Сайтқа кіру Тіркелу

«Не ұшады,секіреді, жүгіреді?»

Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстыру, баланың туған жерге деген сүйіспеншілігін, жанашырлығын арттыру, құстар, аңдар туралы түсініктерін одан әрі дамыту. Балалардың іскерлік қабілетін дамытып, олардың қоршаған ортадағы ерекшеліктерін танып-білуін, есте сақтау, ойлау және аңғарымдылық қабілетін дамыту.
Ұшатын, секіретін, құстар мен аңдарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Сөздерді анық айта білуге үйрету. Жан - жануарлар мен құстарды аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: дәстүрлі емес.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің типі: Жаңа білімді тиянақтау.
Көрнекілігі: қыс мезгілі бейнеленген плакат, суреттер, ойынға бетперделер (қарға, тиін, күшік).
Сөздік жұмыс: қарға, қарқ, тиін, жаңғақ, күшік
Балалар жарты шеңбер бойына тұрады. Ой, балалар, сендер бүгін қандай әдемісіңдер! Қане, балалар бір-бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.

Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!
Енді балалар, бәріміз орындыққа жайғасайық.
- Балалар айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, қыста не жауады?
- Қар жауады.
- Өте жақсы, қазір ауа-райы қандай болып тұр?
- Суық болып тұр, біз тоңамыз.
- Ия, тоңып қалмас үшін жылы, қалың киім киеді екенбіз. Балалар айтыңдаршы, біз далаға шыққанда қандай құстарды көреміз?
- Қарғаны, торғайды көреміз.
- Тақтадағы суреттерге қараңдаршы, қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Қыс мезгілі
- Мына жерде не көріп тұрсыңдар?
- Қар басқан үйді, үйшікті, қар басқан талды көріп тұрмыз.
- Балалар, менің қолымдағы ненің суреті?

- Қарға-
- Қарға деп бәріміз қайталайықшы.Қарғаның тұмсығы бар, тұмсығымен су ішеді,жем шоқып жейді. Қарғаның қанаты бар, қанатын жазып ұшады. Қарға қандай дыбыс шығарады?
- Қарқ-қарқ деп дыбыстайды.
- Қарға аспанда қалай ұшады, қимылын салып көрейікші.
(Балалар қарғаның қимылын салады)
- Балалар, мына суретке қараңдаршы бұл тиін, қане қайталайықшы.
- Тиін.
- Тиіннің жүні үлпілдек, өзі сондай әдемі аң. Тиін жаңғақ жейді, қане бәріміз жаңғақ деп қайталайықшы.
- Жаңғақ.
- Тиін талдан-талға жеңіл секіреді.(Талға тиінді қою)
- Енді тиіннің қимылын көрсетейікші.
(Балалар тиіннің қимылын салады)

Ал мынау күшіктің суреті. Күшіктің де жүні жұмсақ, әдемі, сүйкімді. Қане күшікке ат қояйықшы. Күшікке Ақтөс деп атайық. Ақтөс ет, сүйек жегенді жақсы көреді. Олар адамның досы. Егер үйге бөтен адам келсе үреді. Күшіктер қайтып үреді?
- Аф-аф деп үреді.
- Ал енді, балалар, Ақтөстің қимылын салайықшы.
(Балалар күшіктің қимылын салады)
- Балалар қарға ұшады екен, ал тиін секіреді екен, ал күшік болса жүгіреді екен. Енді біз «Не ұшады, секіреді, жүгіреді» ойынын ойнап жіберейік. Менің қолымда қарғаның, тиіннің, күшіктің бетперделері бар. (Балалар бетперделерді киіп, соған сәйкес тағамдарын тауып әкеледі)
- Жарайсыңдар, балалар, барлығың да ойынға жақсы қатыстыңдар!

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі.
Меңгеруі: Ұшатын, секіретін, жүгіретін сөздерінің мәнін түсініп, сондай қимыл жасайтын жануарлар мен аңдарды ажыратады.
Жасай алуы: Тапсырманы орындап, қимыл-әрекетін жасай алады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×