке кетейін деп жатырсыңдарма?
- ия
2 - ші сайқымазақ: Ой біз сендермен 5 - жыл бірге болдық, әр мереке сайын сендерге келіп тұрдық, енді нестейміз.
1 - ші сайқымазақ: Балалар сендерді қимаймыз. (отырып алып жылайды)
Алихан: Сайқымазақтар жыламаңыздар сіздер біздің әр кез жүрегіміздесіздер.
Сұлуан: Біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
1 - ші сайқымазақ: Распа, распа. Ендеше сендермен, ата - аналарыңмен ойын ойнайық.
Ойынымыз «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» деп аталады. Мен сендерге сұрақ қоямын сендер маған ия немесе жоқ деп жауап бересіңдер.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Нанды сөмкеге саламыз ба?
7. Ертеңгісін тұрамыз ба?
8. Мектепке бармаймыз деп жылаймыз ба?
9. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
10. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
11. Екі алғанда жылаймыз ба?
12. Оқушы біз боламыз ба?
13. Тісімді тазалап, беті - қолымды жуамын
2 - ші сайқымазақ: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаға мен ватсапта отырмын сабағынды өзің оқы дейсіз бе?
10. Түске дейін ұйықтап балаңыздың сабаққа кешігіп қалуына себепкер боласыз ба?
11. Бала үшін асулардан асасыз ба?
1 - ші сайқымазақ: Балалар жолдарың ашық болсын, мектепте беске оқыңдар сәттілік ілейміз.
2 - ші сайқымазақ: Сәт сапар балалар! Чао!
Гульсая: Встречайте на сцене победители гран - при в первом международном конкурсе «Би толкынында - 2018», победители 1го места в международном фестивале «Best stars», лауреаты первой степени в республиканском конкурсе «Fantastic Talent» группа «Айголек» с танцем «Ангел»
Малика:«АЙГӨЛЕК» ТОБЫН «АНГЕЛ» биімен қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Малика: Құрметті ата - аналар! Бүгін балабақшамыздан ұшып бара жатқан түлектерімізге тек қана ақ жол тілеп, білім көгінде қанаттары талмай самғай берсін деген тілек айтамыз. Келесі құттықтау сөз кезегін бақшамыздың меңгерушісі Жанаргүл Сағидуллақызына береміз. Марапаттау. (венетка және диплом) Ата - аналарға сөз беру.
ОРТАДА ТАМАША ӘН: «ОҚУДА ОЗАТ БОЛАМЫН» (Шармен) қабыл алыңыздар.
Малика: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді.
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңдіде сәби деп сүйетін,
Өздеріңді біз сағынып жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
Зерде: Осымен «Айгөлек» мектеп алды даярлық тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі аяқталды. Бүлдіршіндерімізге сәт сапар.
Гульсая: На этом наш концерт подошел к концу. Спасибо всем за внимание. Прощайте дети желаем вам всего только доброго!!! До скорых встреч.
Толғанай: Here it came our concert by the enol thanks to everyone for you attation until the next meeting.
"Қош бол сүйікті балабақшам" («Айгөлек» ересек тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі)
- malikadoskulova
- 23 маусым 2018
- 2704
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Қош бол сүйікті балабақшам, балабақшамен қоштасу сценарийі
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақшамен қоштасу
Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық...«Қош бол, балабақша!» ертеңгілік сценарийі
Құрметті жолаушылар, туристер! Біз ұшаққа отырдық, белдіктеріңізді тағып, ыңғайланып отырыңыздар. Бағытымыз «Күншуақ» балабақшасы. Салон ішінде тұрып...Қош бол – Әсем бақшамыз
Толқимын, толқып тұрсыз баршаңызда Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып қошеметтеп шақырайық Құрметтеп тәрбиешілерімізді ортамызға...Бақытты елдің балғындары
1ж: - Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз 3 жыл мәпелеп күтіп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,...Қош бол, сүйікті балабақшам!
Мерекеге сай безендірілген залға музыка әуенімен балалар келеді. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар мен ұжымдастар және...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.