Сайтқа кіру Тіркелу

Балабақшада ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдері.

Балабақшада ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдері.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жасаған жолдауында: «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деп атап көрсеткен болатын.

ХХI – ғасырға байланысты баланың дамуына ойын арқылы өз халқының салт - дәстүрлерін бойына сіңіруге арнайы балалар ойнайтын жас ерекшеліктеріне байланысты ойын ортасын құра отырып, балаларды ойната отырып, дамыту қарапайым дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық құзыреттілігін арттыру өзектілігі туып отыр.

Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңде басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Қазақ халқында «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар.
Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс - салт, әдет - ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы танымы, түйсігі қалыптасады.

Ойын – баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда қиындығы жоқ, оп - оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді - мағыналы істер туындап өрбитінің байқаймыз. Өйткені, ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын – бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің бастауы деп білеміз. Өйткені, болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарының шыңдай түседі.
Жазушы Е. А. Аркин өз сөзінде былай деген екен: «Балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта - тәрбиелеуге міндеттіміз».
Балаға білім беруде ойын арқылы жан - жақты дамыту жүйесін құру
проблемасы туып отыр. Білім жүйесін жаңаша ұйымдастыру кезінде баланы
дамыту, қалыптастыру сапалы білім беру үрдісін дұрыс ұйымдастыру
қажеттілігі тууда.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде оқу - тәрбие үрдісін іске асырудың бір жолы балаларды ойын арқылы оқыта отырып дамыту. Біздің тобымызда ойын арқылы оқытуды жаңаша ұйымдастыру дәл қазіргі уақытта қажет деп отырмыз.
Ойын - бала үшін оқу да, еңбекте. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
В. Сухомлинский: “Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін
қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жаңар оты” деген ой айтады.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді; екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізгі, жалпы мәні де осында.
Ойын жөнінде айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандағы эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген дәуірдің өзінде - ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан.
Сондықтан да, қазіргі заман талабына сай бала тәрбиесінде, балалар ойындарына ерекше мән беріліп отыруы тиіс деп, ойлаймыз. Егер, біз осы бағдарлама жазғандай балалармен ойын арқылы жұмыс жасайтын болсақ, онда біз баланың құндылығын, жан - жақты білімді болуын дамыта отырып, мақсатқа жетер едік.
Ойынмен ұйымдастырылған іс - әрекет балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктерімен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.
Ойын – балалардың негізгі іс - әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды - бейнелі, қимыл - қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды - бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал - жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс - әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс - әрекетке бағдарлайды. Осындай нәтижелердің арқасында үлкен еліміздің білімді ұрпағын тәрбиелеп шығуына көптеген септігін тигізері анық.
Осы мақаланы жазуға себепкер болған мынадай әдістемелік құралдар мен әдебиеттердің арқау болды. «Балаларым - бақытым» атты авторы О. Асқар және «Балалық шақтың ойындары», авторы С. Мәуленовтың әдеби шығармаларды ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепалды оқу - тәрбие үрдісінде пайдалануға ұсынған. Қ. Ибрагимовтың «Жас дарындар» мектепалды топтарға арналған әдістемелік - құралдың жиынтықтарының ересек балалардың білім деңгейін жоғары көтерудегі бірден - бір құрал екендігіне көз жеткізілді. Осындай әдістемелік құрал жиынтықтарының мектепке дейінгі мекеме балаларының жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру арқылы жинақтау себепкер болып отыр.
Бұл жинақта қарастырылған мәселелерге тоқталып өтетін болсақ, балалардың тәлім - тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінген. Мектепке дейінгі жүргізілетін дайындықтар баланы оқу - білімге дайындап қана қоймайды, сонымен бірге оның болашақ өмірінің іргетасын қалайды. Іргетасы берік болған оқу - білімнің болашағы да зор болмақ.
Мен өзімнің педагогикалық тәжірибемнен ойын арқылы балалардың тілін дамыту жолдарында төмендегідей мақсат пен міндеттерге сүйене отырып қызмет көрсетудемін.

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы КМҚК тәрбиеші
Дюсенбекова Айткул Тапеловна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №35 «Шұғыла бөбекжайы» ағылшын тілі мұғалімі Джармағамбетова Гульбану Темирханқызы...
Бала тілін ойын арқылы дамыту

Бала тілін ойын арқылы дамыту

Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық...
Мектеп жасына дейінгі балаларға қолданылатын ойындардың тиімділігі

Мектеп жасына дейінгі балаларға қолданылатын ойындардың тиімділігі

Ортақшыл ауылы, «Балақай» балабақшасының психологы Кулмагамбетова А. С....
Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту

Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту

Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шапейқызы Жайнағалам...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×