Сайтқа кіру Тіркелу

Мамандықтың бәрі жақсы

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Б: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.
Д: Көлік, мамандық туралы білімдерін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешіп, тақпақ айту арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік қорларын дамыту.
Т: еңбекке деген қызығушылықтарын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: Мамандық
Әдіс тәсілдер: Слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойындар
Көрнекіліктер: слайд, видео, мамандар суреті, үлестірмелі материалдар

Билингвалды компонент: Мамандық - профессия, дәрігер - врач, аспазшы - повар, құрылысшы – стройтель
Балаларды ізденушілікке қызықтыру
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер мұқият тыңдап кім туралы екенін айтасыңдар?
1. Қолында қайшы тарағы,
Тәртіпке шашты салады
(шаштараз)

2. Сауықтырар сырқатты
Жылы үнімен тіл қатты (дәрігер).

Ендеше бүгінгі жаңа өтетін жаңа тақырыбымыз «Мамандықтың бәрі жақсы»деп аталады.

Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз,, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист, т. б көптеген мамандықтар бар.
Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін білім мен еңбекке деген сүйіспеншілік қажет.
Тақтадан балапан арнасын көру
«Мамандықтар» мультфильмін көрсету.
Слайд көрсету арқылы әңгімелеу, түсінік беру. балалардан сұрау
Шаштараз - бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді
Дәрігер - ақ қалатты абзал жан, адам баласының арашасы адамдарды емдейді, шипасын тигізеді.
Мұғалім - әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам.

Аспазшы - дәмді тағам пісіретін(маман иесі). Жүргізуші - баратын жеріңе тез жеткізіп салатын, адамға қамқор болатын жан.

Құрылысшы - зәулім ғимараттар, қабат - қабат үйлер салатын маман иесі.

Міне мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр маман өзіне тиесілі жұмыстарымен шеберліктерімен ерекшеленеді. Ал енді балалар сендер маман иелерін тек тақтадан көрдіңдер. Осы маман иесінің осында келгенін қалайсыңдар ма?
Қандай маманды шақырғыларың келеді?
Олай болса дәрігер бөлімшесіне 103 ке телефон соғайық(бір балаға тел соққызу)
Құрылысшы ағайдың номері менің қалта телефонымда бар. Мен өзім тел соға қояйын.
Тосын сәт: Жедел жәрдем машинасының дауысы.
Дәрігер мен құрылысшы келуі.
Дәрігер: Сәлеметсіздер ме! Дәрігерлік бөлімшеге телефон соғыпсыздар. Жол жиегінде қол көтерген құрылысшы ағайды мінгізіп алсақ бұл кісіде осында келе жатыр екен.
Тәрбиеші: саламатсыздар ма? Қош келдіңіздер.
Құрылысшы: Сәлем балақайлар.
Екі топқа бөлініп дәрігер қыздармен ал құрылысшы ұлдармен жұмыс жасайды, ойын ойнайды
Дәрігер: Сіздің бір жеріңіз ауырып мазалап жүрген жоқ па. дәрігерге соңғы рет қашан қаралдыңыз?
Науқас: Саламатсыз ба! Мені мазалап тұрған жерім ішім ауырып, сізге қаралуға келдім, маған қандай кеңес бере аласыз?
Дәрігер: сараптама қорытындысы керек. Мазалаған жеріңізге көп уақыт болды ма?
Сараптама қорытындысы, соңынан сізге ем беріледі?
Науқас: рахмет, дәрігер міндетті түрде келемін. Сау болыңыз Дәрігер кеңес беру: балалар ата - ананың рұқсатынсыз, үйдегі дәрі - дәрмектерді алуға болмайды.
Ауруға ем іздегенше, ауырмайтын жол – ізде.
Құрылысшы: Мен сендерге өзімнің жұмысымның бір бөлігімен таныстырайын. Мен осылай тас қалаймын. Кәне кім тас қалағысы келеді.
Құрылысшы балалармен бірге тасты қалап жасап көрсетеді.(шелекке салынған цементті кішкентай күрекшемен алып тас қалайды)
Сендер жақсы балалар екенсіңдер. Бірақ біздің жұмысқа баратын уақытымыз болды. Сау болыңдар.
Балалар сендер балабақшаға келгенде кімдерді көресіңдер?
Сендерге таңғы жаттығуды кім жасатады?
Суреттен және музыкадан кімдер береді?
Осы маман иелерін басқаратын басшы болады Балабақшамыздың басшысын білеміз ме?
Балалар біздер мамандар туралы тақпақ айтамыз ба, кәне кім айтады?
1. Қолда темір қалпағым,
Саздан сарай қалады.
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.
2 Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін.
3. Ақ ниетті адамға,
Жақын болғым келеді,
Жолда өткізер көп күнді,
Шофер болғым келеді.
4. Жыры жеткен ғаламға,
Ақын болғым келеді.
Талай жерге әйгілі,
Әнші болғым келеді.
Сергіту сәті: Тақтадан «Көңілі күн»
Ойлау қабілетін дамытуға байланысты ойын:
«Мамандық құралын тап»
Балаларға тақтадағы ілулі тұрған мамандық иесіне тиесілі құралын тауып қасына жапсырту.
Билинг компонент: слайдпен «Мамандықтар»

Дидактикалық ойын: (Жеке жұмыс.)
"Әр мамандық иесінің тиісті көлігін тап"
Ән: Дәрігер.
Сонымен мамандық дегеніміз – жұмыстың түрлері, ал мамандық иесі дегеніміз – ол жұмыс жасайтын адам екен.

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы
"Нұршуақ" бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Шурағалиева Жұпар Ниғметоллақызы

Мамандықтың бәрі жақсы жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандықтың бәрі жақсы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру М, Н дыбыстары

Мамандықтың бәрі жақсы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру М, Н дыбыстары

Мақсаты: 1. білімділік Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейту. 2. дамытушылық Сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту....
Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі керек

Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі керек

Мақсаты: Үлкендердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту, құрметтеуге, бағалауға үйрету. Сүрет бойынша «Мен кім боламын?» әңгіме құрастыру. Еңбекке...
Мамандықтың барі жақсы

Мамандықтың барі жақсы

Мақсаты: әр мамандық иесі туралы, олардың пайдаланатын құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Мамандық атаулары туралы мағлұмат бере отырып,...
Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Степногорск қаласы, №2 Ақсу орта мектебі Мектепалды даярлық сыныбы: Акназарова Ф. Е....
Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Бисенгалиева Шаттық Жумаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×