Сайтқа кіру Тіркелу

Өрнек әжеге қонаққа барамыз

Ұйымдастырылған оқу - қызметі
Тақырыбы: «Өрнек әжеге қонаққа барамыз»
Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат беру.
Білімділік: Балалады қазақ халқының қол өнерімен таныстыруды жалғастыру. Қоғам өміріндегі еңбектің, халық қол өнерінің рөлін түсіндіру. Дәстүрлі емес әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, ою – өрнекті
жапсыруды үйрету. Қайшымен жұмыс жасауды үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық: Баланың есте сақтау қабілетін, саусақ ұсақ бұлшық еттерін, зейінін аударуын, елесін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтың қолөнерін құрметтеуге, өнердің мәңгі өшпейтін ою - өрнектердің сыры мен қырын білу арқылы, балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Киіз үй, үй жабдықтары, ұлттық киім-кешектер мен бұйымдар, қазақтың ою - өрнектері бейнеленген суреттер, әр балаға үлестірмелі материалдар, желім, сулық.
Билингвальды компонент: ою - өрнек – орнамент, киіз үй - юрта.

Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Жүрек жылуын салайық.
Жиналған бар жылуды,
Қонақтарға шашайық.
Ғажайып сәт:
Ішке көңілсіз болып қошқар мүйіз оюы келеді.
Тәрбиеші: Балалар бұл қошқар мүйіз оюы емес пе? Ою сен неге көңілсізсің?
Қошқар мүйіз оюы:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен Өрнек әженің Қошқармүйіз оюымын. Мен
достарымнан ажырап қалдым. Сендер маған достарымды табуға
көмектесесіңдер ме?
- Ия, көмектесеміз.
Қошқар мүйіз оюы: Рахмет, балалар!
Тәрбиеші: Балалар ауылға баратын жол алыс. Ат арбамен барамыз.
Балалардың барлығы ат арбаға мінеді.
Музыка әуенімен ауылға жетеді.

- Міне, Өрнек әженің үйіне де келдік.
Өрнек әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қош келдіңдер!
Балалар әжемен амандасады.
- Сәлеметсіз бе?
- Қалыңыз қалай, Өрнек әже?

Әже: жақсы, бірақ мен далаға көңілді оюларымды ойнатуға шыққам, қошқар мүйіз оюымды таба алмай қалдым.
- Өрнек әже сіз қамықпаңыз. Біз сіздің адасып қалған көңілді оюыңызды ала келдік.
- Сендер мені бір қуантып тастадыңдар. Келіңдер, төрлетіңдер.
- Балалар, қараңдаршы, Өрнек әженің үйі әдемі ме? Әженің үйі қалай
аталады?
- Ия ұнайды. Киіз үй.
- Бұл үй ою - өрнектерден әсемделіп жасалынған. Бұрынғы кезде біздің ата —
бабаларымыз осы киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық; киім-кешектерге — кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.
Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою — өрнексіз болмаған. Бүгін мен сендерге ою — өрнектің көптеген түрлерімен таныстырамын. Өрнек әже балаларға оюлар түрін көрсетіп, олардың мән - мағынасымен таныстырады.
- Ою - өрнектің мазмұндық ерекшелігі бар. Тарихы мол өнер. Ирек - су, дөңгелек - ай, құсқанаты оюы – еркіндік, азаттық, бейбітшілік, қошқар мүйіз оюы - молшылық, байлық - мазмұнын берген.
- Өрнек әже, біздің балаларымыз ою - өрнек, өнер туралы тақпақтар мен
мақалдар біледі.
Балалар тақпақтар айтады.
Қол таңбасын әжемнің анық көріп,
Бұл кестенің сырына қанық болып,
Өнерімен өзгелерді тамсандырған
Қошқармүйіз өрнегін салып беріп.

Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз»,
Орын алар тұрағы, көрпе - киіз.
Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде,
Көз тартып құбылады оюымыз.

Ою — өрнек дегенде ою — өрнек
Көріп жүрміз күнде біз.
Алашада, кілемде, киізде ою — өрнек
Бүгінгі күн жоғалмай ұрпақтарға
Жалғасуда ою - өрнек.

Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Өнер тамған - он саусақ, үзілмейтін ырысын.
Өнері жоқ - он саусақ, бар болмай - ақ құрысын.

Шебердің қолы – алтын.
Шешеннің сөзі – алтын.

Ою ойған сызу да сызады.

Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады.

Әжем өрнек тереді.
Сырмақ отыр оюлап,
Басы ауыра береді.
Шай ішпесе, қоюлап.
- Жарайсыңдар, балалар. Мен сендерді өз шеберханама шақырамын. Сендерге оюлап әдемі көрпеше жасауды үйретемін.
Үстел үстінде жапсыруға қажетті қажетті құрал жабдықтар.
Өрнек әже балаларға әдемі көрпешені жапсыру әдісін түсіндіреді.
Балалар өз бетінше жұмыс жасауға кіріседі.
Жұмыс соңында Өрнек әже балалардың жасаған жұмыстарын қарайды.
Тәрбиеші: Өрнек әже, балалардың жасаған жұмыстары сізге ұнады ма?
Өрнек әже: Ұнады. Балалар мен сендерден қонақ кәде сұрағым келіп отыр. Қандай өнерлерің бар?
- Біздің қыздар «өрнектер биін» билейді.
Өрнек әже: Рахмет, балалар! Маған билерің қатты ұнады.
Тәрбиеші: Өрнек әже сізге көп рахмет! Біз сізге әлі де келеміз
Сау болыңдар!
Балалар арбаға мініп, Балабақшаға оралады.
- Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
- Біз қайда бардық? Қандай оюлармен таныстыңдар?
- Қане, көрсетейік:
Бас бармақты бассам егер,
«Ботакөз» боп шығады.
Алақанды ашсам егер,
«Бестаңба» боп шығады.
Егер жұмсам алақанды,
«Тарақ» оюы шығады.
Оюларды білетін,
Мен қазақтың баласы.
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші
Оразбаева Мархаббат Балталиевна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сиқырлы сандық

Сиқырлы сандық

Ерте, ерте ертеде әдемі киіз үйде ата мен әже өмір сүріпті. Бір күні әже атаның көрпешесі жоқ екенін байқап оған көрпеше беруді ұйғарыпты. Әже...
Ұлттық ою - өрнек сыры

Ұлттық ою - өрнек сыры

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, № 2 К. Э. Циолковский атындағы мектеп мұғалімі Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы...
Ою - өрнектің тарихын зерттеп білу

Ою - өрнектің тарихын зерттеп білу

“№21 Жалпы білім беретін орта мектебі” КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1 “В” сынып оқушысы Наурызбаева Айгерім Ғылыми – зерттеу жұмысының...
Торсықты әшекелеу

Торсықты әшекелеу

Мақсаты: Балаларды Қазақтың ұлттық ою өрнектерімен таныстыра отырып ұлттық өнерді сүюге. еңбекке тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін...
Ою-өрнек

Ою-өрнек

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақшасы Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Шығармашылық Тақырыбы: "Ою - өрнек" Тәрбиеші:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×